Информатика. Шағын жоба: Интернет желісі

Қаражал қаласы Жәйрем №10 жалпы білім беретін орта мектебі.Орындаған: Қажекбер Жарқын информатика пәнінің мұғалімі

Мазмұны
І. Кіріспе 4
1.1 Компьютерлік желі түсінігі. 5
2.1.2. ЖКЖ – нің физикалық негізі. 6
ІІ Негізгі бөлім 9
2.1.1. Желілік программалық қамсыздандыру. 9
2.1.2. Windows XP ОЖ – ң желісі. 10
2.1.3. Ауқымды компьютерлік желі. 10
2.1.4. Интернетпен байланыста физикалық принципі. 13
2.2. Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі 16
2.3 Жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану. 20
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ. 29
ІҮ. Глоссарий 31
V. Пайдаланылған әдебиеттер: 33
Қосымша. 34

І. Кіріспе
Өзектілігі: Қоғам дамуындағы жаңа ақпараттық технология рөлін, адам еңбегінің мазмұнын және өзгеріс сипатын, ақпараттық және индустриалдық қоғамға өтудің алғы шарттарын ашып көрсету. Ақпараттандыру, ақпарат технологиясы құралдарын, әртүрлі жаңадан шығып жатқан бағдарламаларды уақытында интернет арқылы керекті мәліметтерді қарастыру.[1] Мақсаты:
Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі тех-нологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау.Оқушы-ларға компьютерлік желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын беру.
Міндеті:
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушылардың көзқарасын қалыптастыру.
Компьютерлік желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге үйрету.Электрондық пошта жұмысымен таныстыру, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.Компьютерлік желілерді үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Зерттеудін нысаны: Оқушылардың жетістерін бағалау
Зерттеу пәні: оқушылардың компьютерлік сауаттылық деңгейлерін тапсырмалармен бағалау.
Болжам: Оқушылар керекті материалдарды дұрыс іздеу арқылы бағдарламаларды жақсы меңгерсе алдағы уақытта оны дұрыс пайдалану жолдарын қарастыра алады.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушы өз бетімен іздене алады.
• Компьютерде интнрнет желісі арқылы керекті мәліметтерді іздеуді біледі.
• Оқушы білім алуын дараландырады.
• Оқушы белсенділігі мен компьютерлік сауаттылығын дамытады, өз еркімен жеке тапсырмаларды орындай алады, интернет желісі арқылы ақпараттарды іздеу тәсілдерін меңгереді
1.1 Компьютерлік желі түсінігі.
Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. [2] Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.

* Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғы-лар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

* Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді.
1. Жергілікті желі.
* Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.
* Жергілікті желі құрудағы себеп – өндіріс-тік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.
Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі.
Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.
2.1.2. ЖКЖ – нің физикалық негізі.
Жергілікті желінің физикалық негізі.
* Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын (разъем) болуы шарт:
Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған комму-тациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді
Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
ЖКЖ – де ақпаратты тасымалдау үшін төмендегідей физикалық орта қолданылады, ыңғайлы болу үшін байланыс түрлерінің салыстырмалы түрде көрсетілген сипаттамасына көңіл бөлейік.
Интернет сөзі әдетте, желінің физикалық деңгейін білдіреді, яғни бұл сөзбен компьютерлерден, кабельдерден және де мәліметтерді тасымалдайтын басқа құрылғылардан тұратын аппараттық жабдықтамалар жиынын атайды.

ІІ Негізгі бөлім
2.1.1. Желілік программалық қамсыздандыру.
 Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тіл мен – ортақ ереже мен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі тұтынушыға әр түрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген. [3]  Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рол атқаруы мүмкін:
• Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі компьютермен байланысса, онда бұндай компьютер жұмыс станциясы деп аталады.
• Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.
Серверлер әр түрлі қызмет көрсетеді:
• Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);
• Баспадан шығару (баспа сервері);
• Факс мәліметтерін беру және алу (факс – сервер);
• Электронды поштаны алу, сақтау және беру (пошта сервері);
• Сайттарды орналастыру (web – сервер);
Серверлер көрсеткен жұмысты қызмет деп атайды. Бір серверде бірден бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін.
Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін ОЖ –гі сервер құрамындағы программаны қосу қажет.
Сервер қызметіне қатынау үшін жұмыс станциясынан клиент деп аталатын программаны қосу қажет.
Сервері бар, қызмет көрсететін, және клиент компьютерлері бар жергілікті желі «клиент – сервер» технологиясында құрылған желі деп аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады, бұндай компьютерлер тең қызмет атқарады. Бұндай компьютерлерді бір ранголы деп атайды.
2.1.2. Windows XP ОЖ – ң желісі.
Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірнеше рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді анықтай алатын режимге ауысады.
 Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.
2.1.3. Ауқымды компьютерлік желі.
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады.
Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
• Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);
• Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);
• Мәліметтерді беру желілері.
Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады. Кәзіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет (Internet) баршаға белгілі.
Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық.
DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады.
Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді. [4] Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:
І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.
ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.
ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.
ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.
Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.
Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын – кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір – бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі. (Интернеттің шығу тарихын айту қажет) [5] Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.
Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:
• Fidonet – эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған;
• Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)
2.1.4. Интернетпен байланыста физикалық принципі.
Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен интернет – провайдер арқылы байланысады.
Интернет – провайдер – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен қосуға мүмкіншілік жасайды.
Сондықтан клиент компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.
Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады.
Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:
Модем арқылы байланыс.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.
Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL – байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с).
Аумақтық (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.
Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады. [6] Ұялы байланыс арқылы Интернетке шығу технологиясы.
ҰЯЛЫ қатынау. Бұл байланыс көп жағдайда жалпыға ортақ орындарда (аэропорт, қонақ үйі, сауда орындары, офистер, клубтар) қолданылады. Интернетпен жұмыс кезінде ірі компаниялардың, фирмалардың қызметшілері бір орыннан екінші орынға ауысып отыруына байланысты.
Интернеттің көрсететін қызметі. Интернеттің көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең танымал:
• Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;
• Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);
• Әлемдік тор (WWW)
• Интернет арқылы хабарласу (ІР –телефон, немесе VoIP);
• Электронды коммерция және банкадағы есептеу шотын басқару;
• Ақпаратты іздеу (web – бет, файлдар, қолданушылар және т.б.)
• (STRIM – TM) Сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;
• Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер») және т.б.

Электронды пошта.
Қазіргі электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта жәшігіне жетеді. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон құлақшасын көтеріп, керекті нөмірді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын сөзімізді естиді. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Оның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Осылардың бәрі де жер шарының кез-келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек. [7] Электрондық пошта жүйесі:
• қолданушы агенті – әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
• тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
• жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.
Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.
Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға, таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.
2.2. Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі. Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталаған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет. [8] Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.
«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», – деп Дистерверг айтқан болатын.
Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, мұғалім ролін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.
Мектепте компьютерді оқыту процесінде пайдалану мәселесі үлкен пікірталас туғызды. Кейбір адамдар мектепті компьютерлендіру оқушылардың жалқаулығын туғызады, – деп пікір туғызса, ал енді біреулері компьютерді оқыту процесіне пайдалану оқушылардың белсенділігін туғызады деген ойлар айтылды.
Академик А. П. Ершов 80-жылдарды мынадай ой айтқан болатын: «Компьютер – баланың интеллектісін арттырудағы көмекшісі әрі досы».
Бүкіл әлемде мектепте компьютерлер пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: компьютер, біріншіден, оқушыға қарындаш немесе қалам құралы ретінде қолданылса, ал екіншіден, оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын құрал ретінде қолдануға болады.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К. Д. Ушинский: «бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді», – деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар қозғалыссыз, статикалық түрде тұр, қазірде олар ғылыми танымдық түрде болса да, бала жанына жақынырақ ойын түрінде болуы тиіс. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған схема бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады.
Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады. [8] Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бігінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр. Өз тәжірибемізде берілген тақырыпты оқытуда төмендегідей оқыту технологияларын қолданып келеміз.
Атауы Мақсаты Мәні Механизмі
Даралап оқыту Оқушылардың танымдық, шы-ғармашылық ой – өрісін дамыту Оқу -танымдық міндеттерді дәйек-ті және мақсаткер-лікпен ұсыну Ізденістік әдістер; танымдық міндеттер қою, ой операцияларын жүзеге асыру
Модульдік оқыту Оқытуды оңтай-ландыру, жеке тұлғаның ойлау деңгейін бейім-деу Оқушының жеке жұмысын ізденім-паздықпен орын-дауы Мәселелік әдіс, жеке қарқынмен жұмыс
Дамыта оқыту Жеке тұлғаны және оның қа-сиеттерін, ойлау қабілетін дамыту Білімін, біліктілік-терін шығарма-шылық ойлау қабі-леті арқылы әлеу-метін жетілдіру Оқушыларды алуан түрлі ой қызметі түріне тарту
Саралап оқыту Ойлау қабілетін және т.б. қабі-леттерін дамыту-ға оңтайлы жағ-дай туғызу Бағдарламалық материалды әр түрлі жобадағы деңгейде ұсыну, міндетті деңгейден төмен емес Жеке дара оқыту әдістері
Ойын арқылы Білімді, білікті, дағдыны игеру-дің тұлғалық – қызметтік сипа-тын қамтамасыз ету Ақпараттар іздеу-ге, өңдеуге, игеру-ге бағытталған өз бетінше атқарыла-тын танымдық қызмет Шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері
Ойын: Оқушының ішкі, сыртқы, белсенділігін бөле – жара, бір – бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз. Сондықтан А.Макаренконың «бала ойында қандай болса, өмірде де сондай болады, үлкендердің жұмыстағы, қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткерлігі баланың ойынымен тең» деген пікірін шындықтан алшақ деп түсіну қиын.
Ойлау қабілетін дамыту – аса маңызды мәселе, себебі, ол болашақ маманның өзін – өзі танытуға, ойлау еркіндігінің ұшқырлығына, қиялдауға, шығармашылық еңбегінің нәтижелі болуына, ізденімпаздығына тікелей әсер етері даусыз.
Дамыта оқыту.
Бірінші деңгейдің тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады.
Екінші деңгейдің кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойына ойлау, таным, дағдылары қалыптаса бастайды.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтерінің айқын көрінуімен, қисынды ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық әдістермен жұмыстар жүргізеді.
Төртінші деңгей қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы оқушылар ғана көтеріле алады. [9] Біздің тәжірибемізде төртінші деңгейге көбіне көп бір сыныптан тек 3 – 4 оқушы ғана бұл деңгейге жете алды. Бұндай оқушылардың бірнеше сабақты біріктіріп бір жұмысты жасауы үлкен жетістік деп ойлаймыз. Бұл жұмыстарды біріктіріп курстық жұмыстар деп атадық.
2.3 Жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану.
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер.
Бұл сабақтың мақсаты оқушыларға компьютерлік желілер тарауын қайталап, оқушылардың білімін тексеру. [10] Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар компьютерлік желілермен еркін байланыс жасайды;
2. Интернет және оның мәнін, байланыс құралдарын біледі;
3. Электрондық пошта құра алады.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану.
Сабақтың түрі: тест технологиясын пайдалану.
Сабақтың жоспары:
1. Қызығушылығын ояту.
Венн диаграммасын толтыру.
2. Мағынаны тану.
Тест тапсырмаларын орындау.
3. Ой толғаныс.
«Кубизм» әдісі.
Бағалау.
Бірінші бөлімі бойынша оқушылар компьютерлік желілердің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазып, кесте толтырады.

Екінші бөлімі бойынша оқушыларға үш нұсқада тест жұмыстары үлестіріледі.
Тест №1
 1. Ауқымды (глобальды) компьютерлік желіде компьютерлер арасында байланыс орнату үшін мынадай ресурстар қажет:
а) компьютер, модем, желіде жұмыс істеуді сүймелдейтін программалық жабдықтамалар;
ә) компьютер, желілік адаптер, байланыс арнасы (каналы), осыларға сәйкес программалық жабдықтамалар*,
б) компьютер, модем, желілік адаптер;
в) компьютер, телефондық аппарат, интернет – карта.
 2. Модем мынадай қызмет атқарады:
А) Модуляция жасайды (екілік информацияны аналогтық түрге айналдыру)
Ә) демодуляция жасайды (аналогтық информацияны екілік түрге айналдыру)
Б) модуляция және демодуляция жасайды*;
В) сигналдарды күшейту.
 3. Телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір – бірімен қандай хаттамамен мәлімет алыса алады?
А) IP
Ә) ТСР/IP*
Б) ТСР
В) URL
 4. ТСР хаттамасы қандай қызмет атқарады?
А) мәліметтерді бірнеше бөліктерге бөледі
Ә) мәліметтерді жөнелту ісін атқарады*
Б) мәліметтерді бір жүйеге келтіреді
В) мәліметтерді құрастырады
 5. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін … болу керек.
А) компьютер, модем, телефон*
Ә) компьютер, сканер, модем
Б) компьютер, телефон
В) компьютер, модем, принтер
 6. Сервердің бірінші бетіне жазылатын адрес?
А) ІР адресі
Ә) URL адресі*
Б) DNS адресі
В) SRL адресі
 7. Екі желінің мәлімет алмасуының ережелерін, ақпарат форматтарын, принципін анықтау заңдылығы
А) желі торабы
Ә) протокол* (хаттама)
Б) ақпараттық сервер
В) провайдер
 8. Бірдей хаттамаларды пайдаланатын желілерді байланыстыратын компьютер?
А) сервер
Ә) желі торабы*
Б) провайдер
В) протокол
 9. Белгілі бір мәселеге арналған мәліметтер жиыны
А) протокол
Ә) провайдер
Б) телеконференция
В) броузер
 10. Гипермәтінді көру программасы
А) интернет
Ә) броузер*
Б)Netscape Navigator
В) Жергілікті желі
Тест №2
 1.Интернетке кіретін әрбір компьютердің төрт блоктан тұратын өз адресі
А) ІР адресі*
Ә) URL адресі
Б) DNS адресі
В) SRL адресі
 2. Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін беретін желі
А) INTERNET
Ә) ARPANET
Б)WWW*
В)USENET
 3. http://www.soccer.ru/dinamo/rus/index.html адресіндегі index.html нені білдіреді?
А) протокол
Ә) адрестің домендік бөлігі
Б) сервердің каталог аты
В) Wев парақтары файлының аты*
 4. Сервердің сыртқы функциясына не жатады?
А) ақпаратты сақтау
Ә) ақпаратты көру
Б) ақпаратты тасымалдау*
В) ақпаратты көшіру
 5.Желідегі пакеттердің адрестелуін іске асыратын хаттама?
А) ТСР
Ә) ТСР/ІР
б) ІР*
В) URL
 6.Желіге қосылған компьютерлерде қандай адрес тұрақты болады?
А) URL адресі
Ә) ІР адресі*
Б) DNS адресі
В) SRL адресі
 7.Ақпаратты сақтау сервердің қандай функциясын орындайды
А) сыртқы
Ә) ішкі*
Б) ортаңғы
В) ешқандай
 8.Провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын
қамтамасыз ететін құрылғы?
А) сканер
Ә) монитор
Б) модем*
В) процессор
 9.Көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер
А) ақпараттар сервер*
Ә) клиент – сервер
Б) Pentium 2/350 МГц
В) модем
 10. Керекті парақты іздеп табу қай адреспен анықталады
А) SRL адресі
Ә) URL адресі
Б) IP адресі
В) DNS адресі

Тест №3

 1.Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға
А) сервер
Ә) протокол
Б) провайдер*
В) модем
 2. Web сайт жасауға арналған программалау тіліне гипермәтіндік белгілеу тілі
А) HTML*
Ә) HTTP
Б) Pascal
В) Java
 3. Желінің компьютермен байланысы қанша кабель арқылы жүреді?
А) 6 Ә) 3 Б) 2 В) 4
 4. Желінің ақпараттық компонеттері
А) компьютер түрлерінен, олардың құрылғыларынан, байланыс арналарынан, байланыс тетіктерінен тұрады*
Ә) компьютер түрлерінен, олардың құрылғыларынан, тек электрлік тетігінен тұрады
б) компьютер түрлерінен, байланыс арналарынан, механика тетіктерінен тұрады.
В) компьютер түрлерінен, олардың құрылғыларынан, саймандар тақтасынан тұрады.
 5. Web парақтарын қарап отырып, вирус жұқтырып алу мүмкін бе?
А) ия
Ә) жоқ*
Б) кейде
В) дұрыс жауабы жоқ
 6. Электронды почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма?
А) ия*
Ә) жоқ
Б) кейде
В) дұрыс жауабы жоқ
 7. Бір адамның меншігіндегі өзіндік URL адресі бар World Wide Web парақтарының жиыны
А) сайт*
Ә) адрес
Б) торап
В) парақ
 8. Интернеттің дамуы мен таралуы қанша бағытта жүреді?
А) 4 Ә) 3* Б) 2 В) 5
 9. “URL адресі табылмай жатыр” деген хабарлама нені білдіреді?
А) ондай адрес жоқ дегенді білдіреді
Ә) адрестің қажетсіздігін білдіреді
Б) ол әлі аяқталмаған, қате терілген дегенді білдіреді*
В) жауаптар арасында дұрысы жоқ
 10. Бір – бірімен қашықта, мыңдаған шақырымда орналасқан бірнеше жергілікті желілерді байланыстыратын жабық желі түрі
А) корпоративтік желі*
Ә) ауқымды желі
Б) жергілікті желі
В) компьютерлік желі

Осы сабақтың соңында оқушылардың тест жұмыстары тексеріліп, бағаланады. Үшінші «Кубизм» әдісі бойынша кубтың алты қырындағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймыз.
1. Компьютерлік желі неше түрге бөлінеді және әр түрін сипаттаңыздар?
2. Желімен байланыс жасау түрлерін атаңдар?
3. Ауқымды желі қанша даму кезеңіне бөлінеді?
4. Желілермен жұмыс жасаудың тиімділігі қандай?
5. Элекрондық пошта неге қажет?
6. Электрондық адресті құрғанда қандай символдарды қолданады?
Нәтижесінде оқушылар тарауды жақсbr /ы меңгергенін, компьютерлік сауаттылықтары дамығанын, ақпараттық мәдениетінің қалыптасқанын көруге болады. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың желілер байланысы, электрондық пошта, жалпы компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологиясын жақсы меңгергенін көрсетті. Бірақ оқушылар желі топологиясын, байланыстың түрлерін, ұялы байланыс жөнінде түсініктерді әлі де кең түрде қарастыруды қажет етті. Оқушылардың барлығы тестті «4», «5» деген бағаға тапсырып, білім сапасы 100 % көрсетті.

ІІІ. Қорытынды

Соңғы кездегі мектептерде, түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл курстық жұмыстың мақсаты – оқушыларға компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйретеді.
Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Бірақ біз компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін де меңгергендігін білуге болады. Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. Ал сіздің бірнеше компьютеріңіз болса, немесе қашықтағы компьютерге ақпарат жөнелту керек болса, онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Жоспар
• Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
• Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
• Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
• Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
• Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
• Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
• Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

ІҮ. Глоссарий

BBS (Bulleten Board System) – электрондық хабарландыру татқтасы, электронды тақтаның компьютерлік аналогі. Бұл модем арқылы байланысуға болатын компьютерде сақталатын мәліметтер, онда басқаларға арналған хабарламаларды қалдыруға, бұрын жазылған мәліметтерді оқуға болады. Әдетте бұл бейкоммерциялық жүйе болып саналады

Domain – домен. Бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс машинасының басшылық етуімен істейтін информациялық желі қорлары тобы.

HTTP (Hyper-Text Transmission Protocol) – гипермәтінді жіберу хаттамасы. WWW-да клиент пен сервер арасында қатынас болу үшін қолданылатын хаттама.

Броузер – Көрсеткі. Ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалар (кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator)

TCP/IP – Интернет желісіне қосылатын компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

Usenet – бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық жүйелер тобы

URL-адрестері-бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы.Ол – желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті айнытпай қатесіз табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі.

Homepage – Web жүйесіндегі байланысқан мәліметтерді алғашқы іске қосу парағы. World Wide Web жүйесіне саяхатты бастайтын парақ.

WWW (World Wide Web) – Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.

Провайдер (Internet Service Provaider) – Интернетпен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

FTP (File Transfer Protocol) Файлдарды жіберу протоколы– бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.

Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттің тағы да бір қосымшасы,желіде натылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.

V. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 2007. 07.07
2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру тураплы заңы 2003ж
3. Мұхамбетжанова С. Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері». 2006 ж.
4. Г.Ә. Жапарова «Информатика негіздері»
5. Информатика негіздері. № 4, 2006 ж.
6. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов. «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ.» 242 – 380 бет. 2003 ж.
7. Информатика образование. Журнал. № 4, 2006 ж
8. Н.Ермеков, Ж.Караев, Н.Стифутина. «Информатика 7,8 класс.» – Алматы: Жазушы, 2000, – 192 стр.
9. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.
10. Электрондық оқулық.

Қосымша.
Бақылау сұрақтары

1. Интернет қызметі дегенді қалай түсінесіз?
2. Интернет қызметінің қандай түрлерін білесіз?
3. Іздеу сервері дегенді қалай түсінесіз?
4. Домендік есім дегеніміз не?
5. Интернетке қосылу үшін не қажет?
6. Электрондық почта дегеніміз не?
7. WWW дегеніміз не?
8. WWW – ғы браузер дегеніміз не?
9. Іздестіру жүйесі дегеніміз не?
10. Телеконференция дегенді қалай түсінесіз?
11. FTP (File Transfer Protocol) – Файлдарды жіберу протоколы не үшін қолданылады?
12. Чат (IRC –Internet Real Chat) дегеніміз не?
13. Domain – домен дегеніміз не?
14. Провайдер дегеніміз кім?

Практикалық жаттығулар:

вариант№1

1. Қазақстан Республикасы Президентінің серверін тауып көрсетіңіз.
2. Қазақстан Республикасының әнұран мәтінін тауып көрсетіңіз.
3. В.Васнецовтың «Богатыри» деген картинасын тауып беріңіз
«джабог» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз
4. Ч.Абдуллаевтың «Сотвори себе мир» деген шығармасының толық мәтінін тауып беріңіз

вариант№2

1. Республикалық «Жас алаш» газетінің серверін тауып көрсетіңіз
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «2030 жылға арнауының» толық мәтінін тауып беріңіз
3. Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің суретін тауып көрсетіңіз.
4. «кабошон» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз
5.Ш.Айтматовтың «Плаха» романының толық мәтінін тауып беріңіз.

5.Ш.Айтматовтың «Плаха» романының толық мәтінін тауып беріңіз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.