Информатика. Кесте құру. Word –тың графикалық мүмкіндіктері

Пәні:
Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларға Word –та кесте құруды, сурет қоюды  меңгерту. Кестеге жол, баған қосуды, ұяшықтарды біріктіруді, суреттердің өлшемін өзгертуді үйрету.
дамытушылық: Танымдық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау  қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
тәрбиелік:       Алған білімдерін тиянақтай білуге, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге баулу. Ой –пікір көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау,  сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер. Сабақтың толық нұсқасын көшіріпалыңыз.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: венн диаграмасы, топтастыру,  INSERT жүйесі.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) ой қорыту ( венн диаграмасы)
ә) сергіту сәті
3. Жаңа сабақ
б)  INSERT жүйесі
4. Қорытындылау
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма.

1) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын тексеріп, сабаққа зейінін аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау:

1) Пішімдеу дегеніміз не?
2) Қаріптің сызылымын  қалай таңдаймыз?
3) Қаріптің өлшемін қалай өзгертеміз?
4) Абзацты форматтау қалай орындалады?
5) Бет нөмірлерін қалай қоюға болады?
6) Құжатты баспаға жіберу үшін қандай амалдарды орындаймыз?

1) Ой қорыту:    Үлестірмелі қағаз арқылы венн диаграммасын, бес жол өлеңді, топтастыруды толтыру.
1. Венн диаграммасы
MS Word                                                     WordPad

2. Бес жол өлең: Мәтіндік процессор
1. Мәтін
2. қызықты, графикті.
3. Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.
4. Мәтін  кестеден  құралған
5. MS Word мәтіндік процессор.

Сергіту сәті (Тақтаға сөзжұмбақ ілінеді)

3. Жаңа сабақ
Кестелерді жасау әдістері.  Кесте мәтіндік және графикалық  хабарламаларды  көрнекі етуге мүмкіндік  береді. Кесте баған мен жолдан және екеуінің  қиылысуында  орналасқан  ұяшықтан тұрады.  Ұяшыққа  бірнеше жол  немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер  орналасу мүмкін.

Ұяшықтағы  мәтінді  кәдімгі  ереже бойынша  форматтауға  болады.

Құжатта кесте құрудың екі әдісі бар:

1- әдіс:
Бос кестені орналастыру үшін  курсорды  қажет жерге апарып, Кесте  (Таблица) менюіндегі Қою →Кесте (Вставить →Таблица) командасын таңдаймыз.  Кестені қою  терезесінде  бағандар мен жолдардың  сәйкес сандарын қоямыз.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріпалыңыз.

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.