Паскаль программалау тілінде есептер шығару (6-сын).

aibekkamil000Орындаған: информатика пәніңің мұғалімі
Камиль Айбек. Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебі
Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Информатика пәнінен ашық сабақ жоспары
Павлодар қаласы, 2010 жыл
Сыныбы: 6 «В»Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінде есептер шығаруСабақтың  мақсаты: Оқушыларға ІІІ тоқсанда берген білімдерін қорытындылау.
Паскаль программалау тілін дұрыс пайдалана білу дағдыларынқалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, тесттер (Активвоте)
Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Сабақ әдісі: Сайыс сабақ, «Хоккей турнирі»

Сабақ барысы:

Сәләматсыздар ма? Балалар бүгінгі сабақта ІІІ тоқсанда өткен тақырыптарды қайталау сабағы болып келеді. Барлығымыз да хоккей ойынын білеміз. Қазір біз информатика сабағында хоккей ойынын ойнап көрейік. Алдымен, 2 топқа бөлінейік. Топтағы әр оқушының өз міндеті болады: коментатор, капитан, қақпашы, қорғаушы, және шабуылдаушы.

Кометатор өз тобының ойыншыларын таныстырады.

Сонымен, біздің топтар ойыншылары дайын. Ендеше ойынымызда бастайық. Хоккей ойынында ең бастысы пасты дұрыс беру. Біздің ойынымызда да пасты дұрыс беру қажет.

Әр команда ойыншыларына сұрақтар қойылады. Бірінші сұрақ команда капитанына арналған. Егер капиатан дұрыс жауап берсе, келесі сұраққа капитан пасты қай ойыншыға берсе, сол ойыншы жауап береді. Сұрақтар топтарға кезек-кезек қойылады. Егер топтағы ойыншы сұраққа жауап бере алмаса, бұл топқа сұрақтар қойылмайды. Әр конкурстан жеңген командаларға жетондар беріліп отырады.

Сұрақтар:

  1. Программа деген не?
  2. Программа қалай орындалады?
  3. Индентификатор  дегеніміз не?
  4. Резервтелген сөздер дегеніміз не?
  5. Integer  типі қандай мәндерді қабылдайды?
  6. Byte типі қандай мәндерді қабылдайды?
  7. Айнымалылар дегеніміз не?
  8. Идентификатордың ұзындығы қанша символдан аспау керек?
  9. Write  және writeln операторларының айырмашылығы қандай? Шығару процедурасында апострофтың ішінде жазылған сөз нені білдіреді?

10.  Read және readln операторларының айырмашылығы қандай? Программа соңында қойылатын readln операторы нені білдіреді?

Капитандар сайысы.

Әр топтың капитандары компьютерге отырып берілген есептің программасын жазады. Есептердің берілгендері карточка арқылы беріледі. Есептер:

  1. 1. Екі сан берілген. Олардың қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және бірінші санды екінші санға бөлу нәтижесін тап .
  2. 2. Дүкен әр автомашинаның бағасын 1,5 мың доллармен сатады. Х автомашинаның бағасын тап. Теңгемен қанша болады?

Қорғаушылар конкурсы.

Қорғаушылардың зейіндері дұрыс дамыған болуы керек. Сондықтан, әр топтың қорғаушылары компьютерде терілген дайын программаның қатесін табу керек.

Терілген программа:

Әр комментатор дұрыс сөйлей білу керек. Соныдықтан, топтағы коммен- таторлар Паскаль программа-сындағы операторлар жайлы айтып беру қажет.

Program экранды тазалау үшін библиотеканы ашады

var экранды тазалау

Readln программаның басы

writeln айнымалыларды сипаттау

Begin енгізу операторы

end шығару операторы
Uses crt программаның атын жазылады

clrscr программаның соңы
Сергіту сәті: видеофайл

Алдынғы екі конкурстың нәтижелері тексеріледі.

Шабуылдаушылар мен қақпашылар конкурсы.

Шабуылдаушы қарсылас команданың қақпашысына 5 сұрақ дайындайды. Сұрақтарды дайындауға өз командасының қақпашысы көмектеседі.

Капитандар мен қорғаушылар конкурсы.

Әр топтың капитандары мен қорғаушылары компьютерде жұлдызшалардан қақпаның суретін салу программасын шығару керек.

Мысалы:

*                        *
*   *               *  *
*      *         *     *
*           * *        *
*             *         *
*        *        *    *
*     *               **
*                         *

Шабуылдаушылар мен қақпашылар қарсылас командаларына дайындаған сұрақтарын қояды.

Капитандар мен қорғаушылар Паскаль тілінде жасалған жұлдызшалар түріндегі қақпаның суреті интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Активоте арқылы тест жұмысы жүргізіледі:

  1. Паскаль тілін жасаған кім?

A. Блез Паскаль   B. Никлаус Вирт*   C. Джон Фо Нейман   D. Норберт Винер

2.  Турбо Паскаль тілі нешіні жылы жасалды?

A)1992* B)1993 C)1994 D)1991

3. string қандай типтерді қабылдайды?

A) бүтін B)нақты C) жолдық* D)литерлік

4. Қай идентификатор дұрыс жазылған?

A)текст B)’a’ C)klass* D)end

5. х7 математикалық функциясының Паскаль тілінде дұрыс жазылуын көрсет:

A) exp(x*ln(7))             B) sqr(x)              C) sqr(x)+sqr(x)                D) exp(7*ln(x))*

6. Енгізу операторын көрсет:

A)clrscr B)read* C)writeln D)end

7. abs(x) жазуы нені білдіреді?

A)х-тің модулі* B)х-тің дәрежесі C)абсалюттік шама D)экспонента

Барлық конкурстар нәтижесінде жиналған жетондар саналып, оқушыларға баға қойылады.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

4 комментария

  1. Алмасова Айкоркем

    Енгізу файлының аты А in
    Шыгару файлының аты А Out
    Ағылшын әліпбиінің әріптерінен тұратын сөз беріледі,осы сөзде қанша буын бар екенін анықтаңыз.Оңай болу үшін ір буында бір дауысты әріп бар болсын.Ағылшын әліпбиінің әріптері:a,e,o,u,y

  2. Алмасова Айкоркем

    Енгізу файлының аты А in
    Шыгару файлының аты А Out
    Ағылшын әліпбиінің әріптерінен тұратын сөз беріледі,осы сөзде қанша буын бар екенін анықтаңыз.Оңай болу үшін ір буында бір дауысты әріп бар болсын.Ағылшын әліпбиінің әріптері:a,e,o,u,y

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.