Информатика – 9. Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасы §1.15

omarsaule-150x150Омарова Сауле Биболатовна, Физика және информатика пәндерінің мұғалімі, М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Сайқын ауылы Бөкей ордасы ауданы Батыс Қазақстан облысы

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Литерлік шамаларға қолданылатын операцияларды енгізу жіне оқушыларға алгоритмдер мен программаларды құру кезінде осы операцияларды пайдалану тәсілдерін (жолдарын) көрсету;
2. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық  белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеру шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін
алгоритм, программа құруда пайдалана білуге ықпал жасау.
3. Тәрбиелік: Turbo Pascal бағдарламалау тілінде программаны сауатты теру және оны компьютерде орындай білу. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, математика.
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, проектор, экран, сабақтың өту жоспары презентация түрінде дайындалған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа әзірлігін, оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Өткенді қайталау
Өткенді және үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:
• Литерлік шама дегеніміз не?
• Литерлік шамалармен қандай операциялар жүргізуге болады?
• Біріктіру немесе жалғастыру операциясы қалай орындалады?
• Мәтіннің ұзындығы деген не?
• Мәтіннің ұзындығы қалай анықталады?
• Бос мәтін дегеніміз не? Оның ұзындығы неге тең?
• Қиып алу операциясы қалай орындалады?
• Turbo Pascal тілінде литерлік шамалар қалай сипатталады?
• Бір мәтіндерден басқа мәтіндер алу қалай орындалады?
• Turbo Pascal тілінде қиып алу операциясын қандай функция арқылы сипаттайды?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасы сөздің бөлігін ауыстыруға мүмкіндік береді.
Ол қиып алу мен меншіктеу командасы командасын біріктіру арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, А=“маман” болғанда
А[1.3]: =“айр”
Командасы “маман” сөзінің бір бөлігін, бірінші әріптен үшіншіні қоса “айр”-мен ауыстырылады. Команданы орындағаннан кейін А литерлік шамасының мәні “айран” сөзі болады. Мұнда сөздің жаңа бөлігінің ұзындығы бұрынғының ұзындығымен бірдей болу маңызды.
Мысалы, А[1,3]: =“абвгдейка”
командасының мәні жоқ, өйткені сөздің біріншіден үшінші әріпке дейінгі бөлігі 9 символдан тұратын мәтінмен ауыстырылады.

53-мысал. А=“сабақ” екені берілген. А литерлік шамасының мәні меншіктеу командаларын орындағаннан кейін қандай болатынын анықтау керек.
Шешуі
А[1,1]: =“т” А[1,1]: =“т” “табақ”
А[1,2]: =“қа” А[1,2]: =“қа” “қабақ”
А[3,1]: =“л” А[3,1]: =“л” “қалақ”
А[1,2]: =“құ” А[1,2]: =“құ” “құлақ”
А[4,2]: =“ан” А[4,2]: =“ан” “құлан”
А литерлік шамасының жаңа мәні А =“құлан”.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.