Математика-9. Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы.

Хайнешова Ш.Т. Атырау қаласы, М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп.

Сабақтың мақсаты:    формуласын пайдаланып, есептер шығаруға, аса үлкен шамалардың мәнін  бағалай білуге жаттықтыру;
Тәрбиелік мақсаты: Білімділік пен білімсіздікті салыстыруға, терең ойлай білуге, шыдамдылыққа, төзімділікке, тапқырлыққа баулу;
Сабақтың түрі: театрландырылған сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, шахмат, формула жазылған плакат; толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын  тексеру;
Арифметикалық, геометриялық прогрессия анықтамалары; n-ші және алғашқы n мүшелерінің қосындысы туралы формулалар;

Есеп: -арифметикалық прогрессия. Табу керек;  -?

Шешуі:

 

Шахмат ерте замандардан келе жатқан көне ойындардың бірі. Ол туралы көптеген аңыздар бар. Бүгінгі сабағымызға тікелей қатысы бар  осы аңыздардың бірі бойынша оқушылардың көмегімен дайындалған  театрландырылған көріністерді  тамашалай отырып, жаңа сабақты баяндауға кірісейік.

Қатысушылар:

  1. Шерам-Ертедегі үнді патшасы (Нуроллаев Файзулла )
  2. Сета-шахмат ойынын ойлап тапқан өнерпаз  (Габдулов Диас)
  3. Уәзір (Дүйсенов Сұлтан)

Шерам.(Қолында шахмат тақтасы бар, ойланып сөйлеп жүреді) Ғажап өнер!Неткен даналық, тамаша! (Қолын соғып уәзірін шақырады)Уәзір!

Уәзір.Жарлығыңызды орындауға дайынмын, тақсыр!Әміріңіз бойынша келіп тұрмын.

Шерам.Мынау  ғажап ойынды, шахмат ойынын кім ойлап тапты?

Уәзір.О, Ұлы Әміршім. Ол- өзіңіздің бағыныштыңыз. Бұл ойынды ойлап тапқан Сета болады, тақсыр!

Шерам. Шахмат ойыны  маған қатты ұнады. Осы ойынды ойлап тапқан Сетаға зор сыйлық жасағым келіп тұр, дереу шақырып кел!

Уәзір.Әміріңіз орындалады, тақсыр патшам!

Мұғалім. Уәзір Сетаны шақырып келгенше мына есепті  шығарайық. 3;9;27;…геометриялық прогрессия. Табу керек

толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.