Сабақ тақырыбы: Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

Сабақ тақырыбы: Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
Сабақ мақсаты:
1. өлеңнің идеялық мазмұнын түсіндіру, талдай оқуға үйрету.
2. бірлесіп  жұмыс жасауға баулу, оқу-білімге, еңбекшілдікке шақыру, өмірден өз орнын таба білуге тәрбиелеу.
3. тіл дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру,  шығармашылық жұмыс түрлеріне баулу.

Сабақ түрі: жаңа білімді игерту.
Сабақ үш фазадан тұрады:

  1. Қызығушылықты ояту.
  2. Мағынаны ажырату
  3. Ой-толғаныс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтастыру, сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, мәселелі сұрақтар, эссе, АКТ
Пәнаралық байланыс: ән-күй, тарих, сурет
Сабақ көрнекілігі: ақын портреті, бүктемелер, слайд
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

/Сыныпты екі топқа бөлу, топбашысын тағайындау, бағалау парақтарын үлестіру/
1 топ «Болашақ» тобы
2 топ «Аманат» тобы

Үй тапсырмасын тексеру:
Отыз бірінші қара сөз бен «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі
–         жатқа мәнерлеп оқыту
–         ақын шығармаларының тақырыбы мен идеясына байланысты  топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

Үй тапсырмасын қорытындылау:
–         жазған ой толғауларын оқыту

Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе сөзі
1 слайд. Абай- дария, мен  одан шөмішпен қалқып алдым.
М.Әуезов

Оқушыларға ақынның болашаққа аманаттаған жаңа бір өлеңімен  танысатындығымызды айтып, сабақтың эпиграфымен, /М.Әуезовтың сөзі/  жоспарымен таныстырып өтемін.

Слайдты қолдана отырып, топтастыру әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.

2 слайд. Сабақ жоспары:
1. Өлең  туралы мәлімет
2. Сөздік жұмысы
3. Өлеңнің идеялық мазмұнын талдау
4. «Әнді сүйсең, менше сүй» ақынның  музыкалық шығармалары
5. Әдеби-диалог журналы

Мына сызба нұсқаны қолдана отырып, өлең туралы  мәлімет беремін.
3 слайд.
1909 жылы                                                                           ағылшын, түрік,  араб                                                         Санкт-Петербург қаласында                                          т.б тілдерге  аударылған.                                    Басылған «Абай Құнанбайұлы өлеңдері»                                                                 жинағына жазылған.

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
1894 жылы жазылған                                                        4 тармақ, 6 шумақ
Мағыналық құрылымы жағынан                                                        Төрт бөлікке бөлінеді.

4 слайд. Өлеңнің идеялық мазмұнымен жұмыс
–         Өлеңді мәнерлетіп оқыту
–         Түсініксіз сөздермен жұмыс
Шапқат /шапағат/-мейірім, жәрдем, көмек                                                                    Ез /езбе/- мезі ету                                                                                                    Әсемпаз- көрсеқызар, қызғаншақ                                                                     Майданға түспей-еңбектенбей

Өлеңді талдай оқытып, әр шумақтың мағыналық құрылымдарын анықтатып, жазғызамын.

1 шумақ Ақын адам алдына нақты міндет қояды, оған белгілі бір игі іс атқару парызын жүктейді.
2-3 шумақ Сол міндетті орындауға, істі атқаруға қажетті адамгершілік ізгі қасиеттер көрсетіледі. 

Қайрат, ақыл бір болып, әділет пен шапағат шет қалса, адамгершілік негізі кемелденбей, өмірі бағдарсыз, баянсыз өтетіндігі туралы ой  тұжырымдалады.

4-5 шумақ Адамгершілік кемелдікке  жетуге ниет еткен  кісінің қандай жаман  қылықтардан бойын  аулақ салуы парыз екендігі көрсетіледі.
6-шумақ Адамгершілік кемелдікке  жетуге ниет қылған  адамның  қандай  жақсы қылықтарды әдет етуі қажеттілігі туралы ғақылымен аяқталады. Бұл шумақ алдыңғы  шумақтардың қорытындысы, түйіні.

Өлең құрылысына талдау

Оқушылар интерактивті тақтада талдайды, өлең құрылысы туралы алған теориялық  білмдерін қайталайды, шалыс ұйқас өлең өлшеміне енгізген ақынның жаңалығы екендігі айтылды,

 

Әсемпаз болма әрнеге,                 а 8 буын                                                           Өнерпаз болсаң арқалан.              б 8 буын                                                                               Сенде бір кірпіш дүниеге,            а 8 буын                                                                        Кетігін тап та, бар қалан.              б 8 буын

2  бунақ, 8 буын, шалыс ұйқай

Ақырын жүріп, анық бас,             а 8 буын                                                           Өнерпаз болсаң арқалан.              б 8 буын                                                                               Сенде бір кірпіш дүниеге,            а 8 буын                                                                        Кетігін тап та, бар қалан.              б 7 буын

2 бунақ, 7-8 буын, шалыс ұйқас

Сұрақ: –Өлеңде ақынның  афоризмге айналып кеткен қандай тармақтары бар?

-Тағы да қандай қанатты сөздерін білесіңдер?

Танымдық деңгей

«Әнді сүйсең, менше сүй»   /ақынның музықалық шығармалары/

Ақын өзі де ән айтып, домбыра шерткен. Өлеңдерімен бірге әндерінен де өзінің тәлімгерлік тәрбиелік, ағартушылық дана ойларын нәзік әнге арқау, кейінгі ұрпаққа мұра етті

Ақынның музыкалық мұрасы

3 күй                                                                            27 әні

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің сазын тыңдап, әнін үйретемін.

Қорытындылау: өлең мазмұны бойынша әдеби-диалог  журналын жазғызу

Ақынмен тілдесу Ой-толғаныс, пікір жиынтығы

Бүгінгі сабақта  Елбасының  сөзімен байланыстыра отырып  қорытындылаймын:

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

Н.Ә. Назарбаев

Бағалау: топбасшыларға сөз беру

Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау, «Менің болашағым» тақырыбына эссе жазу.

 

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

6 комментариев

  1. Aigerim Kuzembaeva

    menin suretimdi owiriniz uialsaniz kaitedi

  2. Aigerim Kuzembaeva

    menin suretimdi owiriniz uialsaniz kaitedi

  3. уф абаидын олендери ваше жок достар маган оилансаншы бос какпаи елен селен деген абаидын олен жолдары бар оленди жазып жиберинши жазган адамга500 единица

  4. уф абаидын олендери ваше жок достар маган оилансаншы бос какпаи елен селен деген абаидын олен жолдары бар оленди жазып жиберинши жазган адамга500 единица

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.