«Жас Ұлан» ұйымы (толық құжаттамасымен).

Педагог-ұйымдастырушы: Рахимбаева Гулайым Абитаевна, учитель русского языка, руководитель, Совета молодых учителей средней школы им. Куата Терибаева, села Кокозек Аксуского района Алматинской области.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «Жас Ұлан» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің

АНТЫ
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен  ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

2- бет

Жас ұландар әні
Әні мен сөзін жазған
Ұ. Ж. Жаналиева
1. Біз ұланы қазақ елінің
Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын,  ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.

Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!

2. Көп білуге ұмтыламыз
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
Жетелейді бізді алға.

Қайырмасы

3- бет
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.

1.2. «Жас Ұлан» – өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

1.3. «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.

1.4. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

4- бет
2. МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ

2.1. «Жас Ұланның»  мақсаты:

–  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

2.2.«Жас Ұланның»  міндеттері:

– Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
– балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
– танымдық жұмыстарды ынталандыру;
– балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
– жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

5- бет

3. ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

3.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:
-тәрбиелік;
– танымдық;
– коммуникативтік;
– әлеуметтік;
– ақпараттық;
– шығармашылық.

3.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:

– азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;
– еріктілік және қол жетімділік;
– ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;
– ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер  мен балалардың бірлігі;
– қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

7 комментариев

  1. Мен Жас ұлан ұйымының мүшесімін.Неге осы ұйымға қабылданған оқушылар міндетті түрде галстук және значок алуы керек?

  2. Мен Жас ұлан ұйымының мүшесімін.Неге осы ұйымға қабылданған оқушылар міндетті түрде галстук және значок алуы керек?

  3. Себеби мектеп акша болмейди сол себептен ар окушы ози ушин тосбелг3 жане галстук алу керек

  4. Себеби мектеп акша болмейди сол себептен ар окушы ози ушин тосбелг3 жане галстук алу керек

  5. Жас улан уйымы бизге не береди и не бермейди??

    • Арай, ұйым сізге егер мектепте жұмыс дұрыс ұйымдастырлса өте көп нәрсе береді. Мысалы көшбасшылық қасеитіңізді ашуға көмегі зор.

  6. Жас улан уйымы бизге не береди и не бермейди??

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.