Салт-дәстүрге арналған сабақтар: №1 «Салтын сүйген-халқын сүйер». №2 «Сәндік құрақ құрау».

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Аудандық оқушылар үйінің «Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі Сериева Сәуле Абдулдақызының ұйымдастыруымен өткізілген.

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт- дастүрін, мәдени мұрасын, окушылар бойына дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыз-дың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі-түсті шарлармен безендіріледі.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ ауылының көрінісі бейнеленген сюжетті суреттер. Нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ.Негізгі бөлім.
а). Жүргізуші сөзі
ә). Оқушылардан сал–дәстүр, әдет–ғұрып туралы білімдерін тереңдету үшін ойын арқылы сұраққа жауап беру.
б). Саяхатқа шығу. Киіз үйдегі сұрақтарға жауап беру арқылы жылжып жүреді.

Сәләметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Көркемөнер» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткізілгелі тұрған «Салтын сүйген-халқын сүйер» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт-дастүрін, мәдени мұрасын, окушылар бойына дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт- дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халқымыздың тарихын, тәлім-тәрбиесін негіздей отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана сезім көзқарасын қалыптас-тыруды мақсат ету.

1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкүм, халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болған берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрін жегін.

2-жүргізуші:
Сәлем, анам, алтын күн,
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза бол,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.

1-жүргізуші:
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.

2-жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

-Ал, ендеше, балалар! Біз бүгінгі сабағымызда бойымыздағы бар білімімізді жолымызға азық етіп, жолсерігімізбен «Салтын сүйген-халқын сүйер» ауылына саяхатқа барамыз. Бәріміз саяхаттан қалмай керуенімізбен саяхаттау үшін мына конверттердегі тапсырмаларда орындауымыз керек.

1 тапсырма: -Біз атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?
/Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат. т.б./

2 тапсырма: Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?
/Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той,

Ендеше оқушылар керуенімізді бастамай тұрып алдымен киіз үй туралы не білеміз, соны біле кетейік.

Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар?
Киіз үй неше қанатты болады?
Кереге дегеніміз не?
Уық дегеніміз не?
Шаңырақ дегеніміз не?

Ал, ендеше керуенімізге барайық. 1 киіз үйдің сұрағын оқиын.

1-аялдама. «Сөздің басы сәлем»
Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары. Қазақ халықындада амандасу мен жөн сұрасудың өзіндік дәстүрлері бар, осы жайында не айтуға болады?

2- аялдама. «Кісі күту-қонақжайлылық»
-Халықымыз «Қонақ келсе қоң етін кесіп беретін қонақпыз» -деп бекер айтпаған. Қонақ келсе шабылып қаламыз. Ертеде әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінен қонақ асын жеп кететін болған. Ертеде алаш хан деген хан бар дүние мүлікін, малын тең төрт бөлікке бөлген екен, үш бөлігін үш баласы- Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзге беріп төртінші бөлігін қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қалдырыпты.
-Құдайы қонақ дегеніміз кімдер?
-Мейман қонақ дегеніміз кімдер?

3 – аялдама. «Қонақ кәделер жасау»
-Халықымыз үйіне келген қонақтарын қалай күткен?. Қонақтарды үйге кіргіземіз, қолдарына жылы су құйып, астына таза жұмсақ төсек салып, астың дәмін алдына қойып жағдайын жасап жылы жерге төсек салып береміз. Қонақ кәделер жасап өнерлерімізді көрсетеміз. Мысалы ән, би.

2- жүргізуші: Ән Егемен елім әні: Қайрат Жүнісов.

4 – аялдама. «Ұлттық ойындар»
-Халқымыздың қандай ұлттық ойындарын білеміз?
(Алтыбақан, Қыз қуу, Көкпар, Қыз қуу, Алтын сақа, Ақ сүйек т.б)

5- аялдама. «Қазақтың ұлттық тағамдары»
-Халқымыздың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
(Ет асу, Қазы, Ірімшік,Жент, Қымыз, құрт т.б)

6-аялдама. «Туыстық атаулары»
Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша азаматтардың үш жұрты болады Олар өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Қазақ үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», – деп жақын тартыпжүрген. Сұраса келе қазақ туыс болған.

Ата, Әже, Апа, Әке, Бала, Тұңғыш бала, Кенже бала, Немере, Қарындас, Іні, Аға, Қайны, Абысын, Келін, Жеңге, Бөле, Бажа, Құдаша, Күйеу, Жезде, Балдыз, Дос, Сырлас, Құрдас дегеніміз кімдер? /Оқушыларға жеке-жеке сұрақтар қою/

7- аялдама. «Қонақтарды шығарып салу»
Үйімізге келген қонақтарды қалай шығарып саламыз?
-Қонақ мейманды қарсы алу, күту шығарып салу рәсімдері қонақ күтумен бірдей. Бірақ, әрбір мейманың сыйласымдымдылық дәрежесіне қарай қонақты шығарып салу кезінде оған сый-сипат көрсетіп, жолжоралғы жасау(ат мінгізу, шапан жабу, жол сыбағасын беру т.б) отбасы міндеті болып табылады.

8– аялдама. «Бата»
Бата дегеніміз не?
«Батамен ел көгерер, еңбекпен жер көгерер» Үлкендердің алды-нан кесе өтпей, жол берсең үлкен кісі сол кезде «үлкен жігіт бол, бақытты бол»-деп батасын береді. Қонағын жақсы күткен үй иесіне, келген қонақ риза болса, сол кезде қонақ үй иесіне бата береді. Той соңында дастархан батасы беріледі.
/оқушылардан бата сұрау/

1-жүргізуші:
Біздер бұрын көрмеген,
Салт – дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп
Заманымды өрлеген.

2-жүргізуші:
Егемен болмай ел болмас,
Етек-жеңі кең болмас,
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Ән «Қазағымның дәстүрлері ай» хормен айтылады.


Сабактың такырыбы: «Сәндік құрақ құрау»

Сабақтың мақсаты: Сәндік құрақты құрау жолдарын үйрету
Білімділік мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегел әдет ғұрпын салт-дәстүрін, мәдени мұрасын, окушылар бойына
дарытып, іскерлікке баулу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың талғамдық қабілетін арттыру,ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, шығармашылық қабілетін
дамыту.  Пәнге деген қызығушылығын, таным белсен-ділігін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Эстетика-лық тәрбие беру. Теориялык білімдерін ұштастыра
отырып, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Өтетін орын түрлі-түсті шарлармен безендіріледі. Құрақ корпешенің суретті үлгілері.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, жеке дара жұмыс, пысықтау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Математика, еңбек, бейнелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Қалам, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз,қайшы, мата, ине, жіп.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгелдеу.
б) Сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Үйге тапсырма беру.
а) Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ә) Сұрақ-жауап

ІІІ.  Жаңа сабақ.
Оқушылармен сәлемдесіп. Жаңа сабақ бастамас бұрын өткен
сабаққа шолу жасаймыз. Өткен сабақта біз құрақтың түрлерін өткен болатынбыз. Құрақтың неше алуан түрі болады сегіз жапырақ, ши құрақ, шексіздік құрақ, алты жапырақ құрақ, ою құрақ, геометриялық денелер құрағы тағы басқада түрлерін өткен болатынбыз. Өткен сабақты қайталап болып жаңа сабақ өтеміз, жаңа сабағымыздың тақырыбы «Сәндік құрақ құрау» деп аталады.
– Құрақ құрау дегеніміз не?
– Құрақ құрау – дегеніміз ол әр түрлі қиынды маталарды бір-бірімен құрастыру, яғни қалдық маталарды немесе арнайы пішілген маталарды құрастыру арқылы жасалған сәнді көрпешелерді айтамыз.
Құрақ құрау өнері ертеден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Екі немесе оданда көп маталарды бір-бірімен келтіріп тіге берсе құрақтың түрлері шыға береді.

Ал оқушылар сендер бұл құрақ туралы не білесіңдер мына сөзжұмбақтарды шешіп алайық
Қ
Ұ
Р
А
Қ
Қобызды ойлап тапқан /Қорқыт/
Жіп иіретін әжемнің құралы /ұршық/
Жансыз заттардан құралған суретшінің шығармасы /натюрморт/
Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі? /Карта/
Есту мүшесі /Құлақ/

Ү. Сарамандық жұмыс.
Барлығыңда менімен біріге отырып, мына құрақты құрап шығайық бұл математика сабағында пайдаланып жүрген фигуралар.
Қауіпсіздік ережесін сақтаңдар, Біз қазір қайшы, инемен жұмыс жасаймыз. Қайшыны келесі оқушыға берерде сап жағымен беруіміз керек. Қайшыны ашық қалдырмау керек. Инемен жұмыс жасағанда инені арнайы түйреуішке немесе жіпке түйреген жөн. Инені ұзын сабақтамау керек, келесі оқушыға кедергі боламыз. Инені келесі адамға көзі бар жағын береміз.
Ал ендеше оқушылар, бәріміз бірігіп жұмыс жасайық.. Алдымен өзімізге қажетті құралдарымызды дайындап алайық., сонан кейін қызыл түсті және сары түсті матамызды қиып алайық, Матамызды бүктеп ұзынша етіп дайындап аламыз, сонан кейін бір бұрышын алып еніне қарай бүктейміз, артық жерін қиып тастаймыз. Мата ұшын келесі жағына қарай бүктейміз, артық жерін қиып аламыз. Осылайша маталарымызды біріншісін, екіншісінен ұзынша етіп қиып аламыз. Сонан кейін тігіске кірісеміз.

Құрақ құрауды алдымен ортанғы матадан бастаймыз. Алдымен тік төрт бұрышты матамызды аламыз, сосын оған сары түсті үш бұрышты матаны тігеміз. Сары матамызды тігіп болып, келесі қызыл түсті матамызды тігеміз.Сонымен осылай құрақты жалғастырамыз.

Ү. Сабақты қорытындылау.
Құрақ адамды үнемділікке үйретеді, кішене мата қиындысынан сәнді зат жасау өмірге қабілеттілікке тәрбиелейді. өз қолдарыңмен жасаған жұмыстар әрқашан ыстық болады. Сондықтан жиі-жиі тігінмен, құрақ құраумен айналысыңдар.

ҮІ. Оқушыларды бағалау.
Оқушылардың жұмысын тексеріп, ережелердің сақталуына, жұмыстың ұқыптылығына қарай бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма:
Үйден аяқталмаған жерлерін аяқтап келу. Келесі сабаққа матамен жұмыс жасаймыз.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Один комментарий

  1. Сериева Сәуле

    Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
    Аудандық оқушылар үйінің «Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі
    Сериева Сәуле Абдулдақызының ұйымдастыруымен өткізілетін

    Сайыстың тақырыбы: «Сырласайық, жеңеше!»

    Сайыстың мақсаты: Сайысты өткізе отырып. Келіндердің ізет-тілігін, инабаттылығын, қайын сіңілісімен достығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу. Жеңгей мен қайын сіңіллер арасында достықты, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты нығайту. Танымдық қабілетін арттыру.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.