Адам ақпаратты қалай қабылдайды. Ақпарат және оны бағалау (6-7).

Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай қабылдайды. Ақпарат және оны бағалау

Сабақтың мақсаты: Ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпаратты жеткізудің, өңдеудің техникалық құрылғыларымен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы ық көлемін есептеуге үйрету; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері Сабақтың өту барысы: 1. Оқушыларды ұйымдастыру . 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру . Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тапсырмаларды орындау Сабақты бекіту. Үйге тапсырма беру. Өткен материалды қайталау сұрақтары: Кодтау мен кері кодтау деген не? Бит, байт деген не?
• Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?
• ASCII коды дегеніміз не? Оның қызметі қандай?

Жаңа түсініктер:
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз-оның көмегімне адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналдар жіберу.
Сигналдар аналогтық(үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізе ақпарат алу деген бізе жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немес 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 бай=8 бит;
1 кбайт(килобайт)=1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) =1024кбайт;
1 гбайт(гигабайт) =1024 мбайт.

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.8, 9, 10, 11 тапсырмаларды орындау
1.2.9: Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.
1.2.10. Шешуі:
Бір беттің ақпараттық көлемі 39Ч67=2613 символ=2613 байт
Кітаптың ақпараттық көлемі 2613Ч290=757770 байт = 757770 : 1024 =740 Кбайт
740:1024 = 0,722 Мбайт
0,722 < 1,44 Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға болады.

1.2.11. Оку жылдамдыгы мен сөйлеу жылдамдыгын анықтауүушін окушыларға екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады. Шешу үлгісі: Минутына 1140 символ Секундына
1140:60—19 символ 19 байт
19×8 =152 бит 19:1024 =0,0185 Кбайт
Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт.

Сабақты бекіту сұрақтары:
• Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге, қай кезде есептемеуге болады?
• Ақпараттың қандай қасиеттері бар?
• Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.
• Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітапты сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға бола ма?

Үйге тапсырма: 15-16-17 беттерді оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ құрастырып келу.

авторы: ***

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.