Балабақша, бастауыш. Менің жаңа Астанам.

Садирова Назира К. «Білім беруді ақпараттандыру және информатиканы оқыту әдістемесі» орталығының директоры. Шығыс Қазақстан Облысы Жарма ауданы.

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

Еліміз Егемендік алған  жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған,  кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.

25-қазан- Республика күні, яғни Республикамыздың, егеменді еліміздің Тәуелсіздік туралы Декларация қабылдаған күні.  Осы мерекеге, тарихи оқиғаға орай, Қазақстанның Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы он бес жыл бойы   «Қазақстанды таны» сериясы бойынша «Атамекен», «Берік болсын тәуелсіздік тұғыры, шайқалмасын елдігімнің тұнығы», «Қазақстанды таны» (1,2), «Екі дүние есігі», «Ұлы жібек жолы» және т.б. еліміздің Егемендігіне, Отан тарихына арналған әдістемелік құралдарды шарыққа шығаруда. Бұл әдістемелер республикадағы кітапханашылар қауымына, балалар оқуының жетекшілері арасында да үлкен сұранысқа ие.  Қазақстан Республикасының 15 жылдығына орай кітапхана ұсынып отырған  «Туған елім, тірегім» атты әдістемелік құрал осы тамаша серияның заңды жалғасы іспеттес.   Еліміздің егемендік жылдары  қол жеткен табыстары, тарихтағы өзгерістер, Отанымыздың «тар жол тайғақ кешу» жылдарының жаңа қырларын танытатын  құралымызда Қазақстан туралы тың тақырыптар мен жаңа әдебиеттер бойынша сұрыпталған жұмыс түрлері берілген.

Ескерту: Қазақстан туралы, оның тарихына, салт-дәстүріне байланысты шаралар өткізгенде қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды қолдана отырып, «RGB-studio» компаниясының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке тарату мақсатымен әзірлеген «Қазақстанның скиф-сақ алтын жинағы», «Берел қорғаны», «Қазақ киімінің антологиясы», «Қазақстанның көне зергерлік бұйымдары», «Таңбалы» атты мультимедиялық дисклерді қолдануларыңызға болады. Сонымен қатар,  «Қазақфильм», «Хабар» агенттігі, Президент ТРК-сы Отанымыздың бүгінгі тынысы, Елбасымыз туралы жарыққа шығарған «Қазақстан. Тарихы мен бүгіні», «Республиканың бір күні», «Жарияланбаған шеру хроникасы», «Полигон» және т.б. туындылардан бейнеүзінділер пайдалануларыңызға болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тақырыптық сабақ

Бағдарламаның мазмұны: Бүлдіршіндердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет қасиетін қалыптастыру: оның табиғатына, салт-дәстүріне, ұлттық мұраларына деген қызығушылықтарын арттыру. Астана туралы түсінік қалыптастыру, онымен таныстыру.

Қосымша жұмыстар: Бүлдіршіндерге алдын-ала Қазақстанның мәдениеті және табиғаты туралы әңгімелеу. «Астана», «Менің елім Қазақстан», «Менің жаңа Астанам», Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде»  сияқты танымдық, ақпараттық, суретті кітаптармен, қазақ суретшілерінің қазақ халқы туралы салынған суреттерімен таныстыру керек. Қазақ халқының күйлерін, ұлттық әндерін тыңдатып, Қазақстан, Астана туралы жазылған өлең, әндерін, қазақ халқының мақал-мәтелдері туралы балаларға түсінік беріп, мүмкіндігінше жатқа білгендері жөн. Астана қаласының көрнекті жерлері бейнеленген сурет-фотолардан слайд жасап,  шара барысында экраннан көрсетіп отыру керек.          (Құрманғазының «Адай» күйі баяу ойнап тұрады)

Кітапханашы:
Бойкүйездік жат маған,
Елім еркін,
Шат заман!…
Мен: Әлемге-
Тәуелсіз,
Қазақпын,-деп мақтанам!- деп ақын ағамыз жырлағандай  (Ө.Ақыпбекұлы) біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан
Кітапханашы: Біздің Отанымыз-Қазақстан кенді Алтай тауларынан, Ақжайықтың жасыл жағалауына дейін созылады… Біздің жердің қойнауы алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға аса бай. Біздің егістікте бидай мен күріш, сұлы мен тары өседі. Бізде аппақ қардай ақ тақта өсетін аудандар да бар. Көлеміне көз жетпес бақшалардан шырынды алма, алмұрт, жүзім, қара өрік пен сары өрік тереміз…

Осындай кең байтақ жомарт далада ұлы батырлар мен ақындар, саусағынан сан өрнек төгілген зергерлер, шеберлер жасаған. Бүкіл дүниежүзінде ақындар Абай мен Жамбыл, оқымысты Шоқан Уәлихановтың, жазушы Мұхтар Әуезовтің, академик Қаныш Сәтбаевтың есімдері жақсы таныс.

Біздің Республикамызда жүз жиырмадан астам халықтың ұл-қыздары тату-тәтті ынтымақпен жемісті еңбек етеді. Біз қандас болмасақ та, жандаспыз! Қазақстан Республикасы-біздің сүйікті де, ортақ Отанымыз! Отанымызды үлкен бір ақ отау десек, ауылдар-оның уығы, қалалар-керегесі, астана шаңырағы. Сондықтан бір Отанның ішінде тұратын барлық халық бір-біріне туыс. Олар өз отандарын мақтан етеді, жақсы көреді.Балалар, біз неліктен отанымыз Қазақстанды жақсы көреміз?

Балалар: Өйткені, біздің Отанымыз бәрінен де әдемі.
Кітапханашы: Иә,балалар, біз Қазақстанда тудық, бұл елде ана тіліміз -қазақ тілінде сөйлейміз, осы жерде тұрамыз. Бұл жерде бізге жақын адамдарымыз тұрады. Бұл жерде бізге бәрі  ыстық, бәрі жақын.

Қыз бала: Тудым, өстім Отан үшін,
Отанымды сүйем жастан.
Отан үшін-қуат күшім,
Жыр жазамын бір тынбастан.
Отан –қуат, нәр береді.
Отан –ұран, Отан-туым,

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.