Информатика-7. Баспа құрылғылары. Сканер.

Изимова Г. «Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі информатика мұғалімі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға баспа құрылғылары, және сканер туралы түсінігін қалыптастыру. Осы құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. 1. Мазмұнға байланысты міндет : Жалпы ақпараттық құралдармен жұмыс жасауқабілеттері қалыптасады, пәнге деген қызығушылық әрекеті дамиды.
  2. 2. Сыни ойлауды дамыту: Алған білімдерін салыстыра топтастыра отырып, нақты мәлімет алады.
  3. 3. Топпен жұмыс: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, алған  теориялық білімдерін іс жүзінде қолданады, өз бетімен жұмыстануға тәрбиеленеді.

Сыныбы: 7 «А» сынып

Сабақтың  көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор, жұмыс дәптері, слайд.
Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Стратегиялар: Топтастыру, сәйкестендіру, ВЕНН диаграммасы

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Электрондық оқулық, интерактивті тақтамен жұмыс

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Миға шабуыл).

Сөзжұмбақ шешу:

  1. Ақпараттық процесті жүзеге асыратын негізгі құрал
  2. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым
  3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
  4. Ақпаратты енгізу құрылғысы
  5. Компьютердің теледидар тәріздес  құрылғысы
  6. Енгізу пернесі
  7. 10 пернеден тұратын қосымша пернелер

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру.

Сонымен біз сіздермен өткен сабағымызда дербес компьютердің құрлысымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабақта біз дербес компьютердің  қосымша құрылғылары принтер, сканер.

Принтер – ақпараттарды қағаз бертіне басып шығаратын құрылғы. Принтерге  мәтіндік, кескіндік, графикалық ақпараттарды қара немесе түрлі түсті етіп шығаруға болады.  Жалпы принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік.

Олардың ішінде басу сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады.

Жұмыс істеу принципі принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелер шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады.

Сия бүріккіш принтердің матрицалық принтерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түсті сұйық сияны кішкене тесіктер арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Екі картридж деп аталатын ыдыста біреуінде қара тус, қалғандарында көк, сары, қызыл түсті сиялар араласып бірнеше түс шығарады.

Лазерлік принтер матрицалық және сия бүріккіш принтерге қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Лазерлік принтерлердің бірнеше түрлері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы сыртқы пішіні мен басып шығару жылдамдығында. Олар 1 минутта 16 бет, ал кейбіреулері 24 бет шығара алады.

Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп дисплей экранына шығаруға мүмкіндік береді.  Кескінді сканерлегеннен кейін графикалық программаларда үлкейтуге кішірейтуге, болады.   Көп жағдайда мәтінді енгізу перне тақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді.  Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады.

Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті.

Сканер Жұмыс істеу принциптері Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.

Қазіргі функционалды сканерлер 2 бөлімнен тұрады:
1. Пластмасса корпусындағы сканерлейтін механизм, 2.Программалық бөлігі – тұратын драйвері. Ол тек сканермен ғана емес, басқа программалармен және ОЖ-мен түгелімен байланыстырады. Сканер компьютердің стандартты құрылғысы емес, сол себепті оған драйвер орнатылады. Әр модельдің өзінің драйвері болады. Сканерлерде стандартты драйвер болмайды. Планшетті сканер

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

2 комментария

  1. Сабатың негізгі бөлігін қайта өңдеп шығамыз? Мақала авторы, хабарласыңыз..

  2. Сабатың негізгі бөлігін қайта өңдеп шығамыз? Мақала авторы, хабарласыңыз..

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.