Информатика-7. Компьютерлік желілер.

zakieva-122x150Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алмалы селосы, Алмалы орта мектебінің инрформатика  пәнінің мұғалімі Б.Ж. Закиева.

7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер. Сыныптың компьютерлік желісі. Қорларға қатынау. Желілік принтермен жұмыс.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік желі ұғымымен, түрлерімен жұмыс істеу ережесімен таныстыру.
Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой – өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.
Тәрбиелік : Оқушыларды жан – жақты болуға, ізденімпаздыққа, өз бетімен, жұптық жұмыс жасай білуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ақпаратты технология сабағы.
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс, сұрақ-жауап, тірек-сызбалар, шығармашылық жұмыс, жеке, жұптық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер кешені, флипчарт, слайдтар, интерактивті тақта, принтер, мультимедиялық диапроектор, тарапта материалдар.

Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасып, сабаққа дайындау, компьютер журналын толтыру)
ІІ. «Ой сергіту» аялдамасы. Үй тапсырмасын тексеру (жасырылған суреттер арқылы жауап береді).
ІІІ. «Теория аялдамасы» (Жаңа тақырып)
IV. «Практика аялдамасы» (Жеке, жұптық тапсырмалар, принтермен жұмыс)
V. Сергіту сәті.
VІ. Қорытынды бөлім. (Кесте толтыру)
VII. Білім шыңы (Бағалау)

«Ой сергіту» аялдамасы
1. Фонограф бағдарламасы дегеніміз не?
2. Дыбыстық файлды қалай жасаймыз?
3. Дыбыстық файлды құжатқа енгізу жолы.
4. Компакт –дискідегі бағдарламаны орнату жолы.
5. Бағдарламаны орнату файлдары:

Интерактивті тақтамен жұмыс.

«Теория» аялдамасы (Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс)

Компьютерлік желі-бұл бір – бірімен әр түрлі ресурстарды ортақ пайдалану үшін біріктірілген компьютерлер тобы. Компьютерлік желінің 3 түрі бар:
1. Жергілікті желі-бір бөлменің немесе ғимараттың аумағында біріктірілген компьютерлер тобы;
2. Аймақтық желі- қала, облыс, ел шегінде біріктірілген компьютерлер тобы;
3. Интернет желісі- бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуға болатын желі.

Компьютерлік желілердің көмегімен дүниежүзі деңгейінде хабарды жіберуге және алуға болады.

Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.