Есептеуіш техникасының даму тарихы (6-7).

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ЕТ-ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен
таныстыру, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:
1. Компьютер дегеніміз не?
2. Ақпараттық құралдар неден тұрады?
3. Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?
4. ОЖ-нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атандар.
5. Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіндер?
6. Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?
Олардың классификациясын түсіндіріңдер
7. Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
8. Драйвердің рөлі қандай?

Жаңа түсініктер:
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.
Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында болған.
Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған.
17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логарифм түсінігін енгізді, логарифм кестесін құрды.
1761 ж. Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.
1642 жылы француз математиці Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.
1694 ж неміс математиці Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды. Есептеуіш техниканың даму ХІХ ғасырдан қарқындап дами бастады.
1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Он қазіргі кезде компьютердің атасы деп. атайды.
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бір інші бағдарламалаушы деп. аталынған.
ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлериат есепші-перфарациялық машинасын құрды.Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. IBM фирмасына айналды.
1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.
Электронды есептеуіш машиналар.
Бірінші электрондық машина 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп. аталды, 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында – бірінші электрондық машина ENIAC , EDSAC машиналары болды. 1940-1955 жылдар.
Екінші буынға – 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер: Фортран, Алгол, Кобол қолдана бастады.
Үшінші буынға – интегралдық негізде құрылған ЭЕМ-дер.
Қазіргі кезегі компьютерлер төртінші буынға жатады.
Бесінші буындағы комтьютерлер әлі шыққан жоқ.
Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындагы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни “жасанды ин-теллект” ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мөселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:
• Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?.
• “Марк-1” машинасы қандай элементтерде жасалды?
• Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

• ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
• Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Үйге тапсырма: 2.1 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 2.1.1, 2, 3 тапсырмаларды
орындау, сөзжұмбақ, ребус құрастыру

авторы: ***

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

2 комментария

  1. жанібек

    Бүгінгі күні ЭЕМ -нің ұрпақтары нелер

  2. Сабақтың авторы осы бетті көрсе хабарласуын сұраймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.