Тақырыбы: «Жас тілші» қызықты грамматикалық сайыс

Айгерім. Ақмола облысы, Бұланды ауданы, «Макинск №5 орта мектебі» мұғалімі

Тақырыбы: «Жас тілші» қызықты грамматикалық сайыс

Мақсаты: танымдық қабілеттерін, тіл байлықтарын,сөйлеу шеберліктерін тексеру, дамыту. Нағыз тіл жанашырларын таңдап алу.

Көрнекіліктері: қоржын, тілге қатысты нақыл сөздер.

Барысы: Ұйымдастыру

Қатысушыларды ойын барысымен таныстыру. «Орамал тастамақ» ойыны арқылы ойынға қатысушыларды іріктеп алу. Ойынға 8-11 сынып оқушылары қатысады.

«Орамал тастамақ» ойынының тапсырмалары:

  1. «Тіл туралы заң қашан қабылданды?» /1989ж 22.09/
  2. Қазақ тілімен туыстас тілдерді кім айтады?
  3. Әр кімге туған тілі….. кім жалғастырады?
  4. Не қорқақ, не батыр?

4ойыншыны іріктеп алғаннан кейін  ойын шартымен таныстырып,ойынды бастау екінші ойыннан кейін  ұпайы аз бір ойыншы  ойыннан кетеді, 4 ойында /Ғажайып жетілік/ ұпайы аз екінші ойыншы ойын алаңынан шығады.

Ойын шарты

  1. Ой жинақтау   /өзі туралы, қазақ тілі туралы бір ауыз лебіз/
  2. Бәйге               /әр түрлі сұрақтар беріледі, ойыншылар ұпай жинайды/
  3. Лексик           /сөздердің синонимін, тұрақты тіркестерін табу/
  4. Ғажайып жетілік /түрлі тақырыптардың бірін таңдайды/
  5. 5. Жекпе жек
  6. 6. Қоржын қағу /шешендік туры/

Бәйге бөлімі

  1. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол
  2. Бірлік түбі….
  3. ….Алты малта ас болмай, авторы кім?
  4. Бес арысты ата?
  5. Үш бәйтерек кім?
  6. Бес түлік малға қатысты жырлар  ауыз әдебиетінің қай саласына жатады?
  7. Қазақтың тұңғыш президенті?
  8. «Аяз әліңді, құмырысқа жолыңды біл» осындағы Аяздың рас аты кім?
  9. 9. Түйе үстінен сирақ үйту тұрақты тіркесінің  мағанасын аш?

10. Аужар қандай салт?

11. Таяқ тастам жер тұрақты тіркесінің мағынасын аш, синонимдерін ата?

12. Бес саусақтың атын ата?

13. Алан ненің баласы?

14. 11 ғасырда өмір сүрген әйгілі түріктанушы ғалым, филолог?

15. Төл теңгеміз қашан қабылданды?

3.Лексика бөлімі

Синонимдік қатарларын табу

  1. батыр /батыл,ер,ержүрек,жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан т.б/
  2. қорқақ /қоян жүрек…./
  3. ұзақ /қашық, ит арқасы қиян…./
  4. үріп ауызға салғандай /әдемі…./
  5. жасақ /қол…/
  6. пошым /бет, жүз…./
  7. жігіт /азамат…./
  8. марғау  /жалқау, бой күйез…./
  9. демде /тез/

10. сықылықтау….

Бұл бөлімнің соңында  ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады. Қалған үш ойыншы ойынды ары қарай жалғастырады.

Ғажайып жетілік

Берілген жеті түрлі тақырыпты  ұпайы көп ойыншы бастап таңдап алады. Әр тақырыпта үш тапсырма бар.

  1. 1. Мақал мәтел

1.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай?

2.Қар ери ме?

3.Сөзде түйін бола ма?

2. Тұрақты сөз тіркесі /мағынасын ашу/

1.Неге алақанына түкірді?  /іске құлшынып дайын тұр/

2.Жыртысын жырта ма? /намысын жоқтады, көмектесті/

3.Итке қатысты тұрақты тіркес барма?

3. Салт дәстүр

1. «Сырға тағу» деген қандай салт?

2. «Әңгімегерлік» деген не?

3. «Шолпы»деген қандай зат?

4. Шешендік сөз

1. «…Біз қазақ деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз! Еліміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз!» кімнің сөзі?

2. Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не?

3.Бір шешендік сөз айтып бер.

5.Республикам менің?

Жанды сұрақтар қойылды. География, тарих пәндерінің мұғалімдері сұрақ қояды.

6.Сөз өнері

1.Ежелгі дәуір әдебиеті қалай жіктеледі, өкілдері?

2.Міндім де ақсақ қоңыз аяңдадым… жалғастыр

7. Тест

3 тестік сұрақ оқылады, оған табан астында жауап береді.

 

 

Бұл бөлімнің соңында ұпай аз ойыншы ойыннан шығады. Қалған екі ойыншы білімдері мен тіл өнері сайысының «жекпе жегін» ойнайды.

 

5.Жекпе жек

Әр ойыншыға 10 сұрақтан беріледі, тез жауап қайтаруы керек.

1 ойыншыға

1.Әдебиет сөз өнері ме?

2.Сөздің ең түпкі мағыналы бөлшегі?

3.Көптік жалғауларын ата?

4.Септік алтау ма, жетеу ме?

5.лық қандай жұрнақ?

6. «Абай жолы» романында Әйгерім деген кейіпкер бар ма?

7. Көркем шығармада табиғат суретін қалай атайды?

8. «Қараш қараш» поемасының авторы кім?

9.Бөлтірікті асырайтын кім?

10.Портрет деген не?

2 ойыншыға

1.Қазақ тілі қандай бөлімдерден тұрады?

2.Жұрнақ нешеге бөлінеді?

3.Кітабым сөзі қалай түрленіп тұр?

4.Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

5.Мен кескекті ердің соймын қандай көркемдегіш құрал?

6.Есімдік нешінші сөз табы?

7.Тайлақ деген сөзде неше зат есім бар?

8.Судың сұрауы барма?

9.Үнді дауыссыздың саны нешеу?

10.Таулардан өзен ағар арқыраған қандай көркемдегіш құрал?

 

Бұл ойыннан кейінойыншылар ұпайы саналады, соңғы шешущі бөлім «Қоржын қағу» шешендік турына тақырып таңдап, ой жинақтауға 2 минут уақыт беріледі. Сол аралықта көрермендермен «Тойдан шашу» ойыны жүргізіледі.

Шарты: Ортаға сұрақ тасталады, кім тез әрі дұрыс жауап берсе, сол тойдың шашуынан /кәмпит/ алады.

 

1.Тауық түс көреме?

2.Түйеге жұрнақ жалғанса кім болады?

3.Жұрнақсызда жұрнақ барма?

4.Қандай бас екі аяққа тыным бермейді?

5.Адамда арқау бар ма?

6.Қандай тауыққа бәрі тары?

7.Саңырауға сәлем берсең не дейді?

8.Шеше кеше,

Неше кесе

Сынды кеше

9.Қазақстандағы қандай өзеннің аты сын есім мен зат есімнен құралған? /Ертіс/

10.Қандай қаланың аты зат есім сен етістіктен құралған?

11.Күлу сөзінің дисфемизімін ата?

Шешуші кезеңге қатысып отырған оқушылар «Ана тілім мақтанышым» тақырыбына сөйлеу шеберліктері мен сөз мәнері, тақырыпты ашуы сынды қабілеттері сынға түседі. Жеңіске жеткен ойыншыға «Жас тілші» мәртебесі беріледі. Соңы М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі » өлеңімен қорытындалады.

 

 

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.