Инф-8. Дыбыстық ақпаратты кескіндеу.

Мақсаты:

• Компьютердің дыбысты өңдеу мүмкіндіктерімен таныстыру;
• Оқушылардың білімділігін арттырып, өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау;
• Танымдық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту;

САБАҚ БАРЫСЫ:

I. ұйымдастыру сәтi: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу, сынып журналын толтыру.

II. өткен сабақты қайталау:
1-мысал. Қазіргі уақыттағы мониторларда экранда 16 777 216 әртџрлі түс беру мүмкіндігі бар. 1 пиксель жадыдан неше бит орын алады?

Шешуі.
1) К=16 777 216
2) 2 N = 16 777 216 = 2 24
N = 24 (бит)
Жауабы. 24 бит

ІІІ. Жаңа сабақ өту

ДЫБЫСТЫ ӨҢДЕУ

Дыбыс – бұл ауаның толқыны арқылы жететін үзіліссіз сигнал.

Дыбысты компьютерге енгізу үшін оны 0 және 1-ден тұратын тізбек түрінде өрнектеу керек. Бұл келесі түрде орындалады: микрофонның көмегімен дыбыс электр тоғының толқынына айналады. Өте аз және әртүрлі уақыт аралығында (0.0002 сек) электр тоғының мәнін жазамыз. Электр тоғының үлкен мәндерін 1-мен, ал кіші мәндерін 0-мен белгілейміз. Біз осы әдіс арқылы компьютерге енгізуге, сақтауға, өндеуге болатын дыбыстың екілік кодын жазамыз.

Компьютерден дыбыс шығарғанда жоғарыда көрсетілген әдіске кері процесс жүреді. Яғни, екілік код электр импульсына, электр импульсы динамик арқылы дыбысқа айналады, одан біз дыбысты естиміз.

Қазіргі уақытта текстік ақпаратты компьютерден дыбыс түрінде ала аламыз, немесе басқалай айтсақ компьютерге тексті оқытуға болады.

Адамның сөйлеуін қарапайым дыбыстың және оның арасындағы үзілістің тізбегі ретінде түсіндіруге болады. [Мысалы орыс сөздерін 40-45 фонем (дыбыс) түрінде белгілеуге болады].

Әрбір дыбысты кодтауға, оны компьютер жадысына енгізіп, сақтауға болады. Сонымен компьютерге енгізілетін мәтінді дыбыс түрінде енгізуге болады. Алайда бұл жерде бір айта кететін жай – компьютер жадына енгізілген кодталған сөздік арқылы адамның сөзін компьютерге мәтін түрінде енгізу бірталай қиындықтарға соқтырады.

Мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық және бейнелік ақпаратты өндеу үшін арнайы программа-редакторлар пайдаланылады.

Сұрақ және тапсырма.

1. Дыбыстық ақпарат – бұл аналогтық сигнал. Оны қалай компьютерге енгізуге болады?
2. Компьютерде дыбыс қалай өрнектеледі?

Мультимедиа түсінігі

Мультимедиа түсінігі тарихи тұрғыдан шықты. Оның нақты анықтамасы жоқ және екі мағынада қолданылады (кең және тар).

Бұрын әрбір ақпараттық ортаның өзінің ерекше ақпараттық көзқарасы қалыптасқан деп саналатын. Кітап, газет және журналдар үшін бұл –мәтіндік және графикалық ақпараттар болып саналған. Радио және дыбыс жазу, оқу құралдары үшін – дыбыс және әуен. Теледидар үшін – қозғалмалы бейне, дыбыс және әуен. Сондай ақ машиналық жазба, фото, кино, аудио және видеоқұжаттар болған және олар жеке-жеке қарастырылған.

Мультимедиа сөзін кең ұғымда әртџрлі ақпараттық ортаны, программалық және аппараттық құрылғыларды бір интерактивті ортада біріктіретін объект түрінде қарастыруға болады.

Мультимедиалық орта ақпаратты басқаруға мүмкіндік береді. Пайдаланушыға ақпараттық ортаны басқаруға мүмкіндік беретін орта интерактивті деп аталады. Есептеуіш техниканың мультимедиалық ортасындағы интерактивтік басқа комплексті құжаттармен жұмыс істейтін техникалардан ерекшеленеді.

Мультимедиа түсінігін тар мағынада дыбысты шығаратын (дыбыс картасы арқылы) және лазерлік компакт дисктермен (CD-ROM) жұмыс істейтін аппараттарды айтады.

• Мультимедиалық компьютер – CD-ROM дисктері және дыбыс шығару карталары бар компьютер. Қазіргі кезде барлық компьютерлер мультимедиамен жабдықталған деп айтуға болады.

• Мультимедиалық монитор – бұл дыбыс шығару, дыбысты реттеу батырмаларымен жабдықталған монитор.

• Мультимедиалық комплект – бұл компьютерге арналған CD-ROM диск жүргізгіш және дыбыс шығару картасы.

III. САБАЅТЫ ПЫСЫҚТАУ:

1. Компьютерлік графика дегеніміз не?
2. Компьютерлік графиканың пайдалану облыстарын атаңыз.
3. Компьютерде графикалық ақпараттар қалай ұсынылады?

IV. САБАҚТЫ БАҒАЛАУ, ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.