Ядролық қарусыз әлем.

(«Ядролық қарусыз әлем» шығармалар байқауына орай)
Ядролық тарихтың бір беті және оңай емес беті сөйтіп жабылды… Ядролық монстрға өзінің «жоқ» деген сөзін бекем айтқан Қазақстан халқы үшін мақтаныш сезімін ұмытуға бола ма?
Н.Ә.Назарбаев

1991 жыл. 29-тамыз. Қазақстан халқы көптен күткен арманға қол жеткізді. Ол – тәуелсіздік таңының нұрлы шапағының жылуы түскен Семей полигонының жабылуы. Кеңестік дәуірде мұндай үлкен қадамға нық баса білу, ашық күнгі найзағайдың ойнағанындай болды. Ал әлемдік қауымдастық үшін жаһандық қарусыздану ісіне үлес қосу, адамзат тарихындағы теңдесі жоқ ерлік еді. Енді тарихи шегініс жасап көрейік. Сонау 1947 Сталин Семей ядролық полигонын құру жөніндегі шешімге қол қойған болатын. Соған байланысты құпия қала тұрғызылып, оған «Семей – 21» яғни «Курчатов» деген ат беріледі. Әрине, ол карта бетінен орын да алмайды.
Арада екі жыл өткен соң 1949 жылы 29-тамызда алғашқы жарылыс басталады…
… Орасан зор, бірақ көзге көрінбейтін сыпырғы естен таңдырған тіршілік иелері мен ештеңені түсінбеген өсімдікті жер бетінен бір демде жұлып алып, талай-талай шақырымға серпіп тастағандай еді. Ертегінің сұмдық Айдаһары жер қойнауынан кенет шығып, оның денесін орасан от тілімен жалмап кеткендей еді…
Семей полигоны осылай басталып, халықтың басына қара бұлтты 40 жылдан аса үйірлетті. Сол кезде билік басындағылар бұған тосқауыл болмақ түгілі СОКП Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі болып отырған бірінші басшының өзі полигон аймағына баруға, көруге мүмкіндігі болмаған, тіпті Байқоңырға да бара алмаған. Яғни «саясат бойынша» оның бәрі мемлекеттік құпияға жатқызылған.
Осылайша қара бұлтты қасірет түнек күндерін өткізіп жатады. Алайда осы бір алпауыт тажалдың күлін жариялылық кезең көкке ұшырды. Қайта құру жылдарында радиактивті элементтердің атмосфераға шығып кетуінің барлық фактілері ашық айтылып, олардың айналадағы ортаға, адамдардың денсаулығына қандай зиян келтіргені жазыла бастады.
Полигонның зардаптарынан қатерлі ісік, жүрек аурулары, жүйке ауытқулары т.б ауру түрлерінің көбейіп кеткені жайлы әрбір жерлерде қоғамдық қарсылықтарды тудырды. Мұның арты 1986 жылғы желтоқсан оқиғасындай жағдайды қайталауы мүмкін екендігі, ол бүкіл республиканы қамту қаупі тұрғаны ашық айтылды. Осы тұста Мәскеу полигонды кеңейтпеу туралы уәде бергенімен, сынақ жалғастырылып жатты. Ол аз болса 1987 жылы 12 ақпанда болған жарылыс тіптен төтенше болып, сынақтың әсерінен жердің бетінде үлкен-үлкен саңылаулар, жарықтар пайда болып, екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып тұрған. Онымен қоймай 18-ақпан күні екінші ядролық жарылыс жасалды. Неткен сұмдық! Осы тұста сол кездегі Семей облысының бірінші басшысы, Қазақстан Халық Академиясының академигі және вицепрезидентті Республикаға еңбегі сіңген қайраткер Кешірім Бозтаев облыстық партия комитеті бюросының мүшелерімен ақылдасып алған соң, 20 ақпанда Орталық Мәскеуге шифр жеделхат жібереді. әрине ол кезде мұндай дүние Мәскеуге тікелей жету мүмкін болмаған, әйтседе, полигон мәселесін қорғауға КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаттарының мандаты бар, республика Министрлер кеңесінің төрағасы болып тұрған Н.Ә.Назарбаев мырза үшін қиындық туғыза қоймайды. Осы тұста Олжас Сүлейменов «Невада – Семей» қоғамдық қозғалысын антиядролық насихатқа ұластырады. «Семей – Хиросима» телекөпірінің әсері ерекше болды. Ақыры Семей облысы, Абай ауданының орталығында өткен митингтің жалғасы бүкіл республиканың қолдауына ұласты. Осы тұста Мәскеуде де шиеленіскен тамыз оқиғасы болып, Ельцин Горбачевты Ресей компартиясының қызметін тоқтатуға қол қойған еді. Осы бір мүмкіндікті пайдалану арқасында полигонды жабу туралы жарлыққа Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 29-тамызда қол қойды. Дәл сол күні КСРО қорғаныс министрі Евгений Шопошников жыл соңына дейін Семейге белгіленген үш жарылыстың енді Арктикадағы Жаңа Жер аралында орналасқан сынақ полигонында жасалатынын хабарлады. Басқа амалы да болмаған еді. Сөйтіп 40 жылдан асқан алпауыт айдаһардың үні мәңгі өшеді.
Содан бері 20 жыл уақыт өтсе де, полигонның зардабын әлі де тартып келе жатқан жерлестеріміз аз емес. Өзімізбен қатар оқып жүріп дертке шалдыққан құрбыларымыз қатерлі ісіктің құрбаны болғанын көріп жүрміз. Мұндайда жүрегің сыздап, ұлттық намысың еркіңді билеп-ақ кетеді. Өмір өз өрнегін салады, тарих өз парағын парақтайды. Бүгін бәрін артқа тастап отырмыз. Күні кеше Қазақстанда ядролық қарудың белсенді компаненттерін өндіретін қажетті инфрақұрылым да, тиісті ресурстық база да болғаны, ядролық қаруды жасап, жаңғыртудың бүкіл қажетті ғылыми-зерттеу базасы бізде болғаны, Алматыда ядролық физика институты жұмыс істеп, ондағы ғалымдардың деңгейі өте жоғары болғаны, тіпті дүние жүзіндегі уран қорының біздің елде 25% болғаны жасырын болмай қалды. Оны қойып, ядролық қару сақталған, әрі оны тиісті жеріне жеткізетін, оны жаңадан жасай алатын да біздің ел болғаны тарихи шындық. Алайда Н.Ә.Назарбаев ядролық сынақтың тоқтатылуына қол қойғаннан кейін де қилы-қилы саясаттар, кедергілер өткен. Алайда біздің ядролық дипломатиямыз түптің түбінде тамаша табыспен аяқталды. 1994 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Будапеште өткен Саммитінде АҚШ, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы Меморандумға қол қойған болатын. Ол құжатта аталған мемлекеттер Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға, экономикалық зорлық-зомбылық көрсетуден бас тартуға міндеттелген еді. Кейіннен ондай кепілдіктерді біз Қытай мен Франция тарапынан алғанбыз.
Бұл шын мәнінде тарихи оқиға еді. Қазақстан алдынан жаңа жол ашылды. Ол баянды бейбітшіліктің, жемісті жасампаздықтың жолы болатын.
Біз бүгін ядролық қарусыз әлемде тіршілік кешіп отырмыз. Елбасымыз тәуелсіздіктің 20 жылдыңына қаншама оятайлы істерді атқаруда. Біз жыл сайынға жаңа жолдауын асыға күтеміз. Мұнда еліміздің әл-ауқаты, экономикасының көтерілу жолдарының тың негіздерін айқындап береді.
Қазақстанның ертеңі болар жас ұрпақтың болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауды басты назарда ұстайды.
Бір кездегі алпауыт айдаһардың қаһарын көрген Абай ауданында қазір полигонның жабылуына 20 жыл толғанына, Абралы көтерілісінің 80 жылдығына арналған ескерткіш монументі тұрғызылды. Абай ауданын айтсаң Семей, Семейді айтсаң Абай еске түседі. Бірінен-бірін бөліп қарауға келмейді. Бұл өлке – Абайдың, Мұхтардың, Шәкәрімнің, Әміренің туған өлкесі. Адамзат тарихы денсаулықты табиғаттың үлкен сыйы деп білсек, қазір мұнда диагностикалық орталық, балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы, эфтальмологиялық орталық, ананы қорғау орталығы халықтық және дәстүрден тыс медицина орталығы, радияциялық медицина және экология институты, копсалалы емдеу- диагностикалық кешені, денешынықтыру – сауықтыру кешені жұмыс істейді. Мұның бәрі – менің қаламды күні кеше қара зұлматтың құрбанына айнала жаздаған менің туып өскен өлкемде бар дүниелер. Менің бүгінгі ядролық қарусыз әлемімнің келбеті.
Қазір менің Қазақстаным атты поезд-керуенінің бүкіл Қазақстанды аралап шығуы, «20 жылғы 20 жарқын іс» атты іс-шараның жүзеге асырылуы түрлі тақырыптардағы фестивальдар, форумдардың өтуі – бұл менің ядролық қарусыз әлемдегі тіршілік тынысымның көрінісі.
Елбасымыз айтқандай осындай бейбіт күнде болашақтың іргетасын бірге қалайтынымыз заңды.
Мен әлі де тәуелсіз елімнің еңселі биік, киелі халқымның асқақ болуын қалаймын. өйткені менің Қазақстаным:
Өр Алтаймен Шығысым шектеледі
Батысым Еділ, Жайық өптеседі.
Терістігім Арқаға ұласады
Түстігім Алатаумен беттеседі.
Мемлекеттің іргетасы – Астанамыз
140 ел өкілін басқарамыз.
Тұрақтылық, татулық, келісіммен
Берекелі, ордалы баспанамыз
Мен осы елдің ертеңі болатыным үшін бақыттымын.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.