Сабақ тақырыбы: С.Сейфуллин «Бақыт жолына» пьесасы,11 сынып

Сабақ мақсаты:
1.  Ақынның «Бақыт жолына» пьесасын оқытып, мазмұнын түсіндіру, талдау.
2. Өздік дербес ізденуге баулу, көркем туындыны өз  бетімен оқу, талдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Бір-бірінің пікірін саралай білу,бағалау талдау, сын айта білу, келісу мойындау өз пікірін қорғау.

  • Сабаққа қолданылған әдіс-тәсілдер: Дәріс, өзара сөйлесу, әңгімелесу.
  • Сабақ түрі; Талдау, кубизим стратегиясы
  • Сабақ көрнектілігі: Кубик, сөз жұмбақ, кеспе карточкалар
  • Қосымша әдебиет: С.Сейфуллин поэмалары мен пьесалары томы
  • Сабақ барысы: Ұйымдастыру.  Зейіндерін шоғырландыру.

Сыныпты екі топқа бөлу. Топбасшы сайлау, әр топ ақын шығармашылығына  қатысты сөзден өздеріне ат таңдап алады оны қорғайды.

  • Үй тапсырмасын тексеру. (сөзжұмбақ шешу)
  1. 50 жаста. орта малды, ашулы кісі кім?
  2. 35 жаста інісі?
  3. Ермектің шашын өсірмеуін , шылым шекпеуін әкесі кім үшін сұрайды?
  4. 47 жастағы Телжанды жемікке жазармыз дейтін кім?
  5. Қазақтың қанын сорған начальниктердің бәрі түсті,һәм болыстарды, билерді,старшындарды түсіріп, тергеуге алуға комитет қаулы жасады,- кімнің сөзі?
  6. Дүниеде енді арманым жоқ! Несін айтасың,Ермек! Ол кім?
  7. Бөркіңді неге киіп отырмайсың?

-Басы….. бар ма,  шашы бар….

8.Телжанды премнан қалдырады демесең Мүслимажанға Нөкербай тең емес қой? Кімнің сөзі?
9. Ермекке құдалар келгенде қалай отыр деп шарт қояды?
10. Болыспен Терлікбай арасын жалғастырушы кім?
11. Жауырынын қимылдатып, қышынып жүретін кім?

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі.:  Төңкерісшіл драманың басы- Сәкеннің  «Қызыл сұңқарлар»  «Бақыт жолына»  пьесасы М.Әуезов

С.Сейфуллин «Бақыт жолына» 1917ж, «Қызыл сұңқарлар»  1920ж

Авторлық- Мұрат, бостандық-Ермек Тілі халықтың ауыз екі тіліне  жақын болуында- драманың табысы. Бұл шығарманың реалистік теориялық ұғым қуатын күшейтеді.

Типтік бейне. Терлікбай, болыс түнде басталып таң ата аяқталуы неде?

«қарама-қарсы контраста алу арқылы символ жасаған, образды,детал»

Топтастыру әдісі. (Драма бойынша алған білімін түсінгендерін сызба нұсқамен жазып, қорғайды)

Кубизм суреттеңіз

Зерттеңіз- мәтінмен жұмыс: Терлікбайға, Нөкербайға, Ермекке мінездеме беріп мәтіннен дәлелдейді. Үзінді келтіріп Мүсілима, Жамила, Қалпе, Сарсенге мінездеме береді. Бір-біріне қосымша сұрақтар қойып, келіседі, толықтырады.

Қолдаңыз не қарсы шығыңыз? Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.

–         Пьеса  тақырыбы әйел теңсіздігі дұрыс па? Неге? Жаңалығы неде?
–         Пьессаға сюжеттік жоспар құру.
–         Ермек шылым шегетін әкеге қарсы шығатын  бұзылған жас

4.Салыстырыңыз. Бұған дейін қазақ әдебиетінде қандай әйел теңсіздігіне байланысты  шығармалар жазылды, одан ақын пьесассының айырмашылығы неде? Салыстыр.

5.Қолданыңыз (қазіргі өмірмен байланыс) шағын эссе «қазіргі Мүслима»

6.Автор орындығы

Терлікбай-қалың мал,. «Бақыт жолына» күрес
Ермек-
Мүслимә-
Жамилә-
Болыс /Нөкербай/

Сабақты қорытындылау. Қорытынды сөз тәрбиелік мәні не?
Үй тапсырмасы:

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.