Информатика 9 сынып. Бақылау жұмысы

NUR_photo_018-768x1024Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Бекқалиев Нұржан Есентайұлы
Сыныбы: Күні:
Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:

Паскаль тілінде есептер шығара отырып, есепті кезең бойынша шығару, құрамы күрделі операторларды тиімді пайдалану, бір – бірінің пікіріне құретпен қарау.

Күтілетін нәтиже:

1)    Паскаль тіліндегі есептің қойылымын ашып көрсете алады;
2)    Шартты операторларға есептер шығару;

Не арқылы бағаланады:
1)    Сызба арқылы есепті құрай алады;
2)    Есепте шартты операторларды қолдана алады;

I.Қызығушылықты ояту.
«Паскаль тіліндегі есеп» сөйлемін категориялы топтастыру.
Паскаль тіліндегі есеп
– Есептің басы
– Айнымалылар
– Операторлар
– Есептің соңы

II.Мағынаны тану.
1 – есеп.

Үш натурал сан берілген. Олардың арасында тең сандар болмаса, «жоқ» деп, егер   олардың екеуі бір-біріне тең болса, «иә» деп, ал үшеуі де бірдей сан болса, «бәрі тең» деп жазу керек.

Шешуі:
program esep1;
var a,b,c:integer;
begin
writeln(’үш сан енгіз’);
read(a,b,c);
if (a<>b) and (b<>c) and (a<>c) then writeln(‘жоқ’)
else if (a=b) and (b=c) and (a=c) then writeln(‘бәрі тең’)
else writeln(‘екеуі тең’);
end.

2 – есеп.
Екі үшбұрыш  қабырғалары a, b, c және d, e, f берілген. Қайсы үшбұрыштың ауданы үлкен екенін анықтау  қажет.

Шешуі:
program esep2;
var a,b,c,d,e,f,p1,p2,S1,S2:real;
begin
writeln(’1-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’);
readln(a,b,c);
writeln(’2-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’);
readln(d,e,f);
p1:=(a+b+c)/2;
p2:=(d+e+f)/2;
S1:=sqrt(p1*(p1-a)*(p1-b)*(p1-c));
S2:= sqrt(p2*(p2-d)*(p2-e)*(p2-f));
if S1>S2 then writeln(‘үлкені 1-үшбұрыш, ауданы =’, S1:8:2)
else writeln(‘үлкені 2-үшбұрыш, ауданы =’, S2:8:2)
end.

III.Ой толғаныс.

Бағалау парағы:

Оқушының аты-жөні Паскаль тіліндегі есеп
(1 балл)
1 – есеп
(2 балл)
2 – есеп
(2 балл)
Қорытынды баға
1
2
3
4
5

 

 

 

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.