Мектептегі тәрбие жұмысысы (тұжырымдама-концепция).

Самал Мажитова. Павлодар облысы. Баянауыл ауданы. Майқайың ауылы.  №1қазақ орта мекетбі (2010).

Қоғамның түрлі  проблемасын, қарама-қайшылығын көрсететін күрделі  әлеуметтік механизм ретінде мектеп бала өмірінде негізгі роль атқарады.  Педагогтың міндеті –  балаға күрделі қоғам өмірінде өз орнын анықтауға, дұрыс бағыт алуға көмек көрсету.

Жыл сайын тәрбие үрдісінде жүргізілетін мониторинг көрсеткіші бойынша мектеп бітіруші түлектердің әлеуметтік ортаға бейімделу көрсеткішінің төмендігін байқатады. Мұның себебі неде? – деген сұрақтар төңірегіндегі пікірлерге жүгінсек, біреулер,  бұл –  мектеп қабырғасынан шыққан мектеп бітірушінің үлкен өмірге деген қорқынышынан, себебі бүгінгі қоғам жастардан – аса жоғары белсенділік пен жоғары құзыреттілікті талап етеді десе, енді біреулер, ауыл мен қала өмірінің қарама-қайшығынан деп түсіндіреді. Осы жағдайлардың барлығы түлектердің үлкен қоғамда өз орнын табуда қиыншылық тудырады.

Қоршаған қарым – қатынас ортасы да, отбасылық тәрбиесі де бүгінгі жасөспірімдердің әлеуметтенуін толығымен қамтамасыз ете алмайды. Ал мектеп өзінің тәрбиелеу потенциялының негізінде әр оқушының тұлғалық бағытын анықтауына көмектесе алады. Мектептің бұл потенциялы соған сәйкес жағдайларда: мұғалімдердің оқушы тәрбиесі үрдісін басқара алуынан және әр білім алушыны әлеуметтік белсенді  азамат, қоршаған социуммен қарым-қатынасқа түсе алатын   тұлға  ете білуінен іске асады.

«Әлеуметтік белсенді тұлға тәрбиелеу» тақырыбындағы тәрбие жұмысының тұжырымдамасы мектептің білім алушыларының  өзіндік қалыптасуы мен тұлғалық бекуіне сай жағдайлар жасайды, азаматтық жетілуі мен мәдени өсуіне, шығармашылық тұрғыда қалыптасуына ықпал етеді дегенді меңзейді. Себебі бала өмір сүру үрдісінде тек дене бітімі мен психикалық тұрғыда дамымайды, сонымен қоса әлеуметтік тұрғыда жетіледі. Оның барлық тұрғыда дамуы қоршаған социумы мен мектеп жасындағы әлеуметтік қарым – қатынаста ғана көрінбейді, сонымен қоса «үлкен өмірге аяқ басқандағы» жалпы қоғаммен қарым-қатынасынан байқалады. Осы қарым – қатынастың сапасы – тәрбие жүйесінің нәтижесі.

Тұжырымдаманың мақсаты:

Әдістемелік мақсаты:

Білім алушыларды тәрбиелеу жұмысының тәжірибесін жаңарту, жетілдіру қажеттілігін өзектендіру  және  мектеп педұжымының жүйелі түрде тәрбие беру үрдісін  байқау-бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты: Мектепте  жоғары рухани қасиеттер мен шығармашылық белсенді азамат, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Берілген мақсат бірқатар міндеттердің шешілуін қажет етеді:

  1. Оқушылардың өмірлік ұстанымын қалыптастыруына, адами өмірінің әлеуметтік құрылымына  «құндылық» ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.
  2. Оқушылардың өздері өмір сүретін қоғамның мәдени құндылықтарын игеруіне,  өзін  тану әдістерін меңгеруіне ықпал ету.
  3. Оқушы бойында өзінің  денсаулығын сақтауға және адамгершілік дамуына деген саналы көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау.
  4. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруға таңдау жасауға мүмкіндік туғызу.
  5. Мәдени өмірдің нормаларына деген құнды көзқарас қалыптастыруға ықпал ету.

Мектеп ұжымының жетекші міндеттерінің бірі – оқушы дамуының мәдени ортасын қалыптастыру және өзіндік қалыптасуына көмек көрсету. Ұстаздар ұжымы – әлеуметтік дамыған тұлға – еркін дамыған тұлға болу керектігін жақсы түсінеді. Мұндай тұлғаны тәрбиелеу  тәрбие жүйесінен еркінен тыс талап қою әдісін алып тастауды  қажет етеді. Сондықтан да, мектептің тәрбие жүйесінің жұмысы төмендегі принциптерге сүйенеді:

  • Тәрбие жұмысының негізгі қазығы мәдени құндылықтарды оқушы бойына сіңіру;
  • Оқушының бойындағы табиғи психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, табиғи ортамен ұштастыра білу
  • Оқушы мен педагог арасындағы өзара қарым  қатынас, өзара түсінушілік пен бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру;
  • Мектептегі тәрбие үрдісінің жүйелілігі.

Тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асырудың ең негізгі бағыты  болып – бүкіл педагогикалық үрдісті қамтитын және негізгі талаптарға жауап беретін мектептің тәрбие жүйесінің біртұтастығы :

  1. бала инициативасын педагогтар тарапынан қолдауға;
  2. Оқушы шығармашылығын дамытуға
  3. Оқушы орнын анықтауда тәрбиелік тұрғыдан қолдау көрсету.

Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері:

Кезеңдер Жұмыс мазмұны
І Дайындық кезеңі 

Мақсаты:  тәрбие жұмысының позитивті іс тәжірибе жинақтау және басым бағыттарын анықтау

Тамыз- қыркүйек 2009

1. Сынып жетекшілер бірлестігі отырысы, Сынып жетекшілердің іс тәжірибе алмасу семинары.
2.Прогностикалық кезең 

Мақсаты: «Әлеуметтік белсенді тұлға тәрбиелеу» тұжырымдамасын дайындау және онымен жұмыс жасауға жағдай жасау

Қазан- мамыр 2009-2010

1.Мектепті тәрбие жұымысының тұжырымдамасын дайындау. 

2.Экспериментке қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсету

(семинарлар,   СЖ бірлестігінің отырысы, СЖ жиналысы)

3.Оқушылардың тәрбие деңгейін, әлеуметтену деңгейін диагностикалау.

4.Үйірме жұмыстарына және оқушылардың қызығушылықтарын анықтау мақсатында диагностика жүргізу.

5.Мектептің тәрбие жұмысын дамытатын тұжырымдаманы жүзеге асыратын бағдарлама дайындау.

Практикалық кезең 

(Қыркүйек 2010- мамыр 2012)

Мақсаты – бағдарламаны жүзеге асыру

 

1.Балалар ұйымының жұмысы («Жалын өзін» өзі басқару ұйымы 9-11с. «Балдаурен» 5-8 с, «Балдырғандар» 1-4 сын-р. 

2. Оқушының өзіндік қалыптасуына жағдай жасау,

3. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру:

-драма, өлкетану, ағаштан бұйымдар жасау, хореография, изостудия, «Қаламгер», қуыршақ, вокал, эстрада,түрлі спорттық секциялар- баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, футбол

4.оқушының шығармашалық қабілеті мен мүмкіндігін жүзеге асыруға қолдау көрсету.

Қорытынды кезең 

Мамыр 2010-мамыр 2012

Мақсаты: Тұжырымдама бойынша тәрбие жұмысының тиімділігін анықтау. Нәтижелерді анықтау және баға беру іс әрекеті

1.«Мектептің тәрбие тұжырымдамасын практикада іске асыру: тәжірибенің мақсатқа жету- перспективасы» тақырыбында педагогикалық конференция өткізу. 

2. Бағдарламаның орындалу сапасы және мектептің тәрбие жұмысына түзетулер енгізу.

3. Жаңа тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыратын бағдарламаның нәтижесіне оқушылар мен педұжым арасында сауалнамалар жүргізу арқылы мониторинг жасау.

Тұжырымдаманың мазмұны

«Әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу» тұжырымдамасы мазмұнында әлеуметтік белсенді тұлғаның негізгі параметрлері сипатталады.

  1. Әлеуметтік белсенді тұлға – бұл мәдениетті, тәрбиелі адам. Бұл тұжырымдаманың педагогикалық аспектілері оқушылар бойында өмір сүрудің түрлі  әдістерін қалыптастыру, (атап айтсақ) біздің  мектеп үшін басым бағыт денсаулық сақтау,  қажеттіліктеріне қолдау көрсету, өзінің өмірлік ұстанымдарын анықтауға ықпал ету.

Әлеуметтік белсенді тұлға

Мақаланың  (тұжырымдаманың) толық нұсқасынт көшіріп алыңыз.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.