И-8. Microsoft Word –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.

Ақтөбе қаласы, Пригород орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Туркменбаева Алима Азижановна.

Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.
Мақсаты: а) Microsoft  Word –ты іске  қосуды үйреті,    Microsoft  Word мәтіндік процесорының  терезесімен  таныстыру. Мәтіндік құжат құруды үйрету.

б) Оқушылардың белсенділігін дамыту, ой өрісін кеңейтуге      дағдыландыру.
в)Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.

Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ. Парктика.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру

II  Үй жұмысын сұрау
а) Растрлық  графикалық  редакторларды атаңыз?
б) Векторлық графикалық  редакторларды атаңыз?
в) растрлық, векторлық, графикалық  кескіндердің  айырмашылығы неде?

III   Үй тапсырмасын бекіту
IV   Жаңа сабаққа кіріспе
V     Жаңа сабақ
VI     Жаңа сабақты бекіту
VII    Қорытындылау
VIII  Үй тапсырмасын беру
X     Бағалау

Жаңа сабақ

Microsoft  Word –ты іс- бұл құжаттарды құру,  қарап шығу, өзгерту және басып  шығару үшін  арналған Microsoft  Office жүйесінің  құрамына кіретін программа.  Microsoft  Word іс жүзінде  қазіргі мәтіндік процессорлардың  барлық қажетті  сапаларына ие:

  • Құжаттарды құру және теру;
  • Қаріптер жиынын  пайдалану  арқылы оларды  форматтау;
  • Кестелер, графиктер, математикалық  формулаларды  пайдалану;
  • Емле ережесін тексеру және сөздерді  автоматты  тасымалдау;
  • Іскер хаттарды, келісім шарттарды, есеп беру  формаларын  және т.с.с. дайындауға  Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.

Мәтіндік  процессордың  кемшіліктері:

  • Математикалық  формулаларды  енгізу күрделі;
  • Растрлық графикаларға арналмаған.

Мәтіндік  процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

  1. Негізгі  менюден  Жіберу – Программалар –Microsoft Office –MS Word командаларын  орындау  арқылы;
  2. Жұмыс үстеліндегі таңбашамен.
  3. Мicrosoft Office тақтасындағы  батырмалармен.

Мәтіндік  процессор  жұмысын дұрыс аяқтау үшін  келесі  әдістерді  қолдануға болады:

  1. Файл – Шығу (Выход)  командасын таңдау;
  2. Alt + F4  батырмалар  комбинациясын  басамыз;
  3. Word  программасының  атаулар  жолының  оң жақтағы  жоғарғы  жабу  батырмасын шерту арқылы.

Word терезесін жабу кезінде  құжатқа енгізілген өзгерістер  сақталмаса, экранға  диалогтік  терезе шығады.  Осы диалогтік терезе арқылы  файлдағы  өзгерістерді  сақтай аласыз (жауап – Иә (Да),  өзгерістерді  сақтамайсыз (жауап –Жоқ (Нет) немесе редакциялауды  жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена).

Мәтіндік процессорды  іске  қосқаннан кейін  экранда  қосымша терезе  бейнеленеді.

Осы сабақтың толық нұсқасын және информатикадан 8-сыныпқа араналған сабақ жоспарлар жинағын көшіріп алу.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.