И-5-7. Paint графикалық редакторының құралдары.

Ақтөбе қаласы, Пригород орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Туркменбаева Алима Азижановна.

И-7. Paint  графикалық  редакторының  құралдары. Бүріккіш  құралын  пайдалану.  Қылқаламмен сурет салу. Өшіргіш құралын  пайдалану. Редакторда  практикалық жұмыс.

Мақсаты:

  • Графикалық  редактормен  жұмысқа үйрету. Қылқаламмен сурет салуды үйрету. Бүріккіш, өшіргіш құралдарын  қолдану дағдысын  қалыптастыру.  Редактормен  жұмыс жасау  ережелерін  практикалық бөлімде  бекіту;
  • Оқушылардың қылқалам  түрін  өзгертуді, бүріккіштің дағының  өлшемін  өзгертуді,  өшіргіштің өлшемін  өзгерте  білу  қабілеттерін  дамыту. Редактордағы  саймандар  тақтасындағы  құралдарды, түс палитрасын пайдалану  мүмкіндіктерін  арттыру;
  • Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие беру. Информатика  пәнін  тарих, әдебиет, сурет  пәндерімен  байланыстыра отырып,  қазақ халқының  тұрмыста, үй жиһаздарында  қолданылатын  заттарын салу.

Сабақтың толық нұқасын көшіріп алу.

WORDРAD  МӘТІНДІК  РЕДАКТОРЫНДА  ЖҰМЫС ЖАСАУ (автордық  7-сыныпқа арналған тағы бір сабағы)

Сабақтың барысы:

І.   Ұйымдастыру  кезеңі.
Тақтада  ілулі  тұрған  жеміс – жидектерді  таңдау арқылы  оқушыларды  топқа бөлу.

ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

2.1. Фигуралар  сөйлейді. Құралдарды  қалай  қолданатынын  көрсету.  Фигураларға анықтама беру.
2.2. Сұрақтарға жауап беру.

№ 1- сұрақ.
Paint  графикалық  редакторын қалай  іске  қосамыз?
Құю (Заливка)  құралы,  бұл тұйық контурдың  ішін  кескін немесе  фон түсімен  бояйды.

№ 2- сұрақ.
Paint  графикалық  редакторының  терезесінің  элементтерін атаңыз.
Тік төртбұрыш,  тік төртбұрыштар  салуға арналған.

№ 3- сұрақ.
Түстер палитрасының көмегімен неше түсті таңдай аламыз?
Көпбұрыш,  ерікті пішінді  тұйық көпбұрыштар  салады.

№4-сұрақ.
Кескін  түсін  қалай таңдаймыз?
Эллипс,  шеңбер  және эллипс  салуға арналған.

№5- сұрақ.
Фонның түсін қалай таңдаймыз?
Бұрыштары  дөңгеленген  (доғал)  тік төртбұрыш,  бұрыштары  дөңгеленген  квадраттар мен  тік  төртбұрыштар  салуға мүмкіндік береді.

№6- сұрақ.
Ақпараттық процестерді  зерттейтін  ғылым  қалай аталады?
Қарындаш, бұл  кез келген  сызықты әр түрлі  қалыңдықта  сызуға арналған.

№7-сұрақ.
Ақпараттық  процестерді  жүзеге  асыратын  негізгі құрал.
Қисық,  тегістелген,  қабаттасқан  сызықтар салуға  мүмкіндік береді.

№8-сұрақ.
Құралдар тақтасының  төменгі жағында  пайда  болатын  жиыннан  көпбұрыштың  үш  түрін  атаңыз.
Масштаб  құралы,  бұл суреттің  жеке үзінділерін  үлкейтуге  мүмкіндік береді.

№9 –сұрақ.
Paint  графикалық  редакторының   бағдарламасы іске қосылғанда  кескін түсі  мен  фонның түсі  қандай болады?
Сызық,  түзу сызықтар салуға арналған.

Қазақ халқының ағаш үйін салу.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.