Информатикадан 1-4 сыныпқа арналған оқу бағадарламасы.

Бапанова  Гульжан Кобландыевна “Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі”КММ (2012 жыл)

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Қазақстан Республикасының 2015 жылға    дейінгі білім беруді дамытуды тұжырымдамасының жобасының «Білім  беру мазмұны мен деңгейлері»   деп аталатын  4.3.1. Білім мазмұнында информатика негіздері  мен шет тілін  ерте жастан бастап  оқытумен  тәрбиелеудің негізгі бағыттары  көрсетіліп белгіленген.  Сондықтан  заман
талаптарына  сай  информатиканы бастауыш мектептен бастап  алғашқы дайындық курсы ретінде   ендірудің қажеттілігі бүгінгі  күнгі  педагогика саласындағы іргелі мәселелердің  бірі болып отыр. Бастауыш  мектеп оқушыларына   информатиканың  алғашқы түсініктерімен ұғымдарын беру, сонымен қатар   басқа  пәндерді оқып үйренуге  пәнаралық байланыста   жүзеге асыру арқылы  қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды  ақпараттық  қоғамда қызмет етуге дайындауға  осы кезеңнен бастау қажеттілігі  басты назарда болып отыр.Тәуелсіз еліміздің болашағы  бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне  ғылымымызбен  біліміміздің өркендеуіне  тікелей байланысты.  Жаңа  информациялық   технологияны жылдан жылға  кең құлаш   жайып дамуы адам   қызметінің  барлық салаларына  енгізілуіне орай, жас ұрпақты  компьютерлік   технологияны пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерге   деген   көзқарасын қалыптастырумен қатар,  оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс  оқу қызметін компьютер   арқылы  ұйымдастыру.

“Қазақстан -2030” бағдарламасында  көрсетілгендей  көкей кесті мәселелердің  бірі қазірден бастап  балаларды  кішкентайынан өздерінің қоршаған  ортамен  жан-жақты таныстыру,  олардың логикалық
ой-өрісін шығармашылық  жағынан  дамыту, сөйлеу және  жүріс-тұрыс мәдениеттілігін арттыру,  оларды
компьютер әлеміне баулу   бүгінгі  күннің басты талабына   айналып отыр. Осы   мәселенің әр түрлі жолдары  қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің іс-тәжірбиелерін  оқып үйрене  отырып:

–  Бастауыш мектепте оқылатын  сабақтарда компьютерді   жиі пайдалану  арқылы;
–     Бастауыш сыныптан  бастап  жүйелі түрде  информатика пәнін   оқыту арқылы;
Мектептерде балаларға  арналған  информатика үйірмелерін  ұйымдастыру арқылы  жүргізуге  болатыны көз жеткізуде

Ал  жоғарыда көрсетілген  әдістердің барлығы  бір-бірімен  ұштастырылса жас   жеткіншек   мәдениетті болып өсуіне  жол ашады. Бастауыш сыныптан   бастап компьютерді    оқыту  тәрбиелеу ісінде қолдану  мынандай міндеттерді  қамтиды:

– Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
– Оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі  информациялық алмасу сипатын   айқындау:
– Дайын программаларды қолдана  білу шеберлігін арттыру;
– Қисынды  ойлауын дамыту;
– ЭЕМ мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып білім беруді  информатикаландыру

Оқушылардың  бастауыш мектеп кезеңіне тән  физиологиялық  психологиялық ерекшеліктерін пайдалану арқылы  жүзеге  асырады. Қазіргі кездегі орта білім беру жүйесіндегі     информатиканың рөлінің артуы еліміздің информатика  мұғалімдеріне  үлкен міндет қойып отыр.  Бұл пән арқылы  оқушылар ақпараттық  мәдениеттің негізі  болып саналатын  коммуникация мен  түсініктердің, ойлаудың математикалық  негіздерін  меңгереді. Пәннің мазмұны  тек жалпы дамушылық  міндеттерді ғана   қанағаттандырып қана қоймай,  сонымен бірге  ақпарат туралы  ұғымдарды қамтиды.

1-4 сыныптар – кіріспе  курсы, яғни  «Ақпараттық мәдениет негіздері»  бойынша оқушыларды алгоритмдермен  таныстыру, ақпаратты өңдеу мен есептер  шығаруда, алгоритмді  орындау және құрастыруды,   зат белгілерін оларды сипаттауды, зат құрамын анықтауды ойын  арқылы үйренеді.
Ұсынылып  отырған  оқу бағдарламасы   негізгі компьютердің    басты құралдары   мен  олардың қызметіне     қолданбалы  графиктік және   мәтіндік бағдарламаларымен   жұмыс жасауға  алгоритмдік ұғымына   және негізгі басқару   құрылымы  тармақталу мен   циклға баса  назар  аударылады.

Бастауыш   сыныптарда   информатика пәнін оқытуға  негіз болатын  басты факторлар мыналар:

– бастауыш  мектеп оқушысын  ақпараттық  қоғамға бейімдеу;
– ерте жастан балалардың  ақпараттық  ойлау қабілеттерін дамыту;
– бастауыш мектеп   оқушыларының  ақпараттық  мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік  – ақпараттық білім кеңістігін даярлау.

Бастауыш сыныпта информатика  пәнін оқытудың  оқу бағдарламасы   бастапқы қарастырылады   және машинамен қарым-қатынас жасау дағдысын үйренеді.

Алғашқы   кезеңде   информатика пәнін  мектепте  оқытудың мақсаты – жеке    тұлғаның   өзіне, қоғамға қажет  қабілеттерін   қалыптастырып,   дамыту және  өз  бетімен білім  алу,  өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.

Ұсынылып отырған  информатика  пәнін оқытудың  оқу бағдарламасы  орта мектепте  информатика  және есептеуіш техника негіздері  курсын 1-4 сыныптарда оқытуға арналған. Информатиканы  оқыту барысында  төмендегідей мазмұндық желілер қарастырылады:

1-сыныпта

– ақпарат нысан және олардың қасиеттері
– компьютермен танысу
– жаттығу түрлері
– пернетақтамен танысу
– қарапайым жаттығулар
– ұқсас және әртүрлі нысандар
– нысандардың әрекеті оларды құрастыру
– тізбектер және тізбектегі әрекеттер реттілігі
– жиын және оларды салыстыру
– жиын және оларды топтау
– ішкі жиын 2-сыныпта
– ақпарат және оның түрлері;
– компьютер және оның құрылымы;
– графиктік ақпараттарды өңдеу;
– мәтіндік ақпараттарды өңдеу;
– сандық ақпараттарды өңдеу;
– дыбыстық ақпараттарды  өңдеу;
– нысан және оның қасиеттері;
-жиын және  олармен  жұмыс жасау әрекеттері;
– логикалық  тұжырымның  мәні.

3-сыныпта

– әрекет және кері әрекеттер;
– алгоритм және оның  қасиеттерін;
– алгоритм және оның түрлерін;
– компьютер және оның құрылымы;
– алгоритмді  графиктік  түрде бейнелеуді;
– сызықтық  алгоритмнің мәні мен мағынасын;
– тармақталу  алгоритмнің  мәні мен мағынасын;
– қайталану  алгоритмнің  мәні мен мағынасын;
– алгоритм  түрлерінің  графиктік түрде бейнеленуі;
– графиктік ақпараттардың мүмкіндіктерін  алгоритмді өңдеуге қолдану;
– мәтіндік ақпараттардың мүмкіндіктерін алгоритмді  өңдеуге қолдану;
– жиын және олармен жұмыс жасау әрекеттері;
– логикалық тұжырымының мәні;

4-сыныпта
– жиындар
– ақпараттық модельдер
– әрекеттер және кері әрекеттер
– тізбектер
– алгоритмдер және оның түрлері

Ұсынылып отырған мазмұндық  желілер оқушыларды  төмендегідей мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді:

– әлемнің ақпараттық бейнесі мен информатиканың  ғылым ретіндегі  түсініктері туралы  мағлұматты беру;
– ақпаратты сезім мүшелері арқылы  қабылдау туралы мағлұматты беру;
– компьютердің қызметін ұйымдастыру, оның негізі бөліктерінің  жұмыс жасау принциптері мен оның  қосымша құрылғылары туралы мағлұматты беру;
– графиктік,  мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды компьютерде  өңдеу туралы мағлұмат беру;
– Графиктік редактордың  қызметі туралы мағлұмат беру
– Калькулятордың сандық ақпараттарды  өңдеудегі қызметі туралы мағлұмат беру
– Мультимедиялық программаның дыбыстық  ақпараттарды өңдеудегі қызметі туралы мағлұмат беру
– Нысанның  және  оның қасиеттерінің күнделікті өмірмен байланыс қызметтері туралы мағлұмат беру
– Жиын және оның элементтерінің  информатикадағы орны туралы
– Логикалық тұжырымның ақпараттармен  жұмыс  жасаудағы қызметі туралы мағлұмат беру
– Алгоритмді информатиканың іргелі  ұғымы ретіндегі  мағлұматты беру;
– Алгоритм қасиеттерінің күнделікті өмірдегі  рөлі мен мәнін
– Алгоритмді графиктік түрде  бейнелеудің практикалық  мәнін ашу
– Алгоритм  түрлері туралы жалпы мағлұмат беру
– Сызықтық алгоритмді құра білуге үйрету
– Сызықтық алгоритмді   графиктік түрде   бейнелеуге үйрету
– Тармақталу алгоритмін  қызметші  сөздерін пайдалану арқылы құра білуге үйрету
– Тармақталу алгоритмін графиктік  түрде бейнелеуге  үйрету
– Сызықтық  мен тармақталу алгоритмі арасындағы өзара байланысты  айқындайтын  мысалдар келтіре білуге үйрету
– Компьютердің графиктік және мәтіндік мүмкіндіктерін алгоритмді түрлендіруге қолдана  білу туралы
мағлұмат  беру
– Графиктік редакторды алгоритмнің  графиктік түрлерін  бейнелеудегі қызметі туралы  мағлұматты беру;
– Мәтіндік редакторды алгоритм түрлерінің қызметші сөздерін  жазу  арқылы мағлұматты беру
– Информатиканың пән арасындағы  алгоритмнің ролін  келтіру арқылы аша білуге үйрету;
– Калькулятордың сандық ақпараттарды  өңдеудегі қызметі туралы мағлұматты беру;
– Нысанның  және   оның қасиеттерінің  күнделікті өмірмен байланыс қызметтері туралы мағлұматты беру;
– Жиын және оның элементтерінің информатикадағы орны  туралы мағлұматты беру;
– Логикалық тұжырымның ақпараттармен  жұмыс жасаудағы  қызметі  туралы мағлұматты беру;

Бастауыш сыныптарда Информатика  пәнін оқытудың мақсаты: Білім беру жүйесін ақпараттандыру  жағдайында  оқушылардың ақпараттық  әлемдік  бейнесін қалыптастыру және жеке тұлғаның  өзіне қоғамға қажет  қабілеттерін  қалыптастырып дамыту. Өз бетімен  білім алу өзін-өзі дамытуға  жағдай  жасау.

Жеке тұлғаның  шығармашылық қабілетін,  қоғамға  қажет қабілеттерін  қалыптастырып,  ақыл-ойын,
ойлау  қабілетін, ынтасын дамыту және  өз бетімен  білім алу, өзін-өзі  дамытуға жағдай жасау.  Оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді  меңгерте отырып, ақпараттық  технологияны  оқу үрдісінде  өзіндік  даму мен оны іске асыру  құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын  қалыптастыру  болып табылады.

Міндеттері:

– Ғылымның негізін қалайтын 3 ұғымның  бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат  ұғымын қалыптастыру;

– Қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын  қалыптастыратын  ақпараттық
үрдістерді  табиғат, қоғам, техника аймақтарын да қарастыру;

– Оқушылардың теориялық шығармашылық қабілеттерін арттыру;
– Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған  оперативті ойлау деп аталатын  жаңаша
ойлай  білуді  қалыптастыру;
– Ақпараттық құралдарды ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, дамыту;

Нысаны: Таңдау курсы

Пәні: Информатика

Болжам: Егерде  информатика пәндерінде  қызықты  материалдар дайындай отырып, оларды өз бетінше  компьютерде еркін ойнай алуына, қарапайым есептер шығаруға, қысқаша өлеңдер мен әңгімелерді, ертегілерді   компьютерде теру, онда кеткен қателерді жөндеуді және суреттерді салуды жүйелі үйретсек, оқушы  әр  салада еңбек ете  алуға мүмкіншілік алады.

Пәнаралық байланыс:

  • математика
  • тарих
  • сурет
  • сызу
  • технология

Күтілетін  нәтиже
коммуникативті және интеллектуалды  біліктілігінің дамуы;

  • оқушының информатикалық терминдерді  білуі, ойлау қабілетінің  дамуы;
  • шығармашылық жұмысқа қабілетті, өзіндік ой-өрісі дамыған, ізденімпаз, терең  білімді тұлға болуы;
  • өзіндік білім жетілдіру қабілеттерінің  дамуы;
  • оқушылардың  ойлау қабілетін компьютерлік дамытушы ойындар арқылы дамуы;
  • өзіндік танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық  ортада қалыптастыру;
  • оқушылар ақпараттық  мәдениеттің  негізі болып саналатын  коммуникация мен түсініктердің, ойлаудың математикалық негіздерін меңгеруі;
  • оқушыларды ақпараттық қоғамның негізгі  талаптарын қанағаттандыратындай   деңгейге жеткізу.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

2 комментария

  1. Абдыкаримов Ардак

    2 сыныпқа арналған сабақ жоспары 2012-2013 оқу жылы. Қазақ тілі, матеаматика, ана тілі, дүниетану, еңбекке булу пәндері бойынша.
    Бағасы: барлығына 3000 тенге.

    abdykarimov_ardak@mail.ru
    8 777 570-07-44

  2. Абдыкаримов Ардак

    2 сыныпқа арналған сабақ жоспары 2012-2013 оқу жылы. Қазақ тілі, матеаматика, ана тілі, дүниетану, еңбекке булу пәндері бойынша.
    Бағасы: барлығына 3000 тенге.

    abdykarimov_ardak@mail.ru
    8 777 570-07-44

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.