Математикалық сайыс "Тапқыр достар". 7-сыныптарға арналған.

Павлодар облысы, Май ауданы, Ақжар орта мектебі. Математика пәні мұғалімі Каиыржанова Мадина Маратовна.
«Тапқыр достар» математикалық сайыс.

Мақсаты:
1)      Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру.
2)      Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін, ұжымшылдықтарын дамыту.
3)      Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.

Түрі: жарыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, сөзжұмбақтар, презентация
Барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Таныстыру.
3. Ой сергіту.
4. «Сандар сыры»
5. «Сиқырлы бейне» 6. «Мергендер»
7. «Кім жылдам?»
8. «Ойлан, тап»
9. «Кім шығармашыл?»
10. «Сиқырлы төртбұрыштар»
11.«Лабиринт»

Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!

Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Тапқыр достар» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топ білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.

Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.

Сайыс 9 кезеңнен тұрады. 1.Таныстыру. 2. «Сандар сыры» 3. «Сиқырлы бейне» 4. «Мергендер».

5. «Кім жылдам?» 6. «Ойлан, тап»  7. «Кім шығармашыл?»   8. «Сиқырлы төртбұрыштар» 9.«Лабиринт». Әр кезең  5 ұпайлық жүйемен бағаланады.

І. Таныстыру.

Әр топ өздерін таныстырады.

ІІ. Ой сергіту.

Ойынға кіріспес бұрын сергіту сәтін өткізіп жіберейік.
1)      Екі қолда қанша саусақ бар, он колда ше?(10, 50)
2)      Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1 cағат)
3)      3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)
4)      1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)
5)      Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
6)      Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)
7)      1 т мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма? (тең)
8)      Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)
9)      4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)

ІІІ. «Сандар сыры»

Сайысымыз «Сандар сыры» деп аталады. Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады)

1 топ.
1)      2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
2)      Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3)      Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4)      Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5)      Бір тал кессең, он тал ек.
6)      Бес саусақ бірдей емес.

2 топ.
1)  100 сомын болғанша, 100 досын болсын.
2) Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал.
3) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
4) 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
5)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
6) Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.

IV. «Сиқырлы бейне»

Берілген суреттегі екі баланың су сепкіштеріне қарап, қайсысы суды көп таситының түсіндір, неге? Ойлануға 2 минут уақыт беріледі. (5 ұпайлық жүйемен бағаланады) Сайыскерлеріміз шешімін тапқанша көрермендермен жұмбақ шешейік.

Жауабы: бірдей, себебі су сепкіштің ауыздары бір деңгейде орналасқандықтан, физиканың заңдылығы бойынша су тек қана суқұйғыштың ауызының деңгейіне дейін ғана толтырылады.

Бұл есепті тәжірибе түрінде көрсетсек қайтеді. Мақұл көрсетейік.

V.Мергендер.

Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де- бесінші кезең «Мергендер».

Топ сайыскерлері қойылған сұраққа кезектесіп жауап береді. Дұрыс жауап алынған топқа ұпай қосылады. (5 ұпай)

1) Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)

2) Суда қандай тас болмайды?(құрғақ)
3) “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне –бірі:
–         Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)

VІ. «Кім жылдам?»

Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – келесі сайысымыз «Кім жылдам» деп аталады.

Топтарға жеке карточкалық тапсырмалар беріледі. Шапшаң, әрі дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді. (5 балдық жүйемен бағаланады). Ал біз иллюзия еліне саяхат жасаймыз. (презентация)
1 тапсырма:
1) Жалғастыр:
(a+b)2= 2+2ab+b2)
a3+b3= (a+b)2-ab+b2)
an*am= (an+m)
-11a2b*0,3a2b2= (-3,3a4b3) (1 ұпай)

2) Теңдеуді шеш: 8x-3=5x+6    (x=3) (2 ұпай)
3) Атасының үйіне немерелері келді. Атасы оларға алма алып келді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе бір немересіне жетпейді. Немересі нешеу, алма нешеу?
(3 немере, 4 алма) (2 ұпай)

2 тапсырма:

1) Жалғастыр:
(a-b)2= 2-2ab+b2)

a3+b3= (a+b)2-ab+b2)
an:am= (an-m)
2b2c3*(-4bd)= (-8b3c3d) (1 ұпай)
2) Теңдеуді шеш: x-7+8x=9x-3-4x          (x=1) (2 ұпай)
3)Ең үлкен 3 таңбалы сан мен ең кіші 1 таңбалы санның қосындысын тап. (999) (2 ұпай)

VІІ. «Ойлан, тап»анаграммалар

«Ойлан тап» атты анаграммаларды шешу сайысын басталық. Әріптерді дұрым орналастыру арқылы математикалық терминнің атауын аласыздар. (роаблаап, мсакаио, үпкемөш, лвтьеикра, цналриоа, адмиеан). Жауабы: Парабола, аксиома, көпмүше, вертикаль, рационал, медиана

VIІI. «Кім шығармашыл?»

«Математик болу үшін ақынжанды болу керек»-деген сөзбен келесі сайысты бастағым келіп тұр. Ендеше келесі кезеңге кезек берейік- «Кім шығармашыл?»

Берілген суретке қызықты әңгіме құрастыру. Бұл сайыста әділқазы алқасы қатысушылардың жазған әңгімелерінің мағыналығы, қызықтылығына, жинақылығына  көңіл аударуы тиіс. (5 ұпайлық жүйемен)

ІХ. «Сиқырлы төртбұрыштар»

Шарты сандар астындағы есептерді шешу арқылы, берілген сандарды  ұпайларыңызға қосу мүмкіндігі бар. Топ есептің шешімін дұрыс таба алмаған жағдайда, кезек келесі топқа беріліп, жауап беру мүмкіндігін алады.

X. «Лабиринт»

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын-деп «Лабиринт» сайысын бастаймыз. Бұл сайыста Қызыл жалаушаны тауып алу қажет. Ол үшін сендерге есептер беріледі. Есептерді шешіп жауабын парақтардан табасыңдар. Парақта берілген жауапқа сәйкес қозғалыс маршруты берілген, яғни сыныптың номері. Сыныптан қосымша тапсырмалар алу арқылы келесі қозғалыс маршрутын анықтайсындар. Кім бірінші Қызыл жалаушаны әкелсе, бұл сайыста жеңіске жетті деп саналады.

Тапсырмалар:
1) А және В қалаларының арасы 160 км. А қаласынан шыққан поезд 2 сағат жүрген соң В қаласынан 24 км қашықтықта болды.Поездың жылдамдығы сағатына неше км?
2) Есепте: (-3)3+(42+22)-11

1) Қайықтың ағыспен жылдамдығы 10 км/сағ, ал ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығы 6 км/сағ. 130 км қашықтықты қайық ағыспен қанша уақытта жүзіп өтеді.
2) Есепте: (52+15)-((-2)4+24)

Қорытынды.
Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.

Check Also

mirashbostan000

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.