«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс (4-5)

Алматы облысы
Райымбек  ауданы. №2 Кеген  орта  мектебі
Информатика  пәнінің  мұғалімі
Нұрқалиева  Жансая

Сабақтың  мақсаты: Редактордың  құрал-саймандарын  дұрыс  пайдалана білу  және  командаларды  орындай  алу  қызметін меңгерту.
Дамытушылық  мақсаты: Графикалық  бейнелеу  жұмыстарын  орындау арқылы   бейнелік  ойлау  қабілетін  дамыту.
Тәрбиелік  мақсаты: Эстетикалық  талғамын  қалыптастыру,  нәтиже  алуға және  уақытты  үнемдеуге  дағдыландыру.
Сабақтың  типі: Оқушы  білімін  бекіту.
Әдісі: Деңгейлеп – саралап  оқыту.
Пәнаралық  байланыс: геометрия,  бейнелеу  өнері.
Сабақтың  түрі: практикалық.
Көрнекілік: Компьютер, үлестірмелі  қағаздар,  бағалау парағы.
Сабақтың  барысы

І. Ұйымдастыру  кезеңі

1. Оқушыларды  түгендеу.

2. Оқушыларға  сабақтың  мақсатын,  барысын  айту.

Бүгінгі  сабағымыз  үш  кезеңнен  тұрады: бірінші  кезең:  тест   оқушылардың  осыған  дейін  алған  білімдерін  тексеру  мақсатында.  Екінші  кезең:  әр  оқушыға  өз  деңгейдеріне  қарай  қағаз  бетіне  салынған  суреттер  таратылады.  Сол  суреттерді  компьютер  бетіне  түсірулері  керек.  Үшінші  кезең: оқушылардан  қызықты  диктант  алынады.  Осы  үш  кезеңді  бағалай  келе,  ең  соңында  қорытынды  баға  шығады.

1-кезең

1. «Paint»  графикалық  редакторы  не  үшін  қажет?
А) жазу  үшін;
В) сурет салу  үшін;
С) есеп  шығару  үшін.

2. «Paint»  графикалық  редакторының  терезесінің  элеметтерін  атаңдар.
А) тақырып  жолы, жұмыс алаңы, мәзір  қатары, құралдар, бояу тақтайшасы;
В) тақырып жолы, жұмыс алаңы, құралдар, бояу тақтайшасы;
С) тақырып жолы, жұмыс алаңы.

3. Негізгі  түс  қалай  таңдалады?
А) тышқанның  оң  жақ  батырмасын  басу  арқылы;
В) тышқанның  сол  жақ  батырмасын  басу  арқылы;
С) ешқандай батырма  баспай  таңдауға  болады.

4. Сызық  қалыңдығы  қалай  таңдалады?
А) сызық қалыңдығы  таңдалмайды;
В) қаріпті  үлкейту  керек;
С) сызық  құралын  таңдағанда  төменгі  жақта  сызық  түрлері  шыққанда.

5. Үнсіз  келісім  кезінде  фондық  түс  және  кескін  түсі қандай  болады?
А) фондық түс  қара,  кескін  түсі  ақ;
В) фондық  түс  ақ,  кескін  түсі  қара;
С) фондық түс  қызыл,  кескін  түсі  көк  болады.

6. Тышқанның  оң  батырмасымен  сурет  салуға  болады  ма?
А) болады,  бұл  кезде  сурет  фондық  түспен  салынады;
В) болмайды,  сурет  тек  сол  батырмасы  көмегімен  салынады;
С) болады.

7.Салынған  суреттің  көшірмесін  қалай  алуға  болады?
А)суретті белгілеп алып, Сурет-Көшіру-Қою командаларын орындау арқылы;
В) Суретті  белгілеп алып,  CTRL +C  пернесін  басу;
С) Түр – Көшіру – Қою.

8. Суретті  баспаға  шығару  әректі  қалай  орындалады?
А) суретті  белгілеп  алып Файл – Баспаға  жіберу;
В) Файл  –  Жіберу;
С) Файл – Форма  макеті – Баспаға  жіберу.

2-кезең

Әр  оқушыға  деңгейлік  тапсырмалар  беріледі.

3-кезең

«Қызықты  диктант». Мұғалім  берілген  тапсырманы  оқиды,  ал  оқушылар  сол  тапсырмаларды  компьютерде  орындайды.

  1. Үлкен шеңбер  салыңдар.
  2. Сол  шеңбердің  төменгі  бөлігін  өшіріңдер. Сол  кезде доға  пайда  болады.
  3. Кішкентай шеңбер  салыңдар.
  4. Сол  шеңбердің  үш  рет  көшірмесін  жасап,  бірінен  соң  бірін  орналастырыңдар.
  5. Оларды  доғаның астына  орналастырыңдар.
  6. Кіші шеңберлердің  төменгі  бөліктерін  өшіріңдер.
  7. Центрінен  бастап  түзу  сызық  жүргізіңдер.

Сол  кезде  қандай  сурет  шықты?   (Қолшатыр)

Бағалау.  Оқушылардың  білімдерін  бағалау.

Үйге  тапсырма  беру.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.