АШЫҚ САБАҚ Тақырыбы: «Есеп берумен жұмыс жасау және оны құру»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті колледжі Қалымжанова Алуа Бақытхановна- информатика пәнінің оқытушысы

Сабақтың жоспары

Күні:22 қараша 2011
Топ:УА-21
Сабақ №______21___________________________________
Курс тақырыбы: Компьютерлік желілер және ақпаратты функционалды өндеудің ақпаратты технологиялары.
Сабақ тақырыбы:Есеп берумен жұмыс жасау және оны құру
Стандарты:
Оқыту мен тәрбиелеу мақсаты
1. Білімділік:
 Ақпараттық және педагогикалық жаңа технологияны пайдалана отырып, Microsoft Access-тіңнегізгі объектілерінің бірі -есеп туралы жалпы мағлұмат беру. Есеп түрлеріне және оны құру тәсілдерін пайдаланып есептер жасауға және кестелерді экспорттауға үйрету.
2. Дамыту:
 Логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету;
 Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту;
 Ақпараттық дүниетанымын кеңейту.
3.Тәрбиелік:
 Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
 Компьютерде сауатты және көркем жаза білу;
 Теориялық білімді практикамен ұштастыру;
 Оқушылардың ойлауын, ажырату дағдыларын, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.

Сабақ түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:Компьютер, видиопроектор.
Таратпа материалдар:Әдістемелік нұсқаулар.

Пәнаралықбайланыс
Қамтамасызететін
Информатика
Экономика
Қамтамасызетілетін
«Экономикалық ақпаратты автоматтандырып өңдеу»

Пайдаланатынәдебиеттер:
1. Е.Қ.Балапанов «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ»
2. М.Қ.Байжұманов «Информатика».

Сабақбарысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен амандасу
Б) Аудиторияның және оқушылардың сабаққа дайындықтарын қарау
В) Оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй – тапсырмасын тексеру:
Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану арқылы үй тапсырмасын бекіту.
1)Сұрақтар
І деңгей:
1) Кестенің жолын не деп айтамыз және баған өрісі дегеніміз не?
2) MC Access-ті қалай іске қосады?
3) MC Access-тің ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерін атап бер?
ІІ деңгей:
1. Сұраныс деп нені айтады және сұраныста көбінесе қандай шарттар қолданылады?
2. Диалог терезесінің жоғарғы жағында құрылатын кестенің қандай атребуттары болады?
3. Кесте деп нені айтады және оны қандай әдістермен құруға болады?
ІІІ деңгей:
1. Реляциялық деректер қоры дегеніміз не және оны басқару жүйелерінің негізгі ерекшеліктері
2. Мәліметтер қорының өрістерінің қасиеттері нешеге бөлінеді және оларға жеке-жеке анықтама бер?
3. Мәліметтер типі нешеге бөлінеді? Олардың атаулары және анықтамалары.
2) Тәжірибелік тапсырма:
“Клиенттер” (1-кесте), “Тапсырыстар” (2-кесте), “Қызмет көрсету” (3-кесте) және “Тауар” (4-кесте) кестелерінен тұратын “Сатушы” деректер қорын құрыңыз. Кестелердің жалпы түрі төменде берілген.

Деректер қорын (ДҚ) құру үшін MS Access – тің басты терезінде:
1) Файл Создать базу данных… командасын орындаңыз;
2) Новая базы данных жарлығымен Общие вкладкасына өтіңіз;
3) “Имя файла” өрісіне жаңа ДҚ-ның атын – “Сатушы” деп беріңіз.
4) Создать батырмасын басыңыз.
MS Access деректер қорын құруға арналған терезені ашады.

1-тапсырма: Құрылымын Конструктор режимінде анықтай отырып, “Клиенттер” (1-кесте) кестесін құрыңыз. (Создание→Конструктор таблиц)
1кесте “Клиенттер” кестесінің схемасы

№ Өріс атауы Типі
1 Клиент коды Счетчик
2 Тегі Текстовый
3 Аты Текстовый
4 Әкесінің аты Текстовый
5 Телефоны Текстовый
6 Қала Текстовый
7 Мекен-жайы Текстовый
8 Кәсіпорын Текстовый
9 Несие Денежный

“Клиенттер” кестесін толтыру керек.
1)“Таблица” қосымша бетке өтіп және «Клиенттер» кестесін белгілеп, “Открыть” батырмасын басыңыз.
2) Клиенттер:таблица аты жолы бар терезе шығады. Бұл терезеде «Клиенттер» кестесінің аты шығады. «Клиент коды» бағанасында “Счетчик” белгілеңіз.
3)Осы шыққан кестені рет-ретімен толтырамыз. (5-тен кем емес)

Клиент коды Тегі Аты Әкесінің аты Телефоны Қала Мекен-жайы Кәсіпорын Несие
1 Сейтказина Дана Серікқызы 526598 Семей Глинки 52 ТОО Дана 25000

2-тапсырма: Құрылған деректер қорын ашыңыз.
1 жаттығудағы әрекеттерді орындай отырып, Конструктор режимінде “Тапсырыстар” кестесін құрыңыз. Конструктор режимінде құрылған кестенің схемалық түрі келесідегідей болады:(Создание→Конструктор таблиц)
2-кесте Коструктор режиміндегі
“Тапсырыстар ” кестесінің схемасы.

№ Атауы Типі
1 Клиент коды Числовой
2 Қызмет көрсету коды Числовой
3 Тапсырыс уақыты Дата/время
4 Қызмет көрсету бірлігінде тапсырыс берілді Числовой
5 Орындалу уақыты Дата/время
6 Қызмет көрсету бірлігінде жасалды Числовой
7 Қызмет көрсету үшін алынды Денежный

1) Клиент кодыөрісіне кілтті орнатыңыз.
2) Кестені «Тапсырыстар» атымен сақтаңыз. (Файл-Сохранить)
3) Құрылған «Тапсырыстар» кестесін рет-ретімен толтырыңыз. (5-тен кем емес)

Клиент коды Қызмет көрсету коды Тапсырыс уақыты Қызмет көрсету бірлігінде тапсырыс берілді Орындалу уақыты Қызмет көрсету бірлігінде жасалды Қызмет көрсету үшін алынды
1 125 11.11.2011 52 15.11.2011 51 5000

3-тапсырма: Құрылған деректер қорын ашыңыз.
1 жаттығудағы әрекеттерді орындай отырып, Конструктор режимінде “Қызмет көрсету” кестесін құрыңыз. Конструктор режимінде құрылған кестенің схемалық түрі келесідегідей болады: (Создание→Конструктор таблиц)
3- кесте Коструктор режиміндегі
“Қызмет көрсету” кестесінің схемасы.

№ Атауы Типі
1 Қызмет коды Числовой
2 Қызмет атауы Текстовый
3 Орындалу құралы Текстовый
4 Қызмет көрсетуге берілген бағасы Денежный

1) Қызмет коды коды өрісіне кілтті орнатыңыз.
2) Кестені «Тапсырыстар» атымен сақтаңыз. (Файл-Сохранить)
3) Құрылған «Тапсырыстар» кестесін рет-ретімен толтырыңыз. (5-тен кем емес)

Қызмет коды Қызмет атауы Орындалу құралы Қызмет көрсетуге берілген бағасы
1 Мәтін теру Компьютер 500

4-тапсырма:
Құрылған деректер қорын ашыңыз.
1 жаттығудағы әрекеттерді орындай отырып, Конструктор режимінде “Тауар” кестесін құрыңыз. Конструктор режимінде құрылған кестенің схемалық түрі келесідегідей болады:(Создание→Конструктор таблиц)

4- кесте Коструктор режиміндегі
“Тауар” кестесінің схемасы.

№ Атауы Типі
1 Тауар атауы Текстовый
2 Категориясы Числовой
3 Тауар саны Числовой

1) Кестені «Тауар» атымен сақтаңыз. (Файл-Сохранить)
2) Құрылған «Тауар» кестесін рет-ретімен толтырыңыз. (5-тен кем емес)

Тауар атауы Категориясы Тауар саны
Принтер 5 15

5- тапсырма:
Создание→ Конструктор Запрос командаларын орындап жоғарыдағы кестелер арсында сұраныс құрыңыз
1)«Клиенттер» кестесі.
2)«Клиенттер» және «Қызмет көрсету» кестелерінің арасында сұраныс құрыңыз.
3)«Тапсырыстар» және «Қызмет көрсету» кестелерінің арасында сұраныс құрыңыз.
4)«Клиенттер» мен «Тауар» кестелерінің арасында сұраныс құрыңыз.
5)«Қызмет көрсету» және «Тауар» кестелерінің арасында сұраныс құрыңыз.
Ескерту: Сұраныс бірнеше шарттарды қамту керек.

Жаңа сабақ:
Жоспары:
1. Есеп туралы жалпы мағлұмат.
2. Есептің негізгі бөлімдері.
3. Есепті құру тәсілдері.
4. Кестені экспорттау.
5. Кестеге жаңа өрістер қосу.
Есеп берулер мәліметтер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолланылады. Яғни, Access –тің есеп берулері мәлiметтерді, кестелерді және сұраныс қорытындыларын баспаға шығаруға мүмкіндік береді. Формалардан айырмашылығы есеп берулер мәлiметтер енгізуге мүмкіндік береді. Есеп берулерді қолмен немесе Access-тің мастерлерін қолдану арқылы құруға болады. Ережедей, есеп берулер құру үшін алдымен сұраным құрылады. Есеп берулер бірнеше бөлімнен тұрады. Олар есеп берулерде мәлiметтердің қалыптасуын басқарады.
Есеп берулер өзіне мынадай бөлімдерді енгізеді:
1. Есеп берудің басы есеп берулермен жұмыс істеуді бастағанда бейнеленеді.
2. Жоғарғы колонтитул әрбір беттің басында есеп беру басынан кейін беріледі.
3. Топтың басының облысы әрбір топтың бірінші жазуынан
бұрын бейнеленеді.
4. Мәлiметтер облысы есеп беруге кіретін ірі жазу үшін бейнеленеді.
5.Топтың ескертулер облысы әрбір топтың соңғы жазуының мәлiметтер облысынан кейін бейнеленеді.
6. Төменгі колонтитул әрбір беттің соңында беріледі.
7. Есеп берулердің ескертулер облысы есеп берудің соңында берілген.
Есеп берудің қалыптасуы кезінде баспа үшін немесе алдын-ала көру үшін Access баспаға шығаруды есеп берулер басынан және жоғарғы колонтитулдан бастайды. Содан кейін беттің соңында дейін мәлiметтер облысы басылып шығады. Бұдан соң төменгі колонтитул басылады. Әрбір бетте жоғарғы колонтитул, бетке сиятындай мәлiметтер облысы, төменгі колонтитул болады. Есеп берудің соңғы бетінде, төменгі колонтитулдан бұрын, есеп берудің ескертулер облысы орналасады.
Егер есеп беруде есеп беру аты мен топтық ескертулер бар болса, баспаға шығару реті өзгермейді. Айырмашылығы мынада: әрбір топтың бірінші жазуынан бұрын топтың атының облысы орналасады және әрбір топтың соңғы жазуынан кейін топтың ескертулер облысы орналасады.
Access-те жазуларды топтау үшін өріс пен өрнекті қолдана аламыз. Access алдын-ала жазулары өріс бойынша немесе өрнек бойынша сорттайды. Егер Access мәлiметтерді сорттамаса, онда бір өріс немесе өрнек үшін бірнеше топ болады.
Жоғарыда айтылғандай Access-тің мастерлерін қолдану арқылы құруға болады. Соның ішінде Автоесепке тоқталатын болсам, ол бағандық және ленталық болып бөлінеді. Оны іске қосу үшін, өзімізге қажетті кестені не сұрысты белгілеп, аспаптар панелінен Құру→Есеп (Создание→Отчет) командаларын орындаймыз.

Есептерді дайындаудың екінші бір әдісі -Есеп Шебері (Мастер отчетов). Оны іске қосу үшін өзімізге қажетті кестені не сұнысты белгілеп, Құру→Есеп Шебері (Создание→Мастер отчетов) командаларын орындаймыз. Қажетті бағандарды белгілеп, макеттің бірін таңдаймыз.

Access кестесінен, сұраныстан, пішіннен немесе есептен деректер экспорттауға болады. Экспорттау Microsoft Word, Excel, мәтіндік файл, электрондық пошталар арқылы және т.б. файлдарында сақтауға мүмкіндік береді.

Access деректерін Word бағдарламасына экспорттау
Экспорттау шеберін пайдаланып Access дерегін бірінші рет экспорттағанда, дерек жаңа Word құжатына экспортталады. Деректерді басқа бұрыннан бар Word құжатына жылжыту үшін, деректі таңдап, оны көшіріп алып, оны бұрыннан бар Word құжатына қою керек. Дегенмен, экспорттау үрдісі Access кестесінен, сұрауларынан және пішімдерінен көрінетін өрістер мен жазбаларды ғана көшіріп, оларды Word құжатында көрсетеді. Қолданылған сүзгілер арасында кез келген жасырын өрістер мен жазбалар болса, экспорттау шебері сол деректі экспорттамайды. Жазбаны экспорттаған кезде, дерек те, оның орналасуы да бастапқы жазба пішіміне жақын ұқсау үшін көшіріледі. Сол сияқты кез-келген кестені, сұранысты, пішінді және есепті жоғарыда айтылған бағдарламалармен де экспорттауға болады.
Кестеге жаңа өрістер кірістіруге болады, ол үшін өзімізге қажетті кестені белгілеп, сол кестені конструктор арқылы ашып, қажетті өріске маустың оң жақ батырмасын басу арқылы жанама менюден жаңа өріс қосу командасын орындаймыз.

Жаңа сабақты бекіту:
1)Тәжірибелік тапсырма:
“Тауарлар” (1-кесте) және “Қамтамасыз етуші” (2-кесте) кестелерінен тұратын “Фирма” деректер қорын құрыңыз. Кестелердің жалпы түрі төменде берілген.

Деректер қорын (ДҚ) құру үшін MS Access – тің басты терезінде:
1) Файл Создать базу данных… командасын орындаңыз;
2) Новая базы данных жарлығымен Общие вкладкасына өтіңіз;
3) “Имя файла” өрісіне жаңа ДҚ-ның атын – “Фирма” деп беріңіз.
4) Создать батырмасын басыңыз.
MS Access деректер қорын құруға арналған терезені ашады.

1-тапсырма: Құрылымын Конструктор режимінде анықтай отырып, “Тауарлар” (1-кесте) кестесін құрыңыз.

1кесте “Тауарлар”

Өріс атауы Типі
Тауардың коды Счетчик
Тауардың аты Текстовый
Тауардың маркасы Текстовый
Баға Денежный

4) Тауардың коды өрісіне кілтті орнатыңыз.
5) Кестені «Тауарлар» атымен сақтаңыз. (Файл-Сохранить)
6) Құрылған «Тауарлар» кестесін рет-ретімен толтырыңыз. (5-тен кем емес)

Тауардың коды Тауардың аты Тауардың маркасы Баға
1 Принтер Panasonic HS-800EE 30000

2-тапсырма: Құрылған деректер қорын ашыңыз.
1 жаттығудағы әрекеттерді орындай отырып, Конструктор режимінде “ Қамтамасыз етуші” кестесін құрыңыз. Конструктор режимінде құрылған кестенің схемалық түрі келесідегідей болады:

“ Қамтамасыз етуші ” кестесінің схемасы.

Имя поля Тип данных
Қамтамасызетушінің коды Числовой
Фирманың аты Текстовый
Телефон Числовой
Факс Текстовый
Мекен-жайы Текстовый

1) Қамтамасыз етушінің коды өрісіне кілтті орнатыңыз.
2) Кестені «Қамтамасыз етуші» атымен сақтаңыз. (Файл-Сохранить)
3) Құрылған «Қамтамасыз етуші» кестесін 2-ші кестеге сәйкес толтырыңыз.

2 Кесте “Қамтамасыз етуші ”
Қамтамасыз етушінің коды Фирманың аты Телефон Факс Мекен-жайы
1010 М.Видео (7222)53-98-33 (7222)53-98-33 Aбай даңғылы 7
1020 ТехноДом (7222)35-98-09 (7222)35-98-09 Глинки 54
1030 Асус (7222)42-76-02 (7222)42-76-02 Рыскулова 54

3-тапсырма: «Тауарлар» кестесінде Конструктор режимінде «Тауардың коды» өрісінен кейін, «Қамтамасызетуші» кестесіндегі өрістің мәнін алмастырып қоюды пайдаланып, «Қамтамасызетушінің коды» жаңа өрісін құрыңыз.

1. “ Тауарлар ” кестесін белгілеп, Конструктор кнопкасын басамыз.
2. “ Тауардың аты ” өрісін таңдап, Вставка—Строки командасын таңдаймыз.
3. Бос жол пайда болады. ИМЯ ПОЛЯ бағанасын бір рет сырт еткізіп, “ Қамтамасыз етушінің коды ” жазуын теріңіз.
4. ТИП ДАННЫХ бағанасына өтіп, осы бағанадағы оң жақтағы стрелкасына сырт еткізіп, “Мастер алмастырып қою” түрін таңдаймыз.
5. «Создание подстановки» сұхбаттасу терезесі пайда болады. Бұд терезеде алмастырып қою бағанасын өзінің мәндерін алуын әдісін қолдану керек. Ол үшін осы терезеде ауыстырып қосқышты Столбец подстановки использует значение из таблицы или запроса қалпына келтіреміз. Далеекнопкасын басамыз.
6. «Создание подстановки» сұхбаттасу терезесі пайда болады. Выберите таблицу или запрос со значениями, которые будут содержать столбец подстановкитерезесінде Поставщики жазуы болады. Осы сұхбаттасу терезесінде ауыстырып қосқышты ПОКАЗАТЬ “ТАБЛИЦЫ” қалпына келтіріп, Далее кнопкасын басамыз.
7. Келесі «Создание подстановки»сұхбат терезесінде,Выбрать поля со значениями, которые будут содержать столбец подстановкитаңдаңыз. Ол үшін «Қамтамасызетушінің коды» өрісін белгілеп алып, Доступные поляжәнеВыбранные полятерезелерінің арасындағы ең жоғарғы >бағыттауыштышертіңіз,сонда екінші терезеге “Қамтамасызетушінің коды” жазуы көшеді және Далеебатырмасын басыңыз.
8. Келесі «Создание подстановки» сұхбаттасу терезесі пайда болады. Осы тізім пайда болады.

Қамтамасызетушінің коды
1010
1020
1030
9. Келесі «Создание подстановки» сұхбаттасу терезесі пайда болады.Мұнда Задайте подпись, которую содержитстолбец подстановкитерезесінде Қамтамасызетушінің кодыжазуы болу керек.
10. Готовокнопкасын басамыз.
11. «Перед созданием связи необходимо сохранить таблицу. Выполнить это сейчас?» сұранысы пайда болады. ДАкнопкасын басамыз.
12. Конструктор кестесініңтерезесіпайдаболады. Оның тақырып жолында «Қамтамасыз етушінің коды» жазуы болады және «Числовой» түрі бекітіледі.
“ Тауарлар” кестесінің Конструктор режимінде схемалық түрі келесідегідей болады.
13. Конструктор кестесін жабамыз.

Имя поля
Тип данных
Тауардың коды Счетчик
Қамтамасыз етушінің коды Числовой
Тауардың аты Текстовый
Тауардың маркасы Текстовый
Баға Денежный

4-тапсырма:
Создание→ Конструктор Запрос командаларын орындап жоғарыдағы кестелер арсында сұраныс құрыңыз
1. «Тауарлар» кестесі
2. «Қамтамасызетуші» кестесі
3. «Тауарлар» және «Қамтамасыз етуші»кестелерінің арасында.

5-тапсырма:
Создание→Отчет командаларын орындап жоғарыдағы кестелер мен сұраныстарға есеп құрыңыз
1. «Тауарлар» кестесі
2. «Қамтамасызетуші» кестесі
3. Запрос1
4. Запрос2
5. Запрос3

6-тапрысма:
Внешние данные→Экспорт-Excel, Word командаларын орындап жоғарыдағы кестелерге экспорт құрыңыз.

5. Білімдерін бағалау: 2-3 мин
6. Сабақты қорытындылау: 2-3 мин
7. Үйге тапсырма беру: 1-2 мин
М.Қ.Байжұманов «Информатика» (161-162)

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.