Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының тәрбиелік мәні.

Мұқаметжанова Жансая Олжабайқызы, Көпсалалы гуманитарлық-техникалық университет колледжі «Тілдер, ӘГП және Құқық»  кафедрасының оқытушысы

І. Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Шәкәрім өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру. Шәкәрім Құдайбердіұлының балалар әдебиетінен алатын орнын айқындау.
ә) Дамытушылық: Студенттердің қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорутыға дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы студенттердің рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, талдау, салыстыру, мәнерлеп оқу, пікірлесу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек сызбалар, кітап көрмесі, тест сұрақтары, үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,  Қазақстан тарихы, әдебиеттануға кіріспе, география, ағылшын, орыс тілі, музыка.

ІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, психологиялық дайындық беру, сабақтың мақсатын хабарлау).

ІІІ Жаңа сабақ.

3.1.Кіріспе (Қосымша 1)

Лекциямызды бастамас бұрын 1-курста «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша  Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасап, қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі екенін дәлелдеген болатынбыз. Есімізге түсірейік.

1. Шәкәрім қай ғасыр өкілі?
2. ХХғ.тарихи жағдай?
3. Шәкәрімнің туған жері?
4. Абай мен Шәкәрім арасындағы байланыс.
5. Отбасы жайлы не айтамыз? (ұлдары Ахат және Зият)
6. Шәкәрімге қандай жала жабылды?
7. Ақын қазасы?
8. Шәкәрімді кім деп танимыз?

(Сурет бар. Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз)

Бүгінгі күнге дейін «Балалар әдебиеті» пәнінің мақсатын, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің асыл қазынасы екендігін, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиетінің жағдайын, ХІХ ғасыр өкілдерінің балалар әдебиетіне қосқан үлесі жайлы айтқан болатанбыз, ал бүгінгі сабағымыздың мақсаты Шәкәрім өлеңдерінің идеясын ашу,рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білу және Шәкәрім Құдайбердіұлының балалар әдебиетінен алатын орнын анықтау (Қосымша 2).

Дәріс жоспары:

1. Шәкәрім өлеңдерінің тақырыбы
2. Балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні
3. Шәкәрім поэзиясының тіл көркемдігі
4. Шәкәрім әлемі және ХХІ ғасыр (Қосымша 3)

ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет пен мәдениет қайраткерлері ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын-жазушы ретінде жұршылыққа кеңінен танылған. Абай заманына бір табан жақын тұрған,екі ғасыр арасын жалғастырушы ірі тұлға. Шәкәрімнің қазақ балалар әдебиетінен алатын орны ерекше, себебі ғасырлар бойы Абай тәлімі адамзатты адастырмай алдына жарық салар шығарданы болса, Абай ізін жалғастырушы адамдық жолын айнытпай танытқан Шәкәрім жырлары бүгінгі жас ұрпақтың бойтұмары іспеттес. Шәкәрімді қазақ халқы ғана емес, басқа ұлт азаматтары да танып, жоғары бағалаған. (Қосымша 4)

Ағылшын ғалымы:  ● «Shakarim agitated the future generation to be industrious, educated, intelligent and cultured. Poet’s lyrics left unforgettable heritage in Kazakh poetry.»

● «Шәкәрім келешек ұрпақты еңбекқор, білімді, саналы, мәдениетті болуға уағыздады.Ақын лирикасы қазақ поэзиясында үлкен із қалдырған.» (Қосымша 5)

Шәкәрім поэзиясының тақырып ауқымы өте кең.

Соның ішінде ойып орын алар тақырып – рухани-адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Қазақ халқы қонақжай, бауырмал халық. Айналаңды дос тұту, бауырыңа тарту-адамгершіліктің жоғары түрі. Осы Шәкәрім өлеңдерінде қалай көрініс тапқан? «Анадан алғаш туғанымда» өлеңін талдау.  «Ынсап, деген аспайды,кем қалмайды» өлеңін магнитофон арқылы тыңдап, идеясын ашу.

Шәкәрімнің ақындық кредосы туған елінің өсуі, өрлеуі, көркеюіне қызмет етуге «мен жетелеп өлемін өрге қарай қазақты» деген ірі мақсатқа,мүддеге сәйкес келеді.Сөз өнерінің құдіретті күші арқылы ақын қазақ қоғамының жақсаруына, адамдардың жеке басының жетілуіне әсер етуді көздеген. «Бостандық таңы атты» өлеңін талдау. (Қосымша 6)

Қазіргі кезеңде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан бәсекеге қабілетті әлемнің 50 озық елінің қатарына қосылуды стратегиялық міндет ретінде таңдап отыр.Ол үшін экономикалық өрендеумен қатар бізге әлемдік жаһандану үрдісінің тасқынына төтеп бере алатындай асқақ рух қажет.Осы асқақ рух Шәкәрім заманынан бастау алғандай. (Қосымша 7)

Шәкәрім өлеңдерінің негізгі объектісі – адам. Ол адамды жақсы қасиеттерге жетелеп, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылады. Адам мінез-құлқындағы салақтық, еріншектік, бойкүйездікті сынады. Ақынның «Сәнқойлар», «Қылжақбас», «Еріншек» деген өлеңдерін талдау.

Ақын ғылым,адал еңбек анық бақ деп біледі.Оны «Жолама қулар маңайға», «Жас өтті тынымсыз» өлеңдерінен байқауға болады.

Адам деген атыңда қалам десең, күн-түн демей ғылым ізде дейді. (Қосымша 8)

Шәкәрім поэзиясының тақырыбы мен тәрбиелік мәнін анықтадық. Үшінші жоспарға көшелік, Шәкәрім поэзиясының тіл көркемдігі.

Шәкәрім өлеңдері уағыз, насихат, ақыл-кеңес түрінде келеді. Көбіне бұйрық райлы етістік формасында кездеседі. Мысалы: «еңбекке шыда», «ебін тап», «өзімшіл болма», «көпті ардақта», «сусыны бол», «арың сатпа» тағы басқалар.

Шәкәрім лирикасын қуаттандырып, нұрландырып тұрған көркемдегіш құралдың бір түрі – теңеу. Теңеу ақын поэзиясында мол қолданылады. Мысалы:
Гауһардай көзі,
Бұлбұлдай сөзі,
Жаннан асқан бір пері.
Жүзі бар айдай,
Мінезі майдай,

Өзгеден артық сол жері.(Жастық туралы) (Қосымша 9)

Сондай-ақ теңеудің «сықылды» сөзінің көмегімен жасалған түрі бар. Мысалы:
Сусағанның сусыны бол
Су сықылды сұп-суық
… от сықылды жылы болсын

Жүзіңіз бен сөзіңіз.. (Қосымша 10)

Ақын поэзиясының көркемдік қуатының бір жағы эпитет шебер қолданылған. Шәкәрім эпитетті қолдану арқылы ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат беріп тұр. Мысалы:

Шын қасиет соларда

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.