Информатика-9. Шартты операторлар.

Күләнда Ерпайзова. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:
Мақсаты: Оқушылардың Паскаль тіліндегі шартты оператор жайлы білімдерін қалыптастыру. Тармақталған программа құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік: Оқушыларды таңдау ұйымдастырылған шартты программалар құрып үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: математика
Құрал-жабдықтар: слайд, жұмыс дәптері, оқулық.

Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу, оқушының назарын сабаққа аудару, сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
2. Психологиялық тренинг. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Сабағымызды бастамас бұрын сіздердің көңіл-күйлеріңізді білгім келіп тұр. Алдарыңдағы компьютерде адамның көңіл-күйін білдіретін бірнеше суреттер тұр, соның ішінен өздеріңіз қазіргі көңіл-күйлеріңді білдіретін суретті таңдаңыздар.Сіздердің таңдаған суреттеріңізден қобалжу және қуану суреттерін көріп тұрмын. Қобалжығандарын таныс емес мұғалім сабақ өтейін деп жатқандықтан деп ойлаймын, бірақ сіздерден қобалжымауларыңызды өтінемін, себебі мен сіздердің білімдеріңізге сенемін, бірігіп нәтижелі жұмыс істеуге шақырамын.

II.Үй тапсырмасын тексеру: Сөзжұмбақ шешу арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
1. Тұрақты және айнымалы ……..
2. Реттелген амалдар тізбегі не деп аталады ?
3.Компьютер түсінетіндей алгоритм не деп аталады ?
4. integer сөзінің баламасы
5. real сөзінің баламасы
6. Алгоритмнің басталуын білдіретін қызметші сөз.
7. Алгоритмнің аяқталуын білдіретін қызметші сөз.
8. Информатика пәніне қажетті техникалық құрал
9. Программалау тілдерінің бірі.
10. Компьютердің миы
11. Өзгеріп отыратын шама қалай аталады ?
12. : = белгісімен орындалатын оператор
13. Дисплей сөзінің синонимі
14. Көрсеткіштердің нәтижесін графиктік түрде көрсету не деп аталады ?

Өткен тақырыпты қайталай отырып, бүгінгі жаңа тақырыптың атауын аштық

III. Жаңа тақырып:
1. Тақырыпты түсіндіру.
Тармақталу процесстері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Паскальда екі шартты оператор бар: if және саse.
If операторының толық жазылу пішімі:
IF
THEN
ELSE ;
немесе қысқартылған түрі
IF
THEN ;
Мұндағы, 1- және 2- операторлардың өздері қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін. IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE (ақиқат) болса, THEN сөзінен кейін жазылған 1- оператор атқарылады, әйтпесе FALSE (жалған) болса,
2-оператор атқарылады

2. Программаны құру жолдарын үйрету.
Мысалы:
1- мысал.
x+8, x=0.
Программасы
Program E1;
VAR x, y: REAL;
Begin
Write (‘х енгіз:’);
Readln (x);
IF x< 0 Then y: =x+8 Else y: = 4*x;
Writeln (‘y=’,y:6:3);
End.

Компьютерге программаны енгізу үшін Турбо Паскаль программасын жүктеп, программа денесін компьютерге енгіземіз, сосын ctrl+F9 пернесін басып программа қатесін тексереміз, alt+F5 пернесін нәтижесін аламыз.

3. Оқулықпен жұмыс: 88 бет №2

2 –мысал: у-мәнін есептейтін программа құру.
2x + 20, егер x<=26
Y= x + 50, егер x<1
Program E2;
VAR x, y: REAL;
Begin
Readln (x);
IF x<=26 Then y: = 2*x + 20
Else IF x0 then
writeln(‘нақты түбірі жоқ’);
ELSE
begin
x1:=(-b+SQRT (d))/(2*a);
x2:=(-b-SQRT (d))/(2*a);
write (‘x1=’,x1:6:2,”;4;x2=’,x2:6:2);
END
END.

4 мысал. Х функциясының мәнін есептейтін программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

2. Ауызша есеп: Мына операторлардан Паскаль тілінің программасын құрыңдар.
Program integer then writeln else read repeat
Wnile for var real begin if write end
Жауабы:
Program
var real integer
begin
read
writeln
if then else
write
end

V. Сабақты қорытындылау
Информатикалық диктант:
1 Тармақталу алгоритмына программа құру үшін_____________ операторлар қолданылады.
2 Шартты оператордың жазылу форматы____________.
3 Шарт ретінде _________ қолданылады.

VI.Үйге тапсырма:
89 бет № 12 (а, ә, б)
Паскаль тілінің шартты операторы.
VII. Оқушылар білімін бағалау.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.