Деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйелері. 8-сынып ашық сабақ

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №24 орта мектеп Нугманова Диляра.

Сабақтың тақырыбы: Деректер базасы. Деректер базасының басқару жүйелері.

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Деректер базасы, деректер базасын басқару жүйесі, деректер базасы түсінігі, деректер базасын жіктеу, реляциялық деректер базасының құрылымы, өрістер типтері туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушлығын арттыру.
Сабақтың түрі: СТО философиясы элементтерінің көмегімен баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интераткивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды топқа бөлу әдісі: 1-ден 4-ке дейін санап шығады. 1-лер, 2-лер, 3-тер, 4-тер болып 4-ке бөлінеді. (2мин)
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
I кезең. Қызығушылықты ояту. (7 мин)

Тақтаға тақырып жазылады.
Тақырып бойынша оқушыларға сұрақ қойылады:
Деректер базасы дегенді қалай түсінеміз? Тізбектеп жазу (2 мин жазу)
Қойылған сұрақ бойынша «Деректер базасы» туралы не білетінін жазып шығады. Оны жұпта, топта талқылайды, сосын мұғалімге жариялайды.
ІІ кезең. Мағынаны тану. (25 мин)
Интерактивті тақтаның көмегімен жаңа сабақ түсіндіріледі. Деректер базасының түсінігі, ДБ жіктелуі, Реляциялық ДБ, өріс типтері туралы айтылады. Түсіндіру барысында оқушылардың сабаққа толықтай қатысуын қамтамасыз ету мақсатында сұрақ қойылып тұрады.(10 мин) Содан соң «Бортты журналы» стратегиясы қолданылады.(5 мин жазады, 10 мин талқылайды)

Сынып оқушылары мұқият тыңдайды. Бұрын өзі жазған мәліметтерін мұғалімнің айтқанымен салыстырып отырады. Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп отырады. «Бортты журналын» дәптерлеріне жазып отырып, тақырыпты терең меңгереді, сараптайды, қорытады, болжайды. Өз болжамының сәйкес келуі немесе келмеуі бойынша рефлексия жасайды.
ІІІ кезең. Ой толғаныс (10 мин)
Қандай деректер базасы бар екендігі туралы 5 мин Эссе жазу
Сыныптағы оқушылар қандай деректер базасы бар екендігін жазып, 5 минуттың ішінде сол ДБ туралы әңгіме жазып шығады. Оны жұпта, топта оқып шығып, ең әдемі Эссені өздері тағайындап, топтың атынан шығарады.
Үйге тапсырма: 12.1-тақырып оқып келу

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.