12 жылдық білім беруде оқушыларда информатика сабағында қалыптастырылатын құзыреттіліктер

Ақтөбе қаласы, №51 гимназияның информатика пәні мұғалімі Асемгул Кунтуганова.

«Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» – деп көрсеткен болатын ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында. Осыған орай № 51 гимназияда 2004 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің №586 бұйрығы (24.06.2004) және Ақтөбе облыстық білім басқармасының №469 бұйрығы (23.10.2004) негізінде 12 жылдық білім беру эксперименті басталды.

Эксперименттің мақсаты: жетікті, шығармашыл, бәсекеге, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республиксының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырландырудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұғырға көшу. 12  білім беру жағдайында әлемдік деңгейдегі белгіленген білім беру міндеттерін нәтиже ретінде көру мүмкіндігі туындайды. 12 жылдық білім беру проблемалыры орталығы дайындағын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты білім берудің мазмұнын жобалау және белгілеу тәсілдерінің жаңа үлгісін ұсынады. Бұрын мемлекеттік стандарттар берілетін материалдың көлемін мен құрылымынның нормаларын белгілеген болса, жаңа стандарт жобасында білім берудің нәтижелері норма ретінде бекітілген. Ең басты нәтиже құзыреттілік болып отыр.

Құзыреттілік тұғыры бойынша білім беру прагматикалық сипатта болады және мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оны ретке келтіре алуы; өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі.

Бұл үшін «құзырет» және «құзыреттілік» деген ұғымдардың мән-мағынасын ашып алуды жөн көрдік. «Құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдарын, тұлғаның құрылуында феномен ретінде құзыреттілікке ие болудың мәнін және табиғатын түсінуде А.М.Аронов, Дж.Равен, А.Н.Тубельский, Б.И.Хасан және т.б. пайымдауларының мәні зор. Соның ішінде А.М.Аронов құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы деп қарастыруды ұсынады, құзыреттіліктің іс-әрекеттік негізі қазіргі білімдік және болашақтағы практикалық әрекетті байланыстырады. Ғалымның ойын жалғастырушы .Г.Б. Голуб құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар іс-әрекеті жатыр,  «іс-әрекет ойлау әрекетінің бөлігі», ал құзыреттілік «бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-әрекеті» деп ерекше атап өткен. Бұл құзыреттілікті іс-әрекеттік категориясы деп түсінуге мүмкіндік береді. Автордың пікірінше, ол субъективтенген, яғни жеке іс-әрекет тәжірибесінен өткен, субъективті тәжірибеге айналады. Сонымен, құзыреттілік– оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, біліктілігін, дағдыны және әрекеттің барлық тәсілдерін меңгеруі, білім берудің нәтижесі.

Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:

Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік – зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.

Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.

Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкпал етуді қарастырады.

Құзыреттілігі жоқ мұғалімнің оқушылары да құзыретсіз екендігін есте ұстаған жөн. Құзыреттілік құралдарының тізімі бәрінен бұрын оқушы ұстанымына да байланысты. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру олардың белсенділігіне байланысты болады, яғни мұғалімнің «белсенділігі» оқушылардың белсенділігіне ауысқан кезде ғана болады.  Оқушыларды оқыту үдерісінде төменде көрсетілген технологияларды белсенді пайдалану керек: жобалар әдісі, жарыссөз әдісі, ойын технологиясы (рөлдік ойындар), проблемалық  пікірталас, интерактивтік оқыту технологиясы (жұппен, шағын топтарда), модульдік оқыту технологиясы.

Жобалар әдісі, мысалы, ақпараттық, коммуникативтік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру және т.б. сияқты құзыреттілікті қалыптастыруға қолданыла бастады.

Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру — бұл оқу іс-әрекеті мен өз қызметін талдау біліктілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жүйелілік дағдылары, мысалы, сұлбалар, алгоритмдер құрастыру арқылы қалыптасады. Осы құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақтарда өзін-өзі бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.

Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ойын технологиялары, пікірталастар көмегімен сатылай жүргізіледі. Негізгі біліктілікті қалыптастыруда оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдары маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келсек, оқушы құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады. Ол “Модульдік оқыту технологиясы”, Қараевтың “Оқытудың педагогикалық технологиясы” болуы мүмкін, бірақ ең бастысы шәкірт қойылған проблеманың шешімін өзі табуы керек, әрекет жасай білуі керек.

Сонымен, ұстаздық ұстанымдарымыз “құзыретті тұлғаны” дамыту, ізденісті маңдайға тигізіп, білімді санаға сіңіру, ұғымды түсінікке ұйытқы болғызу болып табылады.

Н.Ә.Назарбаев өзінің  Қазақстан  халқына  жолдаған  Үндеуінде: «Біздің  болашағымыз  білікті  де,  білімді  жастардың  қолында»- деп  атап  көрсетсе, сол  жастарды  мектеп  табалдырығынан  бастап дайындауға көш алдында  болайық.


 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

2 комментария

  1. Асемгул апай! Сіздін жазган макаланызды окып шыктым, макаланыз жаксы жазылган. Унады! Озиме керекти бираз нарсе алдым.
    Окушылардын кузыреттилигин дамытуда Сиз сабак устинде кандай тапсырмалар бересиз?

  2. Асемгул апай! Сіздін жазган макаланызды окып шыктым, макаланыз жаксы жазылган. Унады! Озиме керекти бираз нарсе алдым.
    Окушылардын кузыреттилигин дамытуда Сиз сабак устинде кандай тапсырмалар бересиз?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.