Ертеңгілік тақырыбы: Абайлаңдар, балалар!

БКО  Каратөбе ауданы Жусандыой ауылы, Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы Бастауыш пән бірлестік жетекшісі Касимов Казбек Рыскалиевич.

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Өтілу барысы:
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ертеңгілік басталсын сәлемменен!
Қазіргі таңда балалар өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау – мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді  орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек.  Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

– Бүгінгі ертеңгілік бағдарламасымен таныстырып өтейін.   2-3-4 сынып оқушылары жол жүру ережелері бойынша өздерінің білімдерін сарапқа салмақшы. «Қызықлдар», «Сарылар», «Жасылдар» тобы болып сайысқа түседі.

– Бағдарламада:
1. Өз орныңды тап ( әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.)
2. Реттеуші инспектор қызметкерінің  сауалы. ( әр топқа үш-үштен сұрақтар беріледі . Соған жауабын айтады.)
3. Жол белгілерін еске түсірейік  ( Лото ойыны  суретті топшамалар беріледі сонымен әр топ жұмыстанады.)
4.МАИ  емтиханы. ( Сауалнама . 9 тест белгілеп береді.)
5. Сен білесің бе? ( жол белгілерінің суреттері көрсетіледі , соның аттарын айтып ,қай топқа жататынын айтады.)
6. Шығармашылық жұмыс ( Өлең құрастыру)

Ендеше, осы топтарға әділқазы болып мектебіміздің әскери даярлық мұғалімі Жаулыбай Хабиевті тағайындаймын. Ду қол шапалақтап қояйық.

Сонымен ортаға қатысушы топтарды қошметпен шақырайық!

«Қызылдар» тобы:Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға. —————————————
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.—————————
«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!——————————————

Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
-Балалар, бүгінгі ертеңгілігіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам:
Ал, кәнеки, үйренейік бәріміз де жүру тәртібін.
Ережені жақсы білер, жатқа білер кім мұны,
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?

Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл
Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын

Ескерту белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.

Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.

Нұсқау белгісі:
Баратын жерінің бағыты тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

ІІ. Реттеуші инспектор қызметкерінің  сауалы. ( әр топқа үш-үштен сұрақтар беріледі . Соған жауабын айтады.)
Сабақтың толық нұсқасын көренкіліктерімен (прз) бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

2 комментария

  1. Жарайсың, жұмыс істейтін жігіт!

  2. Жарайсың, жұмыс істейтін жігіт!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.