Мектепшілік тәрбие сағатының сценариі "Ұлы Жеңіске 65 жыл".

Самал Мажитова. Павлодар облысы. Баянауыл ауданы. Майқайың ауылы.  №1қазақ орта мекетбі (2010).

Қатысушылар:

Жүргізушілер, хор немесе вокалды топ, театралды топ, бишілер тобы
Перде жабулы. Сахнада жүргізушілер:ер адам  мен қыз бала

1-жүргізуші: Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды.

2-жүргізуші Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын  бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 65 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда.

1-жүргізуші:
Бейбіт күнге 65 жас болыпты,
Бейбіт күндер әлемге нұр төгіпті.
Содан бері ашық аспан астында
Гүл-гүл жайнап, ұрпақ еркін өсіпті.

3-жүргізуші: Мы отмечаем 65 летия Великой Победы над фашизмом. Вот уже столько времени мы живем под мирным небом! Но никто и никогда не забудет, какой ценой досталась нам Победа, как мы не забываем и тех солдат, кто отдал жизнь ради нас.

1-жүргізуші:             «Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміз ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайталанбауы үшін, оның  сұмдықтарын, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз…

(Перде ашылады. Сахнада мектеп ауласының көрінісі.  «№ 20 орта мектебі» деген маңдайша жазу  және «Жолың болсын, жас түлек!» деген жазуы бар  плакат, ағаштар, гүлдер» И.Дунаевскийдің «Мектеп вальсі» әуенімен бірнеше жұп мектеп бітірушілер би билеп жүреді. Қыздар ашық түсті ұзынырақ көйлекте, кейбіреуі мектеп формасымен жүреді, балалар – ақ көйлек және сұр шалбарда. Фотограф жігіт ортаға шығады, билеп жүрген жастар бәрі ортаға жиналып фотага түсіп жатады. Сол кезде музыка тоқтайды, музыка тоқтағанда билеп жүрген жұптар сахнада тұры тпқалады

Ю.Левитанның дауысы аудиотаспадан қойылады. («Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасына басып кірді…» Дауыс баяулай бастайды да, аудиотаспадан  «Священная война» әні орындалады.

Сахнаның бергі жағында  абыр- сабыр, жылаған қыздар, жігіттер топталып, қоштасып жатады. Сол кезде «№20 мектеп» деген жазуды «Әскери комиссариат» деген жазуға ауыстырып қойылады.

«Священная война» әнінің бірінші шумағы ғана орындалады, сахнаның ар жағынан әскери киім киген ботальон екі жақтан келіп орналасады. Командир сахна сыртында тұрып: 1-1-1 Ботальон, тоқта, 1-2» дегенде олар тоқтайды.

Сахна алдындағы қыздар жігіттермен қоштасып жатады, оларға сахнаның ар жағына әскери киім киген ерлер, оларды шығарып салушы бала- шаға, әйелдер келіп жетеді. Барлығы сапқа тұрып тізіліп кете береді, әйелдер қол бұлғап қала береді.

«Священная война» әні ақырын ойнап тұрады. Сахан сыртында тұрып жүргізушілер хор  тұрып болғанша оқиды

Тазартам жаудан жерімді,
Қарумен алып кегімді.
Қам жеме халқым, ата-ана.
Ұлыңның анты сенімді.
Аттандым жауға қарсы елім үшін,
Отаным, ата мирас жерім үшін.
Көргенше қайта айналып сау болыңдар,
Ата-ана, құрбы- құрдас, үлкен- кіші.
Көргенше қайта айналып ел аман бол.
Кір жуып, кіндік кескен жер аман бол.
Жау жайрап, жан тыныштық тапқанынша,
Жерімде жанды- жансыз бәрі аман бол.

Хор: «Майданға» (Сахна жабылады)

1-жүргізуші:
Аламын деп Москваны
Дұшпан зулап демігеді
Соған бәлкім, асығады
Соған бәлкім желігеді
Мұндай жойқын арпалысты,
Кім бар көрген бұрынды-соң.
Шамырқанды, қасарысты
Беріспеді болаттай сом.
Батальон,
Батальон.

2-жүргізуші:

Неміс фашистерінің шапшаң басып алу әрекетінен 1941 жылдың күзінде Москва қаласына үлкен қауіп төнді. Сол кездегі Кеңестер Одағының астанасын қорғау үшін, бүкіл ел болып, күш жинап,  дерлік қолдарына қару алып жауға қарсы тұрды.

(Сахна ашылады) Сахнада Москва түбіндегі бекініс. Окопта жатқан солдаттар. Автомат, пулемет,зеңбірек. Клочков қолында дүрбісі бар, жан- жақты шолып тұрады. Алыстан атылған оқтың, зеңбіректің, снарядтың дауысы естіліп тұрады.

Клочков дүрбісімен жан- жақты шолып тұрып:
– Бәрекелді!- деп айқайлайды. Басындағы құлақшынын артына қарай сырғытып қояды. Сосын тамсанып:
– Бәрекелді, азамат, біздің артиллеристер! Азамат!- деп айқайлады. Фашистердің қақ маңдайынан соқты –ау!  Қасындағы жас жігітті иығынпан соғып:
– Бауырым, сенде солардай бол, көрдің бе, біздің жігіттерді!

Кенеттен табан астынан аспанды қақ жарып, найзағай жарқылдап отты тілін сумаңдатып, күн күркірегендей көкті жаңғыртып зеңбіректіердің атылған дүмпуі құлақты жарып жібере жаздап естіледі. Клочков және басқа солдаттар бастарын бұғып жата қалысады.

Клочков басын көтеріп:

-Қараңдаршы, жолдастар, қараңдаршы! Жау біздің артиллеристерге барын төгіп, шүйлігіп жатыр. Сұм жау лепіріп тұр. Бұлар бізді аяусыз таптап, өз танктеріне жол ашпақ.

Гүрілдеген самолеттің дауысы естіледі:
– Жолдас, политрук, – дейді оған жауынгер айқай салып, – самолет! Самолет!

Клочков:
-Орын- орынға! Командирлер маған кел!

Клочков:
–         Қазір артиллерия ойнағын тоқтатып, бомбалауды бастайды. Оның соңынан танктерін айдап салады. Гранат пен жанармайды дайындаңдар! Бір адым кейін шегініс болмасын! Жігіттер, гранатты әзірлеңдер! Әрқайсымызға  екі-екі танктен келеді!

Траншеядағы солдаттарды аралап келе жатып:
-әрқайсымызға екі-екіден- деп қайталап қояды.- бұл аса көп емес. Сен тек жақынырақ келтір, ерім!
Жауынгер: – жарайды, жолдас политру. Біреуін мына бумамен жайратсам, екіншісін жанармаймен жайратармын.

Клочков:
–         Сөйт азаматым!- деп оның қолын сілкіп- сілкіп қысады.

Бір мезгілде Клочков сенделіп құлап кете жаздайды. Жауынгер жанына еңкейе жүгіріп келіп:
–         Жолдас политрук! Сіз жараландыңыз ғой деймін! Таңып берейін!
–         Ия, мына бір жерімді бір нәрсе күйіп бара жатқан сияқты. Егштеңе етпес, жазылааар! Тағы да өріп келеді!- деп орнынан тік тұрып, зілді дауыспен:

Россия ұлан байтақ – бірақ шегінуге жол жоқ! Артымызда Москва!- деп атойлап, қолындағы бір буманы танкке қарай лақтырып, құлап кете барады. Сол кезде атылған оқтар, зеңбіректер дауысы гүрсілдеп қоя береді. Тоқтаған кезде бір жауынгер:
–         Жолдас лейтенант! Политрук оққа ұшты!
–         Тез орындарыңа! Ұрысқа дайындалыңдар!  Гранат дайындаңдар!

(Тағы да атылған жарылыстардың дауысы жаңғырып сала ебреді!
–         Лейтенант орнынан  тұрып: – Жолдастар! Біз жақсы жолдастарымыздан айрылдық. Олар асқан ерлік көрсетті. Бізді ерлікке қарыздар етіп кетті! Шегінерге жол жоқ! Артымызда Москва!Достарымыздың қасиетті қаны төгілген жерден бір қадам шегінбеске ант етеміз!

Танктердің гүрілі естіледі! Жауынгерлер гранаттарын лақытырп жаитады, қаза болады.

(Сахна үнсіз қалады. Қаза болған панфилофшылар сол жерде жата береді» Сахнаның екінші жағынан Бауыржан Момышұлы туралы кинодерек үнсіз қосылып тұрады. Жүргізушілер сахна сртында тұрып. «Олар 28 еді» деген өлең жолдарын оқиды.

Көркемсөз оқушы:
Олар – 28 болатын – ды,
28 әлемнен жаратылды
Сол бақыттың иелері
Тігіп өлді
Жауларының басына қара туды.

Шегінуді білмеді
Шегінбеді.
Болашаққа нық болды сенімдері
Ажалды олар құшақтап құлап жатты
Бақытындай бір көрген өмірдегі.

Соғыс деген осындай көңілді ме?
Танк қаптап келеді өмір міне.
Жастығында жалындап жанып тұрып,
Өмір түгіл сүйді олар өлімді де.

Олдар 28 болатынды
28 жалыннан жаратылды.
Танктерді қаптаған қарсы алып тұр
Қарсы алғандай қайғылы қара түнді.

Тасбауыр тырмысып келе жатыр
Ажалдың да барына сенеді ақыл
28 қастүлек түрегелді
Түрегелмей қайтеді,
Өледі ақыр.

Содан кейін дұшпанға қарсы атылды,
Қанша фашист сол жерде жан шақырды.
Көк аспаннан домалап жау ұшақтар,
Қанша танк- құбыжық қаусатылды.

Солай болды,
Батырлар солай өлді
Москва мен құтқарып талай елді
Өлді дейміз,
Өлген жоқ қас батырлар
Бастап берді жеңіске талай ерді.

Солай, солай самғатып жастық ағын,
Шырқатады достық пен жастық әнін
Сол батырлар айналып ағаштарға
Түрегеп тұр түбінде Москваның.

Ән: Кестелі орамал»
Монолог:
1-жүргізуші:
«Соғыс, соғыс, соғыс!» – деп өрт алауы,
Жалай берді аяулы айналамды.
Өртке былғап жерімді, көкке бүркіп,
Өзеуреді өлімнің миналары.
Отты селге әкелер кетті кіріп,
Сұр шинельдің етегін белге түріп.

Дауыс:
Тарих қойнауына еніп кеткен сұм соғыс сол жылдардағы балаларды ерте есейтті.
Сахна қараңғыланады, сахна ортасына сол жылдардағыдай киінген  бала шығады

“Әке, есіңізде ме? Майданға кетерде менің маңдайымнан сүйіп тұрып: “Мә, құлыным, жоғалтпа, -деп бір тал шашыңды жұлып беріп едің ғой.- Жоғалтпа, тығып қой. Мені сағынғанда осы шашты тұтатқайсың. Сонда мен ЕрТөстіктің Шалқұйрық аты құсап жетіп келемін,- деп едің ғой, әке. Мен сенің аманатыңды ұзақ сақтай алмадым. Қырық үшінші жылдың қысында өзіңді қатты сағынып, үй сыртындағы төбеге барып шақпақ тұтаттым. Бір тал шашың лап етіп жанып кетті, бірақ сен уәдеңде тұрмадың, көп күттім, алыста ғой, жете алмай жүрген шығар деп ойладым. Бірақ сен келмедің… Сөйтіп сенің өзіңнен де, көзіңнен де айрылдым, әке. Ендігі көңілге медет етіп келе жатқаным майданнан жазған хаттарың ғана, иә, хаттарың”.

Дауыс:

Балауса пәк көңіл-ай десеңші. “Менің  әкем, менің ағам, менің туысым жеңіспен елге аман оралса екен”,-деген жалғыз ауыз сөз сол жылдардағы сәбилердің жүрек жарды арманы еді ғой. Сол тілекпен, сол сезіммен олар сонау көгілдір жоннан ауылға құлап түсер қасқа жолға қарайтын. Пошташы шалдың хат қалтасына үмітпен, күдікпен көз тігетін.

Бала:

Әке! Әке! Тілдесші менімен, әкешім! Соңғы кезде неге хат- хабар болмай кетті? Әлде хат жазуға уақытың жоқ па? Тым болмаса аманмын, фашистермен мына жерде шайқасып жатырмын деп бір хабарласшы, әке? Сағындым сені, әке!

Сендер соғысқа кеткелі ауыл тіпті өзгеріп кетті ғой. Бұрын ерлер тындыратын істерді қазір біздер істеп жүрміз.

«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп ұрандаған бір адам  «Біз жеңеміз!» деген сөз бізге үлкен күш береді. Сенің хабарсыз кеткенің бізді алаңдатады. Бір жағынан қорқамыз да, апамның сені талмай күтіп жүргенін ішіміз сезеді. Мүмкін ерлігіңіз үшін медаль да алып қойған боларсыз? Құттықтауыма болатын шығар, бәлкім?

Сіздермен бірге кеткен  ағалардан қара қағаздар келуде.

Оңалбай ағам Сталинград қаласын азат етуде қаза тауыпты. Әйелі жынданып кете жаздады. Менімен оқитын Әсемгүл деген қызы үн – түнсіз  жылаумен отырады.  Бізбен көрші тұратын Орынгүл әжені білесің ғой, әке? Соның 4 бірдей ұлынан қара қағаз келді. Байғұстың көзі жастан бір құрғамайды. Біздер барып жұбатқан боламыз. Осы жауластық кімге керек болды екен, әке?

Бала болсам да соғыс мені есейтіп жіберген сияқты. Фашистер неге сонша соғысқа құмар болды екен? Сендер Отан үшін, біздер үшін, арттағы ұрпақ үшін майданның нақ ортасында жүрсіңдер ғой. Ал, олар, сұмырай фашистер не үшін совет адамын, әкесін баласынан, жарын күйеуінен айырады, әке? (Пауза) Аянып қалма, әке! Мен үшін, болашақ ұрпақтың бақыты үшін кездескен жаудың көзін жоя бер. Үйге жеңіспен қайт, әке! Мен сені қатты сағындым! Тезірек аман-сау оралшы, әке!

(Жайлап қыз бала сахнадан шығып кетеді)

Дауыс: Күн өтеді, ай өтеді… Ай оралып жылдар, замандар өтеді… Осы бір “тарих” деп аталатын қасиетті өмір жолын әр кезде әр ұрпақ өзінше түсініп, топшылайды. Оның терең сырын түсінуге, тануға асығады.

Ән: «Әке даңқы»

1-жүргізуші
Майданда қала, дала жатыр жанып,
Моладай үй орнына мұржа қалып.
Жабысып жаралы ана бауырына,
Жас бала шырылдайды мұңын шағып.

2-жүргізуші
Ару жоқ жалын жұтып алқынбаған,
Ана жоқ ақ сүтінен сарқылмаған.
Жауға атқан жаралы жанның қарғыысндай
Жауады Катюша оғы жарқылдаған.

Вокал тобының орындауында «Катюша « әні.

1-жүргізуші

Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған ару қыздар сан жүздеп саналады  ХХ ғасырдың ең қорқынышты соғысында әйел солдат болды.

1-Жүргізуші:

Ұлы Отан соғысында қазақ аруларының жанқиярлық ерліктерін бүгінгі ұрпақ мақтанышпен еске алады. Олар: шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк, ұшқыш Хиуаз Доспанова, танкисші қыздар Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Гүлжамила Талқанбаева, пулеметші Жәмилә Бейсенбаева, майдан дәрігері Роза Момынова, Мәриям Сырлыбаева , т.б.

Сонымен 41-жылдары соғысқа аттанған аруларымыз қандай еді»?

(Сахна пердесі ашылады, баяу музыка қослып тұрады,  сахнада ала- көлеңке жарық болады.Сахнаның тқрінде ескерткіш монумент макеті, алдына  «Мәңгі алау» жанып тұрады. Ескерткіш жанында қолдарында жағылған шырақтары бар солдат киімін киген 6 әйел адам ортада тұрады)

1-қыз
«Отан» деген сөз көкейде жатталып,
Зор шайқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

2- қыз
Жетсек деген арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббатың өлеңі.
Бізді туған күнімізбен құттықтап,
Ешкім бізге гүл ұсынған жоқ еді.

3- қыз
Қызықтың бәрін құрбан ғып,
Ел үшін  күйіп-жандық біз.
Елді ойлап жүріп, жылдардың
Өткенін білмей қалдық біз..

4-қыз
Айқасқа барам өліммен,
Қайтемін жалғыз бас қамын,
Бұрымымды төгілген,
Туған жер, саған тастадым.
Өзіңде қалсын бұрымым,
Хош боп тұр, байтақ қырларым,
Кесіліп қалған қызығым-
Айта алмай кеткен сырларым!

5-қыз
Оқ тиіп сержантқа да, маған дағы
Жаралап екеумізді де кетті тағы.
Алайда, ер жүректі қазақ қызы
Қобалжып қаймықпадым, сынып сағым.
Ілезде жараларын тағы таңып,
Ілгері жылжыдым мен арқаланып.
Тастамай командирді алып шықтым
Қансырап шаршасам да арып-талып.

6-қыз
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан ыстық жас боп тамдық біз.
Жанымызды құрбан еттік осылай,
Біздей ерте солмау үшін жас қыздар.

(Қыздар сахнада қала береді, ақырын әуен қосылады)

Ән: «Әлия»- Омарова Ақсұлу
Вокал тобының орындауында   «Огонек»

(Перде ашылады. Орман ішіндегі алаңқайда жауынгерлер – командирлер, солдаттар, мейірбикелер біреуі жерде жатыр, екінші түрегеп тұр, кейбіреуі ойланып отырады (театралдық топ). Барлығы Ұлы Отан соғыс жылдарындағы әскери киім киген. Орталарында тұмар үстінде  қолында домбырасы бар гимнастеркалы басы таңылған жас жігіт отырады.  Ол алыстағы Ұзынағаштан келген хатты шолып, оны оқып отыр… Бұл жауынгер жігіт ұлы Жамбылдың  баласы Әбіл болатын.)

Сахна сыртында  тұрып оқиды:

1-жүргізуші:
Сағынышты қам көңілмен ұласып,
Күз аспаны бірде күңгірт,
Бірде ашық,
Қыршын қазақ отыр орман ішінде,
Ән серігі – домбырамен сырласып
Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі,
Сағынғаны Алатаудың өркесі,
Сағынғаны Ақжайықтың толқыны
Сағынғаны кербез сұлу еркесі.
(М.Әлімбаев «Бір жас қазақ»)

Жауынгер: (сахнада отырып толқып оқиды) «Жарығым! Сен өз достарың туралы жазыпсың. әрине, олардың бәрін біле бермеспін, көбінің жүзін де көрмеген шығармын, әйтсе де олар да өзіңдей ет-жақыным сияқты болып кетті. Мен олардың ерлігінен көз алмай қадағалаудамын. Әрдайым абыройлы болсын бәрі. Біздің ата-бабаларымыз да қатты айқасты көп өткізген басынан. Батырларымыз бойынан бес қаруын тастамай, айлары мен жылдарын жорықта өткізген. Дені сау, дәті берік жігіттерге соғыс ауыртпалығы сөз бе екен.

Біздің ержүрек жігіттерге ақ басты Жамбылдан сәлем айт. Абыройлы болыңдар, ұлдарым, сендер Отанға, партияға адал қызмет етіп жүрсіңдер, мен бәріңе де ризамын. Ердің ерлігі, жігіттің жігіттігі сыналар шақ бұл.

Әттең, кәрілік! Әйтпесе, үйде отырар ма едім мен? Баяғының батырындай желеулі найза қолға алып, сауыт –сайман асынып, майданға мен де бармас па едім. Менің айтарым осы еді. Мен сендермен біргемін. Жеңіс тез келіп, туған ауылда жолығатын болайық. Әкең Жамбыл»

Ән:  «Дариға,  сол бір қыз» – Кенжебай Алпамыс
(Сахна жабылады)

1-жүргізуші
Үзіліпті талай жастың жас қаны
Қызарып ағыпты ғой жас қаны.
«Отан үшін алға!» деген ұранмен
Жас қырандар сарбаздыққа бастады.

Ән: «Жас қазақ» ———————————————————————–

Әннің ортасында сахнада окопта жатқан солдаттар еңбектеп келе жатады. Бір мезетте Сабит «Отан үшін алға! Ура!» деп айқайлап орнынан тұрып. Жүгіріп келе жатып құлайды. Қалған солдаттар сахнада атысқан болып, жүріп жатады. Ән жалғаса береді, қаза болған жас қазақ ән біткенше сахнада жата береді. Ән біткенде сахна жабылады.

(Сахна ішінде хор тұрып жатады)

1-жүргізуші
Соғыс деген енді бізге қайтып келмесін,
Құдай бізге қиындықты бермесін
Жанарлардан енді күлкі кетпесін
Соғыс деген енді бізге жетпесін.
Қайсарлықпен қорғаған елімізді
Ұмытпайық ағайын ерімізді
Батыр елді біздің есіл сарбаздар
Өле – өлгенше қорғап кеткен жерімізді.

3-жүргізуші
Прошла война, прошла страда,
Но боль взывает к людям
Давайте, люди никогда
Об этом не забудем.
Пусть память верную о ней,
Хранят, об этой муке.
И дети нынешних детей
И наших внуков внуки

1-жүргізуші
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінен қанды соғысқа аттанған ардагер ұстаздар есімі жас ұрпақтың есінде мәңгі қаларсы сөзсіз: Олар: Рақымжанов Мұса, Жанкин Оспанқұл, Әлмұқанбетов Қабыр, Әбенов Сабыр, Мақатаев Олжабек

2-жүргізуші

Отты жылдары майданға аттанған жүздеген майқайыңдықтар ерлік көрсетіп, майдан даласында қаза болды. Енді біразы елге жеңіспен оралып, бейбіт өмірге араласты, бірақ жеңістің 60 –тан аса тойын ойлап, бүгінгі 65 жеңіс көктемін көре алмай кеткен ардагер аталарымызды бір сәт еске алайық.

3-жүргізуші: Почтим память погибшим минутой молчания.
(1 миут үнсіздік)

1-жүргізуші:
Ардагерлер қан майданда талай отты кештіңдер,
Жастық дәурен қызығы жоқ, азап тартып өстіңдер.
Жеңіс күнін көзбен көріп, тойлағаннан бері де.
Ширек ғасыр кейін қалды, естен кетпес ол күндер.
Отты күндер өтті, кетті, ал , ағалар қартайды,
Жылдар жылжып өткен сайын қатарлары ортайды.
Азаймасын дегенменен болмайды екен бұл тағдыр.
Азы қалып, көбі олардың мәңгілікке жантайды.
(((
2-жүргізуші
Шынында да қатарлары сиреңкіреп бара ма,
Деп ойласам көп уайым түседі екен санаңа.
Ақыл айтар асқар таудай ардагерлер япыр-ай,
Осылайша бәрі- бәрі тауысылып –ақ қала ма?!
О, ағалар, азаймаңдар, азаймаңдар әлі де,
Біздің тілек осы ғана ардегрелер бәріңе.
Сендерсіздер төрдің сәні отырсаңыз қалқайып,
Өздеріңді ес көреді осы жұрттың бәрі де

1,2-жүргізуші бірігіп:
cондықтан да қастерлейік майдан кешкен қарттарды
Көңілдерін жабырқатпай бәрін бәрің сыйлаңдар.

Хор:

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.