Педагогика. Ұрпақ тәрбиесі баршамызға ортақ!

Самал Мажитова. Павлодар облысы. Баянауыл ауданы. Майқайың ауылы.  №1қазақ орта мекетбі (2010).

Әрбір адам, әрбір халық өз ұрпағының  болашағына жанашырылқы жасап, өмірдің талабына сай тәлім- тәрбие беру мінедтті ісі. Қазіргі таңдағы басты міндет- өз жерін сүйетін, халқының тарихын білетін, тілін, дінін, дәстүрін білетін азамат тәрбиелеу. Қазіргі заманның келелі келбетінің басты көріністерінің бірі- жас ұрпақ тәрбиесі. Қыз асырап, ұл өсірген халқымыз баланы өз өмірінің жалғасы деп есептеп, оның тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Әр ата-ана өзі өсірген баланың саналы азамат болғанын қалады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді  дана қазақ халқы.  Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде де соны  істейді. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді. Бала тәрбиесіне ең үлкен әсер ететін ол – орта. Ұрпағының өнерлі, еңбексүйгіш, үлгілі абзал азамат болуын қадағалаған қазақ халқы бұғанасы енді ғана қата бастаған қыз баланы төсек орнын жинау, ыдыс- аяқ жуу, үй сыпыру, ою- өрнек тігу, кесте, өрмек тоқу, шай құю, су әкелуге, ұл баланы- мал бағып күтуге, шөп шабуға, түрлі бұйым жасауға үйреткен. Ән айтықызып, қобыз бен домбыра  тартқызып, өлең- жыр жаттауға, шабандоздыққа, жаңылтпаш айтқызып, жұмбақ жасыруға, ұлттық ойындарға баулыған.

Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастарда күннен күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым- қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылу балалардың сана- сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұрып, қазақ тілін ұмытып, ата-бабамыздың салт- дәстүрі мен әдет- ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатігездікке құрылған фильмдердің еркінде кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінде бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлаған санасы сергек барша қауымды толғандыруда.

Қазіргі қоғамымыздың келелі келбетінің басты көріністерінің бірі – жас ұрпақ тәрбиесі. Тәрбие мәселесі – ұрпақтың ұрпаққа жалғасып, жетілдіріп отырған өмір мектебі.

Халқымыздың азып тозбауы үшін бүгінгі ұрпақ жауапты, ол олардың өсіп-өнуіне біз жауаптымыз. Біз сөзінің астарында «ұстаз», «ата-ана», «қоғам» жатыр.

Ұстаздың берген білімін шәкірті өзінің еліне еселеп қайтаратындай болуы керек.

Қай ұлттың болмасын бала тәрбиесіндегі отбасы дәстүрінің алатын орнын, оның маңызын ешбір тәрбие орныдарының қызметімен салыстыруға болмайды. Өйткені, бала өзінің өсу, даму барысында алғашқы әдеттерді өз отбасындағы жандар бойынан алып нәрленеді. Тіпті, ата-ананың жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, қарым-қатынас әдеті, үй ішін ұстау мәдениеті, өзге жандармен сыйласуы бәрі-бәрі де баланың болмыс бітіміне әсер ететіні анық.

Отбасының тәрбиесі – ананың сүті мен атаның қанынан қалыптасқан. «Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі – ой өсіреді» дейді дана халқымыз.

Оқуға ынтасы жоқ, имандылық тәрбиесінен ала жүрген жастарымыздың қатары көбейіп кетпес үшін, бүгіннен бастап қапалануымыз керек. Далаға қарап бала өспейді, шаңыраққа қарап өседі. Бұдан, шығар түйін жанұяға келіп тіреледі. Әрине, отбасы да алуан түрлі емес пе? Тізгіні мықты отбасының бала тәрбиесіндегі өзіндік тәжірибелері қалыптасқан. Мұндай отбасынан өсіп шыққан ұл мен қыз қоғамдық орындардағы оқу-тәрбие және қызмет орындарна барғанда одан сайын дамып, жетіле түседі, оның азаматтық тұлғасы сергек, саналы ойдың жетегінде болады. Сондықтан, «Бақ қонатын адамның ұлы епті, қызы қылықты» болып келеді.

«Болар бала білім іздейді, болмас бала шылым іздейді» дейді халқымыз. Әке-шешесі арақ ішіп, темекі тарта жүріп, «бұл зиянды нәрсе, бұдан аулақ бол» деген әкенің ақыл – кеңесінен түк шықпайды. Күнде итше бала өсіп шығады дегенге ешкім иланбайды.

Қазіргі отбасындағы ұрпақ тәрбиелеудің жай-күйі кімді болса да ойландырарлықтай халге жетті. Біздің заманымыздағы ата-аналардың тыныс тіршілігіне, отбасыларының әркелкілігіне қарай, материалдық жағдайлары мен рухани деңгейлеріне қарай бағалауға тура келеді. Демек, отбасының темір қазығы мықты болмайынша, тәрбиенің де сәні болмайды.

Қазіргі кезде жастарымыздың көбі әлсіздік пен дәрменсіздікке, нашақорлыққа, ішімдікке, қылмысқа салынып жүргені жасырын емес. Бұл әрекетке жас ұрпақ азғанынан ба, әлде тойынғанын бар ма? Осыған осы отырған әрқайсымыз ойланайықшы.

Әлде, Абылайдың түсіндегідей азып барамыз ба? Бұның бәрі еліктеуден, батыстың бетсіз тәрбиесінен алған жетістеріміз. Екіншіден, бізде бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін ата-аналар арасында, бұл мектеп мұғалімдерінің ісі деген пікір қалыптасқан. Баласы теріс қылық жасаса, өзінің балаға тәрбие беру барасында қандай олқылық жіберіп алғанын анықтамай, мектептен іздейтін ата-аналар  бар. Мұғалім балаға білім беруші, тәрбиеші екені анық. Бірақ бала күн ұзақ мұғаліммен болмайды, оның көп уақыты отбасында өтеді. Сондықтан, түптеп келгенде барлығы отбасы тәрбиесіне келіп тіреледі.

Қазіргі нарық заманында ата-аналар міндетін ұмытып, білімді екінші орынға қойып, киімі мен тамағын тауып бергенге мәз болады. Ал баласы өмірден не алады, қандай жолмен өіп келеді, нендей тәрбие алды, онымен жұмысы жоқ па деп ойлаймын. Осы мәселелерді алдын алмаса, кереңдеген келінге, мәңгүрт бала мен рақымсыз ұлға, бетпақ қызға жем болу қаупі бар.

«Алдымда толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба» – деп Сұлтанмахмұт жырлағандай күй кешіп жүрген жас ұрпаққа отбасында болсын, мектепте болсын, өнегелі тәрбие беру біздің борышымыз.

Егемендігіміз есік қағып, тәуелсіздігіміз тәй-тәй басып кел жатқан заманымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуге, рухани және қауіпсіз дамуына жағдай жасау адамгершілік жағынан қамтамасыз ету міндетіміз. «Білімді ұрпақ бақытымыз, білімсіз ұрпақ – сорымыз!» екенін естен шығармаған жөн шығар, ағайын. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Қазіргі заманда бала дұрыс білім алу үшін жағдайдың бәрі жасалған. Егеменді Қазақстанды өркениетті елдердің қатарынан көру үшін білімді ұрпақ керек.

Баяндаманы аяқтай келе, мындай тұжырымға келдім: қазіргі жастардың тәрбиесіздігіне мемлекет те, мектеп те кінәлі емес, тек отбасы кінәлі деп санаймын. Бәрі отбасындағы көрген-білген тәрбиеден бастау алады. Ендеше, ағайын, бала тәрбиесіне назар аударып, болашақ ұрпағымызды елдің болашағын ойлайтын, ұрпақ жалғастыратын ұл-қыздар тәрбиелеуге шақырамын.

 

Check Also

Электрондық оқулықтардың үлгілерін көшіріп алыңыз

Сілтемені көшіріп алып адрес жолына қойып Enter-ді басыңыз, ары қарай скачать. Ана тілі 1-сынып   …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.