Есептеуіш техниканың даму тарихы (7-сын).

Қарағанды қаласы №36 орта мектеп  мұғалімі: Аманбаева Майра Жакановна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есептеуіш техникасының тарихы туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылығын  қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жеткіншектерді еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізе білуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуге баулу.
Сабақтың түрi: жоба қорғау сабағы
Әдіс-тәсілдері:  Жоба дайындау, оны қорғау, дәлелдеу, салыстыру, талдау, зерттеу.
Сабақтың көрнекiлiктерi:интерактивті тақта, слайдтар, буклет, үлестiрмелi карточкалар
Оқыту түрі:  топпен жұмыс.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың екі топ бойынша сабаққа дайындығы. Сабақ тақырыбы мен түрі, мақсатын айқындау.)

Кіріспе сөз: Бүгінгі сабағымыздың түрі – жоба қорғау сабағы.

Жобамыздың жалпы тақырыбы-есептеуіш техниканың даму тарихы. Жоба қорғауға дайындық барысында бірнеше кезең бойынша ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ақпарат құралдарын пайдаландыңдар. Оның нәтижесін бүгінгі күнгі жоба қорғау сабағында ортаға салмақпыз.

Сонымен, бүгінгі жоба қорғау сабағымыздың мақсаты – есептеуіш техникасының тарихы туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылығын  қалыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында әр топқа алдын – ала жобалау тақырыптары ұсынылған болатын. Арнайы жобалау әрекеті жоспары және технологиялық карта негізінде, әр топ тақырыбы анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілді, бағыт- бағдар айқындалды.

Соның нәтижесінде бүгінгі сабақта мынадай бағыттар бойынша жоба қорғаймыз:

1 топ: « Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы»
2 топ: « ЭЕМ буындары»

Осы тақырыптар төңірегінде өз жобасын қорғауы үшін, әр топқа сөз береміз. (15 мин . уақыт беріледі).

ІІ. Жаңа сабақ

І топ. —————————————————(өз тобымен жобасын қорғайды).

  1. Қол – б.э. дейінгі елуінші мыңжылдықтан бастап.
  2. Механикалық құралдардың даму кезеңі.
  3. Электр механикалық құралдардың даму кезеңі.
  4. Электрондық құралдардың даму кезеңі.

Мұғалімнің сөзі: І топтар өз жобаларын қорғады. Енді бірінші топқа сұрақтары бар ма? Екен?

І топ: бірінші  ЭЕМ қалай аталған? Ол қай жылы жасалған? (Марк -1,1944 жылы)

ІІ топ: Электрондық құралдардың дамуы кезеңі. «ЭЕМ буындары».

(топ жетекшісі  —————————————–).

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1940-1955).
ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1965).
ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1965-1980).
IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970-  ).

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1940-1955).

  • электронды шамдармен жұмыс істеді
  • есептеу жылдамдығы секундына 10-20 мың операция
  • әр машинаның өз тілі болды
  • операциялық жүйелер болған жоқ
  • енгізу және шығару: перфоленталар,перфокарталар, магнитті таспалар

ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1965).

  • жартылай өткізгіш элементтер – транзисторлар
    (1948, Дж. Бардин, У. Брэттейн и У. Шокли)
  • жылдамдығы секундына 10-200 мың операция
  • алғашқы операциялық жүйелер
  • алғашқы программалау тілдері: Фортран (1957), Алгол (1959)
  • мәліметтерді сақтау құралдары: магниттік барабандар, магниттік дискілер
  • интегралды микросхемалар (1958, Дж. Килби)

ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1965-1980).

  • есептеу жылдамдығы секундына 1 млн. операцияға дейін
  • жедел жад – жүздеген мың байт
  • операциялық жүйелер – жадты,құрылғыларды, процессор уақытын басқару

IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970-  ).

  • үлкен және аса үлкен интегралды схемалардан (ҮИС, АҮИС) тұратын компьютерлер
  • дербес компьютерлер
  • қарапайым пайдаланушылардың пайда болуы, графикалық интерфейстің қажеттілігі
    • әрекет ету жылдамдығы секундына 1 млрд. операциядан жоғары
    • оперативті жад – бірнеше гигабайт
    • көппроцессорлық жүйе
    • компьютерлік желілер
    • мультимедиа мүмкіндіктері (графика, анимация, дыбыс)

Мұғалімнің сөзі ІІ топ өз жобаларын қорғады. Енді екі топқа сұрақтары бар ма? Екен?

ІІ топ: «Марк -1»машинасы қандай элементтерге негізделген?(Релелік және механикалық элементтерге негізделген.)

ІІІ. Тапсырма

  1. Не? Қайда? Қашан? Кестені толтыру.
Не? Қайда? Қашан?
1 Барлық жерде?
2 2000-5000 жыл бұрын
3 Паскаль машинасы
4 1694 ж
5 Логарифмдік сызғыш
6 Англия Чарльз Бәббидж
7 Бәббидждің машинасына арналған бағдарлама
8 Герман Холлерит Америка
9 «Марк-1»электро-механикалық машинасы

Жауабы:

Не? Қайда? Қашан?
1 Қол саусақтары, тастар, белгілеулер,түйіншіктер Барлық жерде? Көне заманда
2 Абак Ежелгі қытай н/е Египетте 2000-5000 жыл бұрын
3 Паскаль машинасы ФранцияБлез Паскаль 1642ж
4 Арифмометр ГерманияЛейбниц 1694 ж
5 Логарифмдік сызғыш АнглияРобертсон 1761ж
6 Аналитикалық машина АнглияЧарльз Бәббидж 1833ж
7 Бәббидждің машинасына арналған бағдарлама АнглияАда Лавлейс 1846ж
8 Есепші –перфорациялық машина Герман Холлерит Америка ХІХ  ғасырдың аяғы
9 «Марк-1»электро-механикалық машинасы АмерикаГовард Айкен 1944ж

2. Сәйкестендіру тапсырмасы

(ЭЕМ –ның негізгі элементтік базасына қандай  негізгі сипаттама сәйкес келетінін көрсет).

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.