Бейнелеу өнерінің үйірме жоспары

Диханбаев Еркінғали Боранқұлұлы, Шу қаласы, Төле би орта мектебі, Сызу-сурет пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: «Натюрморт» Затқа қарап бейнелеу.

Сабақтың түрі: Жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету. Көркем бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құра білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысында игеруге тиісті проблемалар: пішін сұлулығы пропорциясы, түстін үйлесімділік.

Көрнекі құралдар: Арнайы қойылым заттары, бояулар түсінің реттік тәртібін көрсететін суретшілер шығармаларының иллюстрациялары т.б.

***

Оқушылар үшін: ақ қағаз, акварель бояу, қыл қалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті ақ түсті пластикалық тақтайша. (15х15см) (палитра)

***

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Тізім бойынша үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. «Натюрморт» дегеніміз не?
  2. «Натюрморт» қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді?
  3. «Натрюморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды?
  4. Қағаз бетін қалай таңдап аламыз?
  5. Колепоновка дегеніміз не?

***

Сұрақтардың жауабы:

***

1. «Натюрморт» дегеніміз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген көркем шығарма.

2. «Натюрморт» – француз сөзі дәлме-дәл мағынасы. «Өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.

3. «Натюрморт» алғаш рет УІІ ғасыр басында Голландияда пайда болды.

4. Қағаз бетін заттар мен бұйымдардың көлеміне байланысты таңдап аламыз. (тігінен немесе көлденеңінен)

5. Компоновка дегеніміз – орындалатын жұмыста жоспарлау. Яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

Оқушыларға қойылатын талаптар:

1. Заттың суретін бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеу.

2. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу.

3. Жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.

4. Жұмыс барысында (бояу барысында) заттың көлемін көрсете білу.

Практикалық жұмыс:

***

Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.

–         пішіні қандай заттар?

–         Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру.

***

Сабақты қорыту:

Сабақ соңына қарай оқушының жұмысына таңдау жасап, бағалау.

1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі.

2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.

3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері.т.б.

4. Оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма:

Заттын өзіне қарай бейнелеу. Екі-үш заттардан тұратын натюрморт.

Мысалы: ***

Толық нұсқасын түсіндірмелері, мысалдары, көрнекліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

ҮЙІРМЕ  жұмыс  жоспары Толық нұсқасын түсіндірмелері, мысалдары, көрнекліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақтың мазмұны Сағат саны
1 Сызықтық бейнелеу 1
2 Акварель, гуашь бояларымен сурет салу әрекеттері 1
3 Реңдік бейнелеу. Жарық пен көлеңке. 1
4 Бейнелеу өнеріндегі үйлестіру заңдылықтары 1
5 Бейнелеу өнеріндегі түс түрлерімен таныстыру. 1
6 Затқа қарап сурет салу. 1
7 Есте сақтап және елестетіп сурет салу. 1
8 Бейнелеу өнеріндегі бейнелік пен көркемділік. 1
9 Өнер және бейнелеу өнері 1
10 Ұлы ойшылдар мен батырлар бейнелеу өнерінде 1
11 Табиғат көріністері «Күз», «Қыс», «Көктем», «Қыс» 1
12 Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері 1
13 Қазақстан халық шаруашылығы кейіпкерлері бейнелеу өнерінде. 1
14 Қазақстан елі мен жері бейнелеу өнерінде. 1
15 Қазақстан суретшілерімен танысайық. 1
16 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. 1
17 Графикалық түрлерімен танысайық. 1
18 Живопись түрлерімен танысайық. 1
19 Мүсін түрлерімен танысайық. 1
20 Сәулет өнері 1
21 Қолөнер түрлерімен танысайық. 1
22 Ағаш өңдеу өнерімен танысайық. 1
23 Ою-өрнек түрлерімен танысайық. 1
24 Тоқыма өнерімен танысайық. 1
25 Аппликация. Анамызға сыйлық. 1
26 Қағаздан бұйымдар жасау. 1
27 Өсімдіктердің суретін салу. 1
28 Заттардың суретін салу. 1
29 Затқа қарап сурет салу. Натюморт. 1
30 Жануарларды бейнелеу. 1
31 Табиғат көріністері. Бейнелеу «Көктем» 1
32 «Натюморт» Затқа қарап сурет салу. 1
33 Еркін тақырыпта бейнелеу. 1
34 Қазақстан суретшілерімен таныстыру. 1

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.