Химия-8. Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Жібек Жолы» мектеп – лицейі

Пән мұғалімі: Болғанбаева Бағдат.

Сабақ тақырыбы: §24. Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы.

Сабақтың мультимедиялық көрнекіліктерін көшіріп алыңыз

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. 1. Білімділік – оттектің физикалық және химиялық қасиеттері бойынша қолданылуы және тіршілік үшін маңызы туралы білім беру;
  2. 2. Дамытушылық – оттектің табиғаттағы айналымы туралы мәліметтер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту;
  3. 3. Тәрбиелік: қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық білім беру;

Сабақ мақсаты: Оттектің табиғаттағы айналымы, қолданылуы туралы мағлұмат беру, өмірмен байланыстыра отырып, проблемалық жағдаяттан шығу жолында оқушылардың іскерлігін, ой-өрісін дамыту, өзіндік ой қорытуға, шапшаңдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ;
Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар орындау.
Пән аралық байланыс: физика, биология, география;
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, презентация, флипчарт, химиялық реактивтер, ыдыстар, буклеттер, видеороликтер;

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Тақырыпты ашу;

1)         Жұмбақ шешу:
«Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің» (ауа)

2)         Жұмбақ шешу:    «Екі сөз тіркесінен тұрады, бір адамға қажетті құбылыс, екіншісі тыйым сөз. Осы екеуі біріксе,элемент аты шығады»
(оттек)

3. Үй тапсырмасын тексеру:

«Еске түсірейік»
Тірек сызбалар көрсетіліп, оқушы өлең оқиды:

«Мен оттекпін, ауамын қасиетті.
Ұстап тұрмын қолымда жер мен көкті.
Табиғаттың анасы жалғыз өзім
Кестеден сегізінші орын тептім.
Мен оттекпін, жерде көп таралғанмын
Ұмытпаңдар оттектей анаң барын,
Тыныс алып жүргенің менің арқам
Не дейді мен туралы жарандарым?!

[Сабақтың мультимедиялық көрнекіліктерін осы жерден көшіріп алыңыз]

І.  Білу – 2 ұпай.

Химиялық диктант «Қане танысайық» «+» «-« қою керек.

  1. Түссіз, иіссіз, дәмсіз газ.
  2. Суда жақсы ериді.
  3. Күрделі зат.
  4. Суда нашар ериді.
  5. Жануды қолдайды.
  6. Ауадан жеңіл.
  7. Тыныс алуға қажет.
  8. Зертханада марганцовкадан алады.
  9. Ауаның құрамына кіреді.

10.  Табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі.
11.  Ыдысты төңкеріп жинайды.
12.  Қалыпты жағдайда сұйық.

ІІ. Түсіну – 4 ұпай.

Қандай оксидтердің формулалары валенттілігіне сәйкес дұрыс қойылмаған?

I               IV             II             VI               I             VII              IV            II

Cu2O,         SiO4,        ZnO,         SO3,         NaO,        Cl2O7,        MnO4,       CO.

III. Қолдану – 6 ұпай.

Қандай қосылыста валенттігі дұрыс жазылмаған:
I    II            II  II            II   III           I   II          IV  II         II   II           VII  II
Ag2O,           FeO,           Fe2O3,          N2O,           SO2,          CaO,          Mn2O7.

IV. Талдау – 8 ұпай.

Мына реакция теңдеулерін жазып, оксидтерді атаңыз.

S + O2 =                   C + O2 =                   P + O2 =                 Al + O2 =

V. Жинақтау – 10 ұпай.
Күрделі заттың жану реакциясын жазып, түзілген оксидтердегі әр элементтің массалық үлесін есептеңіз.

VI. Бағалау – 12 ұпай.
Зертханада оттекті қандай заттан алған тиімді? Реакция теңдеуін жазыңыз.

4 моль KMnO4 берілсе, қанша грамм оттек түзіледі? Есептеңіз.

  1. Жаңа тақырып-слайдтар арқылы көрсетіліп, түсіндіру.
  2. Бекіту тапсырмаларын орындау:

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Жер қыртысы неден құралған?
  2. Ауадағы оттек қандай процесс көмегі арқылы толықтырылып отырады?
  3. Оттек қайда қолданылады?
  4. Оттектің қандай бүлдіргіш әсері бар?
  5. Бейнесұраққа жауап беру.
  6. Оқушылар білімін бағалау.
  7. Қорытындылау: Оттек – тіршіліктің тірегі – атмосфера – 21%, гидросфера – 89%, литосфера – 46,8 %, тірі ағзаларда – 65%;

Тіршілік үшін ең қажетті өмір өзегі – ауа;
«Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы
Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы
Ойлашы, кімге керек боламыз біз.
Жұтудан таза ауаны қалған күні»

Үйге тапсырма беру: Экологиялық байқау – «Ауаны ластамаудың тиімді жолдары» – зерттеулер, ұсыныстар, жобалар, шығарма дайындау;

Сабақтың мультимедиялық көрнекіліктерін көшіріп алыңыз

Check Also

merekemyrza000

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.