«Краудсорсинг» деген не?

– Ержан мырза, сіз «KT Cloud Lab» компаниясының ақпараттық технологиялар бойынша директорысыз. Соңғы кезде ақпараттық технологияға байланысты көптеген жаңа үрдістер, жаңа сөздер пайда болып жатыр. Соның бірі «краудсорсинг» деген термин. Осының не екенін түсіндіріп жіберсеңіз.
– Краудсорсинг(crowdsourcing) сөзін ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда – топтың(жұрттың) ресурстарын пайдалану (crowd — «топ, жұрт», outsourcing – ресурстарды пайдалану). Алайда, аутсоринг түсінігімен ұқсастығына қарамастан краудсорсингтің ерекшелігі – жобаға тек сарапшылар мен білікті мамандар ғана емес, сонымен қатар елінің болашақтағы тағдырына бейжай қарамайтын, қызық идеялары мен өз ойларымен бөлісуге дайын қарапайым интернет тұтынушылардың тартылуы.

Жобаға қатысушылар өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар бір-бірінің ұсыныстарын дамытады да, жетілдіре алады. Қорыта айтқанда «краудсорсинг» — бірлесіп қызмет жасау үшін ғаламтор арқылы көптеген адамдарды белгілі бір жобаға тарту, көпшілік идеясы негізінде белгісіз тұлғалар тобына белгілі бір өндірістік қызметтерді беру. Өзіміздің қазақтардағы «асар жасауды» краудсорсингтің алғашқы бір үлгісі деп қарауға болады. Бірақ асардағы мақсат – бір-біріне жұрт болып көмектесу болса, краудсорсингтің айырмашылығы – жаңа идеяларды тауып, оны ары қарай дамыту, немесе шешімі қиынға түскен мәселерді топ арасында шешу, ғаламтор ішінен қарапайым креативті адамдарды іздестіру т.с.с.

(админ: бұл мақала информатик мұғалімдер үшін құнды) ТОЛЫҚ ОҚУ

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.