Педагогика. Агрессиялық балаларға өзара тиімді әсер ету.

Құсайынова Индира Бақытжанқызы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қ. Терібаев атындағы орта мектебі.

Мақсаты:

  • Оқушылардың агрессивті күйін қауіпсіздендіру;
  • Баланың бойындағы агрессивті мінездің ғылыми тұжырымдамасымен танысу, түрлерін талқылау;
  • Ой бөлісу, проблемалық сұрақтарды ортаға салып талқылау;
  • Баланың жағымды “Мен” бейнесін қалыптастыру;
  • Психокоррекциялық жұмыстар арқылы баланың сенімділігін арттыру;

С а б а қ   ж о с п а р ы
Кіріспе сөз
1. Танысу (алдын ала анкета)
2. Мини-дәріс

а) «Агрессиялық деген не?»
ә) «Агрессиялық балалардың ата-анасымен қалай жұмыс жасау керек»
б) «Агрессиялық баланың көзімен әлемнің көрінісі»
в) «Агрессиялық балаға қалай кмектесуге болады?»

3. Дөнгелек үстелге арналған сұрақтар және оны талқылау, пікір алмасу
4. Тренинг, ойын-жаттығулар
а) «Көрме» жаттығуы
ә) «Интонация»немесе «Дауыс ырғағы» жаттығуы
б) «Мазақтау» ойыны
в) «Өкпені еріту» жаттығуы
г) «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы

Қорытынды
Кері байланыс (Брейнг-кофе)
С е м и н а р   б а р ы с ы

Кіріспе сөз.

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, әріптестер, бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай күн сайын күшейе түскен мұндай қолайсыз факторлар жеткіншектердің қылмыстық жолға түсуіне де үлкен септігін тигізуде. Сол себепті біз бүгін сіздермен бірге өзіңізге және оқушыларыңызға зиянкестік жасамай ғана агрессивті мінез-құлықты қалай игеруге болатыны жөнінде сөз қозғап, талдау жасаймыз.

1.Танысу

Ең алдымен жұмысымызды бастамас бұрын мына сіздердің алдарыңызға таратылған бланкке назар аударуларыңызды сұраймын. Бұл сіздерге арнайы дайындалған анкеталық сұрақтар, осы сұрақтарға толыққанды жауап берулеріңізді өтінем. (Алдын-ала анкета бланкісін дайындап қоямыз, анкетаны  семинар соңында жинап аламыз).

2.Мини-дәріс

Ал құрметті әріптестер дәрісімізді бастамас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріп көріңіздерші:

  • Агрессия дегеніміз не?
  • Ол қай жастан басталады?

Сонымен «Агрессия дегеніміз не?»

Агрессия (латынның «agressio» – тиісу, ұстама деген сөзінен) шыққан. Қоғамдағы адамдардың өмір сүру нормасы мен ережелеріне қарама-қарсы бағытталған объектіге  қатерін тигізіп тиісу (жанды және жансыз нәрселерге), адамдарға дене зорлығын тидіруші (жағымсыз күйзеліс, іштей  қысым, қорқыныш, басқындық жәнет.б.) мотивацияланған деструктивті мінез-құлық.

Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынастар, қорқытып-үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессиялық әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы ауыр, темекенің иісі бар бөлмедегі агрессиялық әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады. Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін-өзі ұстай алмайтындар агрессивтікөрінеді. Жеке тұлғалардың ішінде ең агрессивті болып келетіндерге мыналар жатады: қызғаншақ, көре алмайтын, шыдамсыз т.с.с. Бұл адамдар жүрек ауруына шалдыққандар.

Әсер етуші факторлар (слайдтан көрсету)

  1. Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке-шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т.б)
  2. Дағдарысты күйге тап болу
    1. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді.
    2. Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалту.

Ежелден белгілі қағида-адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алатын орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – Ата-ана. Өкінішкі орай, кейбір реттерде мекептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге       ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп жатады. Егер ата-*анасының рухани жан дүниесі кедей, мәдениеті төмен болса, ондай адамдардан ақыл-сезімі нашар, жігерсіз нәресте   дүниеге келетіні шындық. Сондықтан қоғам алдында рухани кемелденген адам қалыптасуындағы ата-ананың жауапкершілігі аса зор. Мұғалімдік іс-тәжірибеде ата-аналардан үнемі «балам төбелесе береді, бір орында тыныш отыра алмайды, немесе тақтаға шығып жауап беруден қоқады, не істеу керек?» (слайдпен көрсету) деген сұрақтар жиі қойылады. Ал мұғалімдер қауымынан: «қазірргібалалар өзгеше «қиын» болып кеткен» деген лебіздерді жиі естиміз. Бұл сұрақтарға мектеп мұғалімі, психолог, дәрігер, ата-ана бірлескен іс-әрекет негізінде ғана көмек бере алады. Жалпы «»жақсы адам», «жаман адам», «қиын бала», «дұрыс бала» деген сөздерді қолданғанда абай болу керек, себебі адам дүниеге келгенде ол періште, яғни оған «жаман», «жақсы» «қиын», «дұрыс-бұрыс» деген  жарлық беру мүмкін емес. Сондықтан да, баланың ондай жарлықтарға ие болуына әсіресе отбасындағы тәрбие, сәби шағынан бастап ата-анасының мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінен алған тәлімі үлкен әсер етеді, яғни, оның жасаған қылықтарына қарап «қиын мінез-құлықты» бала атанады екен. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру үдерісінде әсіресе «ерекше» балалар мінез-құлықы өзіне көңіл аудартады. «Ерекше» балаларға әр сыныпта кездесетін: агрессиялық балалар, өте белсенді балалар, мазасыз, ауттылы балалар тобы жатады. Агрессиялық балалардың ата-аналары да агрессивті болуы жиі кездеседі, олар өздері оны сезінбей бой бермейді, сондықтан да олармен тіл табысу өте күрделі.

Мұндай жағдайда көрнекті құралды ақпараттарды жиі қолдана отырып, қолданылатын шараларды жеке-жеке емес, ата-аналар тобымен біріге отырып жұмыс жасаған жөн. Мысалы; ата-аналар жиналысында, нақты бір баланың ғана мінез құлқына емес, жалпы мынадай тақырыптарда әңгіме жүргізу өте тиімді: «Агрессия дегеніміз не?», «Агрессиялық балаға көмек беру мүмкін бе?» және т.б. Сонымен қатар, ата-аналарға, ата-анамен баланың ара-қатынастарын жақсартатын ойындармен ойнауға кеңес беруге болады.

Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, осы орайда, балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез, әдеттерді жою талабы психолого-педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты болмақ.

Болашақ қоғамның негізін – мектеп оқушылары құрайды дейсек, соларға жан-жақты дұрыс тәрбие беріп, білікті азамат етіп өсіру бәрінен де бұрын мұғалімдердің еншісінде.

Агрессивтілік бірнеше феномен арқылы түсініп білуге болады. Сол сияқты агрессивті мінез-құлықты көбінесешетелдік ғалымдар зерттеген. Мысалы, А.А.Реан агрессивтілікті 5 базалық бағытқа бөледі: агрессияның инстинктілік теориясы, агрессивтілік мінез-құлықтың когнетивтік моделі деп. Психолог-ғалымдар агрессияны бірнеше түрге Э.Фромм екі түрлі, яғни «зиянды», зиянсыз» деп бөлген.

Ал З.Фрейд пен К.Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген.

Ал А.Басс пен А.Дарки агрессияны төмендегі 5 түрлі түрін схема түрінде ұсынған. Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән, ал кейде ерте кезеңнен басталады. Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін.

Бүгінгі кино, бейнетаспалардағы қатігездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессиялық деңгейін   арттыруға       себеп болатындығы  қазір ғылыми ізденістер дәлелдеді.

Сонымен қатар жалпы жас өспірімдердің мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар туралы, отандық ғалым А.Т.Ақажанованың «Девиантология» атты кітабында айқын да түсінікті жазылған. Егер қандай да бір агрессиялық қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы  қатаңжазаласа, ол өз ыза-ашуын ата-ана алдында көрсетпей ішіндесақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессиялық қылық көрсететініне кепіл бола алмайды.

3. Дөнгелек үстелге арналған сұрақтар және оны талқылау, пікір алмасу

  • Агрессиялықбаланыңпортреті
  • Сыныптарыңыздаагрессивтібалалар барма?
  • Сізтәрбиелегенбаладанкейінагрессивтіқоғамғақауіптіазаматшығуымүмкін бе?(сізоныңалдын алудыөзіңіздіңміндетіңіздепойламайсызба?)
  • Ашуланған әр баланы  ол “агрессивті бала” деп бірден  айталасыз ба?
  • Агрессивті мінездің пайда болуына қандай факторлар әсер етеді

(Сынып жетекші ретінде өз кінәңізді сезінесіз бе? Егер сыныбыңызда осындай мінезді бала пайда болса, сіз ата-анасымен жеке-дара жұмыс жүргізесіз бе?,Қандай жұмыстар жүргізесіз?, Осыкісінің ойымен келісесіздер ме?)

  • Ата-анаға ашық, бірден баласының агрессивті екенін айта аласыз ба?
  • Сіз сынып сағатыңызда балаларға сурет салдырасыз ба?

(Не үшін, нені білгіңіз келеді?, Сол суреттер арқылы сыныбыңыздағы балалар туралы не айта аласыз?)

  • Сыныбыңыздағы балалардың ішкі дүниесін қандай тәсілдер қолдану арқылы білесіз?
  • Сыныбыңызда тәртіп бұзушылық болса, Сіз оны жасырасыз ба, жоқ әлде дер кезінде психологқа, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға хабарлайсыз ба?

(Неліктен,сіз неден қорқасыз-елдің пікірінен бе, әлде сыныбымды бақылауға алады деп па әлде т.б. жағдайларбарма?)

Қорытынды:

Сондықтан агрессиялық балалардыңмінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс жасалуықажет:

  1. Агрессиялық балалардың өз ашу-ызасын басқаға зияны тиіп кетпейтіндей күйде төмендетуге үйрету.
  2. Балаларды әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, іс-әрекетіне бақылау жасап, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету.
  3. Дау-дамай жағдайларында жағымды қарым-қтынас жасай алуға дағдыландыру.
  4. Адамдарға сену, жаны ашу (эмпатия) сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Дарынды психолог әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» деген қағиданы ұстана отырып, өркениетті заманда жас ұрпақты тәрбиелеуде, психолог мамандармен бірлесе отыра жұмыс жасап, тәрбиенің тиімді болу жағын қарастырған жөн.

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.