Технология. Оқушы жобасы: Торсық.

•Аты жөні: Ербосынова Ақерке
•Туған жылы: 16.02.1993
•Мектебі: Толе би мектебі, Шу қаласы, Жамбыл облысы
•Мұғалімнің аты жөні: Диханбаев Еркінғали.

Торсықтың шығу тарихы  (Жобаның толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.)

Көшпенділік өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған, себебі азық салуға және ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет болды. Ошақтың негізі болған мыс қазан біздің заманымыздан бұрынғы III-IV ғасырларда пайда болды.

Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз құюға арналған торсықтың негізінен екі түрі бар. Біріншісі дөңгелене келіп, ағашпен жиектеліп, терімен қапталады. Қылқа мойынды ұзынша, тығын салатын аузы бар. Екіншісі, айбалта пішінді. Үлкен иіннен жоғары шыққан қошқар мүйізді қос қапталы бар және мойыны ұзын. Торсық тек қымызды құю үшін ғана емес, оны бабында ұстауға да ыңғайлы. Ұзақ сапар кезінде шайқалып, қымыз қашанда бабында сақталады. Ал қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс – саба. Ол тұтас теріден (екіден бес теріге дейін) тігіледі. Әрқайсысының өз аты болған, мысалы «бес биенің сабасы» «тай жүзген» деген сияқты. Сонда-ақ түйенің мойын терісінен қымыз ашыту үшін сүйретпе жасалған. Ал емдік қасиеті бар, алысқа апарылатын ақты ешкінің тұтас терісінен жасалған меске құятын болған. Құрметті қонаққа қымызды мес, немесе сүйретпеден құю ұят саналған, сондықтан тек сабадан құйып берген. Жылқы және ірі қара терісінен шелек, басқа да ыдыстар жасалған. Жер суаруға, яки құдықтан су тартуға қауғаны пайдаланған. Былғары ыдыстар үй тірлігіне қолдануымен қатар, қазақтардың қайталанбас ұлттық өнерінің үлгісі. Әсіресе торсықтар мен бие сауатын көнектер мұқият өрнектелетін болған. Былғарыға басылған күрделі өрнектер, шеңберлі оюлар, өсімдіктердің мәнерлі нұсқалары домалақтана келген ыдыстардың сыртына тұтас салынып, жекелеген тұстарда бір-бірімен ғажап үндестік тапқан.

Торсық – сусын құятын ыдыс. Торсықты малдың терісінен жасайды. Оның жан торсық, мүйіз торсық, шимай торсық, сүйретпе торсық, т.б. түрлері көп. Мүйіз торсықты қазақтар киелі заттарының біріне санаған. Өйткені, арқар мүйіз, марал мүйіз, қошқар мүйіз өрнектері баршылықтың, байлықтың нышанын білдіреді. Мүйіз торсықтың тағы бір құпиялы сыры бар. Оның екі жақтағы иілген мүйізінің бұршына қымыз сақталып қалады. Оны қанша жусаңда кетпейді, биенің сүтін құйып қойса болды қымызды өзі-ақ ашытып тұрады. Сондықтын оны қымыз ашытатын ыдыс іретінде пайдаланады. Теріден жасалған ыдыстардың күннің ыстығында да суығында да бірқалыпты температурада сусын сақтайтын қасиеті бар. Мұндай ыдыстарға құйылған сусынды алыс сапарға шыққан жолаушылар қоржынға салып немесе қанжығаға байлап, алып жүреді.

Бәрімізге белгілі, торсық қос бүйірлі болып келеді. Осыған байланысты, бұрын әжелеріміз сүтке салатын айран іздемейтін болыпты. Көшіп-қонып жүргенде де тиімдісі осы емес пе?! Торсықтағы айранды құйып алған кезде, бүйір ұшында шамалысы төгілмей қалады екен, мұны білген әжелеріміз тек оның үстіне сүт құйып қояды-мыс.

Сондай-ақ ата-бабаларымыз көшіп-қонғанда кеселері сынбас үшін арнайы кесеқапқа салып қоятын болған ғой. Қазіргі заманғы кесеқапты Бұрын отбасылық кәсіпке аса назар аудара бермейтін сіңлісі Әсемгүл қазір өңделген теріні кестелеу арқылы шаш қыстыратын түйреуіш жасап жатыр.

Шығармашылық жұмысымның          экономикалық есептері

•1. Обрешётка ағаш өлшемі. Ұзындығы-9м, диаметрі-2*3мм, бағасы-150тг
•2.Тері. Ұзындығы-24см, ені-12см, бағасы-250 тг
•4.Желім 100 гр=50 тг
•5.Лак-250 гр= 100 тг
•6.Лак түсті-300 гр=150 тг
•7.Түрпілер түрлері 50 тг=100тг
•9.Уақытым 48 күн, аптасына 4 сағ , 12 сағ кетті.
•10.Еңбегім: 1000 тг
•11.Жұмысқа кеткен жалпы шығын-800 тг
•12.Шығармашылық жұмыстың жалпы құны 1800 тг

Жобаның толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.