«Ғұлама ақын, данышпан – Шәкәрім Құдайбердіұлына 154 жыл»

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНЫҢ КОЛЛЕДЖІ
ЕСМАҒАМБЕТОВА ДИНАРА АХМЕТОВНА
Информатика пәнінің оқытушысы
Семей қаласы

«Ғұлама ақын, данышпан – Шәкәрім Құдайбердіұлына 154 жыл»

Мақсаты:
– Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармаларының тарихи мазмұны мен мағынасы туралы білімдерін жетілдіру.
– Сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзия сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзияға деген құмарлықтарын ояту. Ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу.
– Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірімен таныстыру. Оқушылардың білім алып қана қоймай, халқымыздың асыл да, абыройлы қасиеттерін, құндылықтарын бойына сіңіру.
– Ұлы Абайдың өзі «Шәкәрім менің шәкіртім емес, … ол үлкен, бөлек ақын» – деп баға берген. Ғұлама ақын Шәкәрімнің төл әдебиетіміздегі алатын орны туралы оның сан қырлы шығармашылық қырлары, поэмалары, аудармалары, өлеңдері арқылы бүгінгі оқырманға жеткізу.

Қажетті көрнекіліктер: Шәкәрім Құдайбердіұлының қанатты сөздері, видеопроектор, әдеби көрме (Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары бойынша кітап көрмесі), буклет, шарлар.

Плакаттар:
1. Қайтадан қайрылып
қауымға келмейсің,
Барыңды, нәріңді
тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа
із қалдырған,
Шын бақыт – Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
Шәкәрім
2. Ақыл деген – денеге егілген дән,
Суғарылса кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп, зораймағы
Көрген, білген нәрседен ғиббрат алған.
Шәкәрім
3. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын адам болады.
Шәкәрім.

Жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Шәкәрім тағылымы
1. Шәкәрім – өз ойларын өлеңмен өрнектеген ақын. 1) Адамгершілік тақырыбы; 2) ғылым-білім тақырыбы; 3) әлеуметтік тақырып;
4) Еңбек тақырыбы;
2. Шәкәрім – талантты аудармашы. 1) Пушкиннен «Дубровский», «Боран»; 2) Толстойдан «Асархордан патша» 3) Қожа Хафизден «Анық ерге жолдас бол», «Көңіл жібі қолымнан»
3. Шәкәрім – кеудесі күмбірлеген композитор. «Шәкәрім, артта сөз, әнім қалар.» «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
4. Шәкәрім – тарихшы, ойшыл. 1. «Үш анық»
5. Шәкәрім – эпик: 1) «Еңлік-Кебек», 2) «Қалқаман-Мамыр»
IV. Сен Шәкәрімді білесің бе?
V. Анаграмма «Абай, Шәкәрім, Мұхтар»
V. Қорытындылау
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, қонақтар, бүгін біз сіздермен Шәкәрім Құдайбердіұлының 154 жылдығына арналған «Ақын, данышпан – Шәкәрім Құдайбердіұлына 154 жыл» тақырыбы аясында өткізіліп отырған тәрбие сағатына жиналып отырмыз. Яғни, сіздерге Шәкәрімнің өмір жолы, өнер мұраты, даналығы, дүниетанымдылығы туралы мағлұмат бермекпіз.
Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері.
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді.
Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.
Колледжде Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдығына байланысты өткізілген іс-шаралардың нәтижесі ретінде, «Есептегіш машиналар, комплекстер, жүйелер және тарамдар» мамандығы бойынша ВТ-11 тобының оқушылары арасында Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы «Шәкәрім тағылымы» атты, алған мағлұматтарын ой-таразысына, ортаға саламыз.

1) Шәкәрім – өз ойларын өлеңмен өрнектеген ақын, назар аударайық. Шәкәрім Абай саясында саналы, талантты ақын болып қалыптасты. Ол Абайдың көзі тірісінде -ақ оның данышпан ақын екендігін алғаш танып, өлең өрнектерін арнады:
Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал, енді олай болса, кімді аталық,
Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық.
Шын іздесек – табармыз шын ғалымды!
Жалыналық Абайға, жүр баралық.
2) Ал ендігі кезекте Шәкәрім- аудармашыға берейік.
Өздеріңіз тыңдағандай Шәкәрімнің аудармашы екендігіне куә болдық, яғни Шәкәрім – талантты аудармашы. Қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиеттерімен байланысты дамуына Шәкәрім әкелген қазына ұлан-ғайыр. Ол өз заманның ақыл-ой даму дәрежесінде бола алмағандықтан, бірнеше тілді: араб, парсы, түрік, татар, өзбек, орыс тілдерін жетік меңгергендіктен, көптеген халықтар ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазыналарға еркін бойлап, терең білуі нәтижесінде бірсыпыра туындыларды қазақшаға аударып, халық игілігіне айналдырған. Шәкәрімнің көркем аударма принциптері мен жүйесінің өзі – үлкен рухани тәжірибе, тағылым, үлгі. Шығыс классиктерінің, атап айтқанда «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының Физули жырлаған нұсқасын еркін аударып, төл шығармадай етуі, Хафиздің бірнеше өлеңдерін қазақ тіліне аударуы – бүкіл Шығыс әдебиетіндегі назира дәстүрін Шәкәрімнің қазақ тіліне аударуы Шәкәрімнің қазақ топырағында өнімді дамытуы болды. Шәкәрім Л.Н. Толстойдың «Ассирийский царь Асархадон», «Три вопроса» әңгімелерін «Асархадон патша» , «Үш сауал» деп қазақ тіліне аударған. А.С. Пушкиннің «Дубровский» романын, «Боран» повесін қазақ тіліне өлеңмен аударуы оның творчествосында ғана емес, қазақ әдебиеті және мәдениеті тарихында елеулі оқиға болды.
3) Шәкәрімді тек ақын ретінде ғана бағалауға болмайды. Ол сонымен бірге ойшыл ғалым, сұңғыла шежіреші, дарынды жазушы болған Ал, ірі таланттың тағы бір ғажайып қыры – сазгерлік қабілеті мен қуатында. Яғни Шәкәрім Құдайбердіұлы – ғажап сазгер. Ән әлемін байытқан құбылыс десек еш қателеспеспіз. Ол кісінің қай әнін тыңдасаңыз да нәзік мұң мен терең иірімге толы.
Келесі кезекті Шәкәрім – кеудесі күмбірлеген композитор, назар аударайық.
Міне, өздеріңіз тыңдадыңыздар, бір өлеңнің бойында осыншалық философиялық ой, ақындық тебіреніс, музыкалық әсемдік тоғысуы поэзия әлемінде сирек кездесетін нәрсе. Өлең өзінің жаңа өлшемі, тың ырғақтарымен, уақытқа сай келісімді интонациясымен поэзиямыздың шеберлік өнерін, мәдениетін бір көтеріп тастады.
4) Келесі кезекте Шәкәрім – тарихшы, ойшыл. Үш анық мораль философиясына орай, 1898-1928 жылдар – отыз жыл ізденіп даярланған. Өзінің философиялық көзқарастарында, нақты айтсақ ақыл-ой тебіренісінің шыңына айналған «Үш анық» трактатында Абайдан бастама алатын «жан құмары» мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
1-анық – датшылдық ғылым жолындағы анық; 2-анық – дін жолындағы дүниетаным 3-анық – ар-ұждан туралы күрделі проблема көтереді. Үш анықтың мақсаты – ар түзейтін бір ғылымды табу. Ар ілімі: ынсап, әділет, мейірім – үшеуінен қосылып ұждан шығады дейді.
Шәкәрім – тарихшы, ойшыл, назар аударайық.
Міне өздеріңіз тыңдағандай, Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегінде батыс, шығыс философтарының материалистік және идеалистік еңбектерін кең көлемде, тыңғылықты зерттей келіп, өз ой қорытындысы ретінде ар ғылымы туралы өзіндік ой толғанысын ұсынды. Аса құнды бұл еңбегі шын мәнінде ХІХ және ХХ ғасырдағы Қазақстандағы философиялық ойдың шыңын көрсетеді.

5) Шәкәрім – эпикке назар аударайық. Өздеріңіз тыңдағандай, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэма жазу үлгісі қазақ әдебиетінде шоқтығы биік тұрған, жаңа бір сапаны аңғартатын тың дүниелер. Оның дастандары сюжеттік құрылымы жағынан айрықша. Оның поэмаларындағы махаббат үлгісі терең философиялық таным шеңберін көрсетеді.

IV. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына қорытынды жасап, білімдерін тереңдету мақсатында «Сен Шәкәрімді білесің бе?» атты сайысымызға кезек берейік.
o Сайысқа 10 оқушыдан құралған 2 топ қатысады.
o 2 топқа жалпы негізде 30 сұрақтар оқылады.
o Сигнал беретін бұйымды бірінші болып көтерген топ жауап береді. Жауап бере алмаса немесе жауабы дұрыс болмаса, қарсылас топқа жауап беру мүмкіндігі беріледі.
o Құрметті сайысқа қатысушылар сіздерге іске сәт тілейміз!

1. Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамырдың трагедиялық тағдырлары туралы алғаш рет қалам тартқан кім? (Абай)
2. Еңлік-Кебек жыры неше жолдан тұрады (652)
3. Шәкәрім аударған «Дубровский» кімнің шығармасы болды? (А.С. Пушкин)
4. Шәкәрімнің роман жазғаны да белгілі. Олай болса атамыздың романы қалай аталады? (Әділ-Мәрия)
5. Кез-келген автор өз шығармаларын бүркеншік атпен бастыратын болған. Ақынның жасырын аты қалай болған? (Мұтылған)
6. Шәкәрім атамыз қандай музыкалық аспаптарда ойнаған? (скрипка, сырнай, домбыра)
7. Лев Толстойдың қандай шығармаларын қазақ тіліне аударған? (Үш сұрақ, Крез патша, Ассирия патшасы Ассахардон)
8. Шәкәрім поэзиясының орыс тілді оқырманға танытқан аудармашылар кімдер? (Рождественский, Владимир Изыбин)
9. Шәкәрім елден бөлектеніп, өмірінің соңғы кездерін өткізген елді – мекен қалай аталады? (Шақпақтас)
10. «Түрік, қазақ, қырғыз, һәм хандар» шежіресі қай қалада және қашан жарық көрді (Орынбор, 1911 ж.)
11. Тобықтының екі биі (Кеңгірбай, Қараменде)
12. Кебекке суреттеме бер (Көзі өткір, қара торы, орта бойлы, кең иықты)
13. Хақан өзені және оның мағынасы. (Хақан хандардың ханы, олар қоныстаған жер)
14. «Жуантаяқ» дегенді қалай түсінесің? (Тобықтының бір руының аты)
15. Өлер алдында Еңліктің айтқан үш тілегі (Кебекпен араздасайын, өлтірген соң бір жерге көміңдер, баламды әке-шеше қолына беріңдер)
16. Еңлік пен Кебектің қосылмау себебі не? (Екі ру арасындағы араздық)
17. Еңлік пен Кебектің тығылған үңгірі қалай аталады және ол қай жерде орналасқан? (Үйтас, Ералы жазығында)
18. Еңлік-Кебек поэмасы қай поэмадан кейін дүниеге келді? (Қалқаман-Мамыр)
19. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір сүрген уақыты? (1858-1931)
20. Шәкәрім қай жылдары хажыға сапар жасаған? (1905-1906)
21. Шәкәрім қандай тілдерді жетіп меңгерген? (түрік, араб, парсы, осыр, қазақ)
22. Шәкәрім әдеби қызметпен айналысып жападан-жалғыз өмір сүреді. Ол қай жылдары диуани өмірге қайта оралады? (1917-1925)
23. Шәкәрім өз өмірі жайлы қай поэмасында қалам тартқан? (Мұтылғанның өмірі)
24. Шәкәрім 72 жасында жападан-жалғыз өмір сүре бастайды сонда оның серігі кім болған? (Әупіш)
25. «Қалқаман-Мамыр» поэмасында қазақ халқы басынан кешірген қандай қайғы-қасіретті бейнелеп суреттейді? (Ақтабан шұбырынды)
26. Шекспердің «Ромео-Джулиетта» поэмасының мазмұны Шәкәрімнің аударылған қай дастанына ұқсас келеді? (Ләйлі-Мәжнүн)
27. «Өткен адам болады көзден таса,
Өлді – өшті, оны ешкім ойламады,
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескіріп ұмытпаса» Шәкәрім Құдайбердіұлының қай шығармасынан үзінді (Еңлік-Кебек)

V. «Абай, Шәкәрім, Мұхтар» анаграммасының сұрақтары

1. Шәкәрім туралы тарихи трагедия жазған семейлік ақын
2 – 3. Қазақ өлеңінің өрнекті тілімен сөйлеткен Пушкиннен аударған әңгімелер
4. Өзіне пір тұтып, өмір бойы қастерлеп өткен орыстың ұлы жазушысы
5. Айрықша мән берген мақсатының ең үлкені
6. Өзі «Қайғылы роман» деп атаған романы
7. Шәкәрімнің анасы
8. «Алдыңғының соқпағын артқы түзер» өлең жолдарының иегері.
9. Қазақша ай аттарының қате аталып жүргені туралы мақаласы басылған газет.
10. Шәкәрім қажының таланты мен білімін бағалап, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетіне хат жолдаған белгілі қаламгер.
11. «Қалқаман – Мамыр» поэмасының лақап аты
12. Шәкәрімнің тұңғыш әндер жинағының аты
13. «Поэтическое вдохновение: Абай, Шакарим и Мухтар» атты кітаптың иегері
14. Шәкәрімнің әндерін жаздырған адамның аты
15. Абай шәкірттерінің творчествосын түбегейлі зерттеген семейлік ғалым.
16. Шәкәрімнің философиялық еңбегі
17. Шәкәрім әндерінің жаңашылдығы туралы пікір білдірген семейлік белгілі композитор
Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан, сайысымыздан көп, мәнді мағлұматтар алдыңыздар деп ойлаймыз.

V. Қорытындылау
Біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мынандай түйінді тұжырым жасау бақытына ие болып отырмыз:
Ол – халық тарихының күрмеуі мол күрделі кезеңінде ғұмыр кешкен, заманның шытырманға толы шындығын талғамның таразысына салып, санасының тезімен саралауға ұмтылған, сол сапарда ұлы ақын ағасы Абай айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз» жолдан өткен, жұртының алдындағы батпандай ауыр міндеттерді азаматтық парасатымен сезініп, осы рухта жаухар жырлар тудырған тамаша ақын.
Ол – келешек ұрпағына өнеге-өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы.
Ол – заманы мен халқы жөнінде ой толғаған тарихшы, ойшыл философ.
Ол – Шығыс пен Батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына танытқан талантты аудармашы.
Ол- Қоғам дамуының тынысын тап басқан ойлы мақалалардың авторы, сырлы жүректі, сергек қаламды публицист.
Ол – сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді әндердің авторы, кеудесі күмбірлеген композитор.
Осынау тұжырымдардың әрқайсысының түп тамырында Шәкәрімнің сан қырлы талант иесі болғанына көз жеткізерлік айғақтар жатыр.
Бүгінгі тәрбие сағатына қатысып отырған барлық көрерменге және білімпаз оқушыларға айтарымыз ұлы бабамыздың өсиет – нақылдары әр дайым сіздердің жолдарыңызды ашып, білімдеріңізге – білім үстей берсін!

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.