Информатика-8. Құжатты пішімдеу §7.4

Омарова Сауле Биболатовна, Физика және информатика пәндерінің мұғалімі, М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Сайқын ауылы Бөкей ордасы ауданы Батыс Қазақстан облысы

Сабақтың тақырыбы:Құжатты  пішімдеу §7.4
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ms Word редакторында құжатты  пішімдеу тақырыбы  бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Тақырып бойынша алған  білімдерін  практикада пайдалана білуге  баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын, ойлау  қабілеттерін, танымдық белсенділігін  арттыру, компьютермен жұмыс істеру шеберлігін одан әрі  қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін практикада пайдалана білуге ықпал жасау.
3. Тәрбиелік: Ms Word  редакторында мәтініді сауатты теру. Жүйелікке,  еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі, тарих.
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, проектор, экран, электрондық оқулық, сабақтың  өту жоспары презентация түрінде дайындалған
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды жинақтап, сабаққа жұмылдыру. Сабақты оқушы мен  мұғалімге ағымды, ынтымақты анық көзқарасты етіп ұйымдастыруға ықпал жасау.
«Компьютер әлемі»-не саяхатқа шығатындығын хабарлау.

ІІ. «Жолбастар»
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары беріледі.
Сұрақтар.

  1. Мәтін  дегеніміз не.? Мәтін түрлері?
  2. Мәтіндік құжат деген не? Мәтіндік құжаттың құрамын негізінде неше мәтінге жіктеуге болады?
  3. Мәтіндік редакторға қандай бағдарламаны жатқызамыз?
  4. Мәтіндік процессорлар деген не? Оған қандай бағдарламаны жатқызамыз?
  5. Microsoft Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  6. 6. Microsoft Word бағдарламасында жаңа құжат құру үшін қандай команданы орындайды?
  7. 7.  Microsoft Word бағдарламасында  құжатты сақтау үшін қандай команданы орындайды?
  8. 8. Microsoft Word бағдарламасында   сақталған құжатты ашу үшін қандай команданы орындайды?
  9. 9. Microsoft Word бағдарламасынынан шығу үшін қандай команданы орындайды?

ІІІ. «Жолсапар»

Жаңа сабақ түсіндіріледі.
ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да  келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті – өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын  азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену  болып табылады. Компьютерді білу –екінші сауаттылық.

Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі.

Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды  рәсімдеу бойынша  жүргізілетін әртүрлі  әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді  құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде  жүргізуге болады.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:

  • әр түрлі қаріптерді пайдалануға;
  • Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ,  жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
  • Беттегі мәтінді туралауға:
  • жоларалық  интервалды орнатуға және өзгертуге;
  • мәтінді бағандарға бөлуге;
  • мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;
  • тізім, құйма және т.б.

Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі  батырмаларды да,  меню командаларын да,  пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.

Пішімдеу  операцияларын  бүкіл мәтінмен де  оның бөлімдері: символмен  сөзбен, жолмен,   абзацпен, бөліммен, бетпен де  жүргізуге болады.  Ол үшін  пішімделетін бөлікті белгілеу керек.

Суреттер бар, толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Пішімдеудің бірнеше  баптауын  бірден өзгерту үшін Формат менюінен  Шрифт командасын орындаймыз.

стиль
– шрифт
– шрифтің размері
– жартылай қарайтылған
– курсив
– асты сызылған
– ортасы бойынша туралау
– оң жақ шеті бойынша туралау
– ені бойынша туралау

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.