Математика. Мәтінмен берілген есептер.

Жамбыл облысы, Шу қаласы, «Жібек жолы» мектеп-лицейі, математика пәнінінң мұғалімі Жабаева Гүлжан Самбетқызы.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды күнделікті өмірдегі экономикалық түсініктерді ұғынуға, математика сабақтарында алған білім дағдыларын өмірде тиімді қолдануға үйрету.
Дамытушылық: Мәтінмен берілген есептерді шығару арқылы оқушылар айналадағы заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін түсіну, математиканың өмірдегі, техникадағы, өндірістегі байланыстарын анықтау.
Тәрбиелік: Оқушыларды үнемділікке, іскерлікке, табандылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың жабдығы: интерактивтік тақта, бағалау парағы. Сабақтың көрнекті презентациясын көшіріп алыңыз.
Пәнаралық байланыс: Физика, химия, география, экономика т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІV. Өткенді пысықтау. Үй тапсырмасы мына есепті шығару арқылы саяхатқа қанша адам шығатынын анықтау керек болған.

Саяхатқа шығу үшін ақша жинау керек болды. Әр саяхатшы 15 тенгеден өткізсе, барлық шығынға 40 теңге жетпейді, егер 20 теңгеден өткізсе, онда 40 теңге артылып қалады. Саяхатқа қанша адам шығады?

Үй тапсырмасын тексеру арқылы біз саяхатқа 16 адам шығатынымыз анықталды.

Балалар, біз бүгін Тараз қаласына саяхатқа барамыз. Саяхатқа шығу үшін бізге қаражат қажет болады. Олай болса банктен ақша алу, егер мына есепті шығара алсақ онда банк бізге қажет ақшаны береді.

Есеп: Егер банктен алатын ақшамыздан оның бөлігін азайтып, осы айырмаға санның бөлігін қоссақ, онда 9,3 саны шығады. Берілген ақшаны табыңыз?

Ақшамызды алдық, енді жолға азық – түлік алуымыз керек. Азық – түлік алу үшін дүкенге барамыз. Тауарға қанша ақша жұмсайтынымызды анықтап алу үшін мына есепті шығару керек.

Есеп: Тауарды 1386 мың теңгеге сатып алғанда 10 % пайда болды. Тауардың өзіндік құнын табыңыз?

Қажет азық –түлігімізді алып болсақ, онда жолға шығайық. Тараз қаласына баратын екі жол бар екен бізге ендеше төмендегі есепті шығару арқылы тиімді жолды таңдап аламыз

Есеп: Екі қаланың ортасын қосатын екі жол бар. Машинаның жылдамдығы 100 км/сағ болса, автокөлікті бірінші жолға 2,5 сағат, ал екінші жолға 3,5 сағ жіберілді. Екі жолдың ара қашықтығының айырмасын өрнек түрінде есепте.

Тараз қаласына келіп қалдық. Тараз –облыстың әкімшілік орталығы. Бұл –Ұлы Жібек жолында салынған ежелгі қалалардың бірі.Сол уақыттардың өзінде ол маңызды рөл атқарды. 1936 жылға дейін Әулие – Ата, 1936-1939 ж.ж. аралығында Мирзоян қаласы деп, ал 1938 жылдан бері айтыскер ақын Жамбыл атамыздың есімімен аталып келді. 1998 жылы қалаға өзінің тарихи атауы қайтарылды. Қазір қалада ірі фосфат тыңайтқыштарын шығаратын, шақпақ қант және ет өнімдерін шығаратын зауыттар бар.

Бірінші хим зауытына барамыз. Тапсырманы орындау арқылы бізге зауттың есіге ашылады.

Есеп: Фарфор дайындау үшін гипс, құм, ақ балшық қажет. Егер гипс құмға қарағанда 12,5 есе аз алынатын болса, 2160 кг фарфор дайындау үшін қанша гипс керек?

Республикамызда химия өнеркәсібінің барлық басты салаларын дамытуға қажетті шикізаттар мол. Жамбыл суперфосфат зауытының өндірістік қуаты едәуір. Сондай- ақ мұнда күкірт қышқыл өнеркәсібі бар. Көлемі жағынан өте үлкен. Химия өнеркәсіьінің салалық құрамы өте күрделі, ол кен химисы, негізгі химия және органикалық синтез бен полимер химия салаларынан тұрады.

Зауытты көріп болсақ ары қарай қант зауытына барамыз. Қант зауытына кіру үшін келесі тапсырманы орындауымыз керек.

Есеп: 1 га жерден жиналған қызылшадан орта есеппен 25 ц қант алуға болады. Ұзындығы 1,54 км, ені 0,829 км тік бұрышты егістіктен жиналған қызылшадан қанша қант алуға болады?

Техникалық дақылдар тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріне шикізат береді. Олардың қалдықтары малға жем ретінде пайдаланылады. Біздің еліміздегі негізгі техникалық дақылдар – мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.

Қант қызылшасы – қоңыржай белдеудегі бірден-бір қант алынатын шикізат. Ол жылуды, ылғалдықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер – Алматы және Жамбыл облыстары.

Облысымызда астық қоймасы бар, ендеше сол жерді барып көрейік.

Ол жерге кіру үшін төмендегі есепті шығару керек.

Есеп: Егер 1 га жерге 1,5 ц бидай себілетін болса, ұзындығы 875 м, ені 640 м болатын егістікке қанша тұқым керек?

Елімізде 50-ден астам ауыл шаруашылық өсімдіктері өсіріліді. Егіншіліктің басты саласы – дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 бөлігін қамтиды. Ең алдымен, бұл – бидай, одан әрі – арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары және қара бидай. Олардан нан, жарма, үй жануарларына жем алынады. Дәнді дақылдар өсірудің географиясын қарастырайық.

Бидай жылуды жақсы көтеретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері – қара және қоңыр топырақтар.

Енді облысымыздағы азық – түлік қоймасына барып қайтамыз.

1 т картоптың құрамында 720 л су бар. Егер 1 га егістіктен 210 ц картоп алынатын болса, өлшемдері 0,7 км, 0,8 км болатын тік бұрышты егістіктен жиналған картопта неше шелек ( 12 литрлік) су бар?

Картоп – бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Халық арасында оны «екінші нан» деп атайды. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жақсы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.

Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді. Өнімнің ¾ бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандарының үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады. Ол Қазақстанның барлық аудандарын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етеді.

Балалар біз Тараздың біраз жерлерін аралап көрдік. Уақытымызда аз қалды. Ендеше Шуға қайтуымыз керек. Әлі біз Лугавой ауылындағы жылқы зауытына кіруіміз керек.

Жылқы зауытына да келіп жеттік. Мына есепті шығарып жылқы зауытын көріп шығайық.

Есеп: Күніне жылқыларға 96 кг шөп беретіндей етіп шөп қора дайындады. 2 жылқы көрші к/з-ға өткізілгендіктен күніне әр жылқыға 42 кг артық шөп беруге тура келді. Әуелде жылқы қанша еді?

Еліміздің халықтың дәстүрлі кәсібі – жылқы шаруашылығы. ХХ ғ. Басында Қазақстанда 4 млн-нан астам жылқы болған.

Ежелгі уақыттан бері жылқы – қазақтардың иесіне адал берілген, қасиетті де сүйікті жануар. Ат – ер қанаты, ал жауынгер мен егінші, малшы үшін сенімді серігі әрі көмекшісі. Ежелгі эпостық жырлар мен ертегілерде, халық ауыз әдебиетінің басқа шығармаларында жылқыны тұлпар, арғымақ, дүлдүл, қамбар-ата деп сипаттаған. Оның қанаты мифтік тұлпар түрінде бейнесі Отанымыздың қазіргі елтаңбасында бейнеленген.

Жылқылар қазір де жүк таситын, салт мінілетін, жұмыс және бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады. Олырды, сонымен қатар бағалы азық-түлік өнімдері – жылқы етін, қымыз алу үшін да өсіріледі. Біздің елімізде жылқы малын өсіру барлық жерде таралған сала.

Жылқы шаруашылығын аралап болсақ, ары қарай жолға шығайық.

Міне Шу қаласына да келіп жеттік. Мына есепті шығару арқылы біз саяхатымызды аяқтаймыз.

Есеп. Саяхатшы бір қаладан ІІ-ші қалаға 40 км/сағ жылдамдықпен барып, 60 км/сағ жылдамдықпен қайтты. Егер барлық жолға 8 сағ уақыт кетсе, екі қала арасы қанша?

Қорытынды: Экономикалық тәрбие оқушылардың бойына іскерлік, құнттылық, ұйымшылдық өмірде практикалық қажеттіліктен шығу, еңбекке деген саналық және шығармашылық қатынастарды қалыптастырады

Сабақтың көрнекті презентациясын көшіріп алыңыз.

Check Also

mirashbostan000

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.