Информатика. «ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК» танымдық білім сайысы.

Закарьянова Нургул Советовна. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, математика-информатика пәні мұғалімі.

(Информатика пәнінен кластан тыс шара)
Пәні: Информатика.
Класы: 9а және 9б класстары. (әр кластан 7 оқушыдан топ құрылады)
Мақсаты:
–         7, 8, 9 кластарда өтілген материалдарды қайталау, жалпылау;
–         оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру;
–         оқушылардың негізгі, басты ойын қисынды жеткізе білуін, есте сақтауын дамыту, танымын кеңейту;
–         топта жұмыс істей білуге, қарсыласын сыйлай білуге, тапқырлыққа, ыждаһаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тапсырмалар жазылған карточкалар, дербес компьютер.

Өту барысы:

  1. I.      Командалардың  өздерін таныстыруы (9а класы «СЕЛЕРОН», 9б класы «ПЕНТИУМ» командалары)
  2. II.      Үй тапсырмаларын тексеру (алдын-ала әр класқа газет және информатикалық музыкалық қойылым әзірлеу тапсырылады)
  3. III.      «Суретшілер жарысы» (әр кластан бір-бір оқушы ортақ тақырыпқа графиктік редакторде сурет сала бастайды. Тақырыбы: «Туған жер-алтын бесігім»)
  4. IV. «ЭЕМ тарихынан…»

(Екі командаға саусақтар, есепшот, арифмометр, компьютер суреттері салынған карточкалар таратылып, есептеу тарихына байланысты олардың қолданылуын реттеп қою тапсырылады. Дұрыс реттелген командаларда карточкалардың екінші жағынан 1946 және 1951 жылдар көрінуі керек. Сол жылдардың ЭЕМ тарихындағы маңызын атау керек.

Жауап: 1946 жыл – АҚШ-тың Пенсильван университетінде (конструкторлар Дж.Моучли, Дж.Эккерт) алғашқы ENIAC  есептеуіш машинасы жасалды. 1951 жылы – КСРОда (конструктор С.А.Лебедев) МЭСМ жасалды.

  1. V. «Санау жүйесін қайталайық!»

Төмендегі екілік санау жүйесніде берілген көбейтудің тура екендігін ондық санау жүйесінде дәлелдеп бер:

1011012*1012 = 111000012 Жауап:   45*5=225

10112*1012 = 1101112 Жауап: 11*5=55

  1. VI.  «Теңіздегі шабуыл»
Сұрақтар Жауаптар
А2 Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы Дискета
А5 Ақпарат енгізуге арналған негізгі құрылғы Пернетақта
Б5 Бас әріппен жазу батырмасы Caps Lock
Г5 Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал Компьютер
Д5 ЭЕМнің ең аз минимальды конфигурациясы Жүйелік блок, пернетақта, монитор
Д4 Ақпаратты қағазға шығаратын басты құрылғы Принтер
Д2 Бүтін тип Integer
Г2 ДК қайта жүктеу пернелер комбинациясы Ctrl+alt+del
В2 Дискета қандай жадыға жатады? Сыртқы жады
В3 Программаның негізгі бөлігі қалай аталады? Операторлық бөлік

 

  1 2 3 4 5
А   *     *
Б         *
В   * *    
Г   *     *
Д   *   * *

 

 

Екі топқа 5х5 өлшемді торкөздер таратылады. Жүргізушідегі торкөздерде жоғарыдағы сұрақтармен 1 бірлік,  1 екілік, 1 үштік, 1 төрттік торкөзді кемелер жасырылады. Екі команда кезекпен адрестерін айту арқылы кемелерді іздейді. Қай команда кемеге дәл түссе сұраққа жауап береді. Кемеге дәл түсе алмаса немесе сұраққа жауап бере алмаса, онда кезек келесі топқа өтеді. Сұраққа жауап берсе ары қарай сол топ ойынды жалғайды. Екі топта сұраққа жауап бере алмаса, онда ол сұраққа ойын соңында бірақ оралады.

  1. VII. «Қисынды ойлай білейік!»

Екі командаға логикалық есеп беріледі.
1)    Сүт құйылған үлкен ыдыстан 8 литрлік және 5 литрлік  ыдыстармен 7 литр сүт өлшеп беру керек.
2)    Сүт құйылған үлкен ыдыстан 9 литрлік және 4 литрлік  ыдыстармен 7 литр сүт өлшеп беру керек.

  1. VIII. «Кім жылдам?»
R E A D R O F
I F B N E H T
E L E E S L E
T A G R W E C
I E I E H N H
R R N P I D A
W T A E L E R

Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және көп операторлар атауларын табар екен?     Жауап: бұл жерде 12 оператор жасырылған (BEGIN, ELSE, END, FOR, IF, READ, REPEAT, THEN, WHILE, WRITE, CHAR, REAL)

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Информатика 9 класс. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова
  2. Интернет материалдары
  3. «Первое сентября» газетінің «Информатика» қосымшасы

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.