Оқушының жеке басын қалыптастырудағы мектеп пен отбасының өзара әрекеті

Самал Мажитова. Павлодар облысы. Баянауыл ауданы. Майқайың ауылы.  №1қазақ орта мекетбі (2010).

(Ата-аналар конференциясында оқылған)

Ата-ана — бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. Олар баланың жандүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшелікті жете білгені жөн. Отбасының жылылығы мен ынтымағын, бірлігі мен тыныштығын, қамқорлыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып, сақтап отыруы керек.

Балалармен әңгімелескенде баланың пікірімен үлкен адамдай санасып, сөзіне көңіл қойып тыңдап, түсіне білген әрі әділ, шыншыл болған ата-ана баланың нағыз сырлас досына, үлгі алар өнегесіне айналады. Ата-ана бала дүниеге келгеннен бастап тазалық пен әдептілікке, айналасындағы заттарға дұрыс қарым-қатынасқа қалыптастырады, күнделікті еңбегін дұрыс ұйымдастырып, кездескен қиындықты жеңуге қол ұшын беріп, еңбекке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа тәрбиелейді. Алайда, кейбір ата-аналар өз баласының тәртіпсіздігіне мән бермейді, жауапкершілікке тәрбиелемейді, есейген соң ақылы кірер деп еркінсітеді. Мүғалімдер айтқан сынға немқұрайды қарайтын ата-аналар қаншама.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан өнеге – тәлімін де, салт-дәстүрін де, жастарды еңбекке баулу ерекше орын алады.

Еңбекқор әкелер мен аталардың балалары да нәтижелі еңбек етіп жүргені елге мөлім.

Сол орайда мектебімізде өткізілген сұхбаттарда ата-аналармен пікір алысқанда, әр отбасында балаларды еңбекке баулудың түрліше екеніне көзіміз жетті. Бұл орайда айтқым келетіні, балаға тапсырған жүмыс өзіне шақ болу керек, өйткені, қолынан келмесе де істеймін деп тырысқанмен, ауыр еңбек баланы жалықтырады,  қажытады.

Тәрбие жүйесіндегі тағы бір тиімді көрсеткіштердің бірі – баланың адамгершілігінің дамуы, оның рухани дүниесіндегі елеулі өзгерістер. Олар ба-лалардың кәдімгі және күрделі жағдайлардағы адамгершілік   мінез-құ-

лықтарының тұрақты болуынан, ересектерді сырттай бақылауынан, салыстырмалы түрде тәуелсіз болуынан, өз қылықтарының салдарын болжай білуден, іштей бақылау сезімінің оянуынан және өзін адамгершілік қасиеттердің иесі ретінде сезінуінен көрінеді. Адамгершілік қасиеттердің жетілуі – тәрбие жүйесінің нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі белгісі.

“Баланы жастан” деген сөз бар. Бала ақыл-есі толып, оңы мен солын ажыратқанша естігені мен көргеніне еліктегіш келеді. Жақсылық та, жаманшылық та тез жұғады.

Өмір сүрген ортасындағы залалды әрекеттерден сақтану үшін, әрине, әуелі ата-ана, отбасы тәрбиесі шешуші рөл атқарады. Баланың жүрегіне адамгершілік рухты – ар, ұят, қанағат, рақым, мейір, шапағат, қайсарлық, қайрат, жігер, еңбекқорлық, талап, талғамды ұялата отырып қалыптастыру үшін ата-ана өзін үлгі ретінде ұстау керек.

Өйткені, ата-ана – отбасындағы жетекші тұлға. Отбасы мүшелерінің бүкіл тағдыры, болашағы, өмірде татар несібесі мен алар еншісінің үлес салмағы ата мен ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты құралады. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызық, білген жақсылығының ең бағалысы, аса қымбаттысы – перзент. Халқымыздың “Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі” деген аталы сөзі тегін айтылмаса керек.

Баланың да мерейі – әке мен ана. Әке -отбасының қорғаны, қамқоршысы. Әкенің аялы алақаны, ыстық мейірімі, жылы жүрегі баланы барынша бақытқа бөлейді. Оның асыл бейнесі асқар таудай биік көрініп, көңіліне медет, ісіне бағдар сілтер тірек болып, әкеге тартуды, әкеге ұқсауды әр бала өзіне нысана ғып белгілейді. Әке – асауды ауыздықтайтын, тентекті жөнге салатын, елдікті сақтайтын, ерлікті жақтайтын, шаңырақты шаттыққа толтыратын тұлға. Ал ана тәрбиесі – кешенді тәрбие жинақталған аса тағылымды мектеп болуы керек.

Сондай –ақ, отбасындағы  баланың   үлкенін  кішісіне қамқоршы, ақылшы ғып баулу керек. Ағаға қарап іні  өсер,   апаға  қарап сіңлі өсер деп бекер айтылмаған.   “Туа  жаман жоқ,  жүре  жаман  бар” деп халқымыздың даналары айтқандай, баланы есті,  саналы,  сергек етіп төрбиелеу отбасы мен мектептің бірлесіп істеген жүмыстарына байланысты.

Әдет пен әдепке үйрену үй ішінде тамыр алады. Баланың мінез-қүлық өзгерістеріне жауапсыз қарауға болмайды. Кездесе қалған оғаш көріністі қалт жібермеу керек. Соның анығына жетпей балаға кешірім жасай салу жарға жыққанмен бірдей. Сүрінген балаға ата-аналар, үстаздар, бүкіл ел болып дер кезінде қол үшын бермесе, ертеңіміз не болмақ?

Ұрпақ тағдыры — ел тағдыры екенін есте сақтай білейік.Сол үшін бала төрбиесінде мектеп, ата-ана, мұғалім — тұтас ұғым болып қалыптасса кез келген тұлға адамгершілігі мол, жан –жақты дамыған өз елінің нағыз патроиот азаматы болып өсері хаһ.

Алайда, ондай әрекетті мектеппен байланыстыру мақсатында бала тәрбиесіне ата-ананы тарту үшін тоқсанына бір рет өтікізілетін сыныпаралық және жалпы мектепішілік жиналыстар аздық етеді. Сондықтан, әрбір тұлғаның жеке басын қалыптастыру үшін түрлі ұйымдар құрылып, сол ұйымдарға ата-аналарды басшылыққа алып жұмыстар жүргізілсе үлкен, тәжірибелі ата-аналарымыз жас отбасы ата-аналарымызға білгендерімен көргендерін айтып үйретсе, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз жайлы  жан-жақты біліп  ата-аналармен бірлесіп жұмыстар жүргізуімізге бірден-бір жол болар еді. Ол үшін ата-аналармен түрлі тақырыптарда: «Біз балаларымыздың досы кім екенін білеміз бе?», «Баланың физиологиялық есеюі», «Ата-аналардың азаматтық борышы» және «Балаларымыз кімді үлгі тұтады атты тақырыптарда бұрыштар ұйымдастырып, сауалнамалар жүргізіп, дөңгелек үстел басында сұхбаттасып, медбике, психолог мамандармен байланысып, пікір алысып отыруына ықпал етсек баланың дұрыс қалыптасуына өзіндік жол ашар едік. Себебі, бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел тұтқасын ұстар азамат.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.