Информатика 7. Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы М.Тәжин атындағы орта мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі Гулсамал Нұрымбетова Сағынғалиқызы.

«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді»

(Әбу Нәсір Әл-Фараби)

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының     өзіне керекті мәліметті өзі   іздеп табуына  үйретіп,  олардың  өз оқу  траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат – оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының құзіреттілігін, өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеті мамандар дайындауда үлесі мол.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Бұл мынадай фактілерге байланысты:

–          Оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану;

–          Топтық жұмыс дағдыларын дамыту;

–          Әрекеттерге үйрету;

–          Нақты ситуациялар талдау;

Осы мақсатты жүзеге асыруда  7 сыныпта өткізген «Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру» тақырыбындағы сабағыма тоқталып өтейін.

Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру тақырыбын өткенде оқушыларға Word Pad программасын қалай жұмыс жасау керектігін,оның мүмкіндіктері туралы оқушыларға жақсы мағлұмат беріп оның практикада қолдана білуіне баса назар аудардым.Мазмұнға байланысты сабағымның міндеті: Word Pad программасын әдістерін, программалардың мүмкіншіліктерін  үйренді.Сабағымда СТО,АҚТ  технологиясын қолдандым.СТО ға байланысты айтатын болсам;оқушының ой-өрісі, құзіреттілігі, дүниетанымы кеңейеді,шығармашылықпен жұмыс жасайдыал АҚТ да ақпараттық сауаттылығы қалыптасады.Адамда әлденені түсіну қажеттігі пайда болғаннан бастап, ол ойлануға кіріседі.Ойлау қай кезде де мәселеден немесе сұрақтан, таңқалу, түсінбеу, қарама қайшылықтан басталады.Жаңа материалды түсіндірер алдында оқушыларға қызықты, оларды ойландыратын сұрақтар қоямын, ал олардың жауабы сабақ соңында беріледі.Ал өзекті мәселе бойынша теориялық мазмұнды игеру жолындағы беосенді ізденушілік әрекет бүкіл сабақ барысында жалғасады.Топтық міндет: топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді, тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды, бір – бірін толықтырады, жолдастық қарым қатынасқа түседі:

Пайдаланытын әдістер:ой қозғау,топтастыру,сауалнама;пікірталас

Сабақтың барысы:

1 Қызығушылықты ояту (тақырыпқа дейін ой қозғау)

2 Мағынаны тану( тақырып)

3 Ой толғаныс (қорытындылау)

Содан соң бағалау парағы бойынша бағалап,жеңімпаз топты мадақтап,үйге тапсырма беріледі.Бағалау әр сабақтың құрылымына байланысты өзгеріп отырады.

Класы  7

Сабақтың тақырыбы: Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар
Мақсаттары: Оқушыларға Word Pad Құжатына суреттерді кірістіруді меңгерту.Сабақта оқушылардың ұжыммен жұмыс жасауы,өз ойын еркін жеткізе білуге,шыдамдылыққа,құзіреттілікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
Оқыту нәтижесі -АҚТ меңгерген  құзіретті жеке тұлға қалыптасады. 

-Топта жұмыс жасауды меңгереді;

– Өзін өзі бағалайды;

 

 

Түйінді идеялар

-Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру программасымен жұмыс істеу; 

-жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

– бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

– отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;

-бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

8 комментариев

  1. Амиргалиева A

    Сабак жоспары унаты.Озимнин сабактарыма пайдаландым конилге конарлык.отеееее керемет.тамаша.сизге ризамын.

  2. Амиргалиева A

    Сабак жоспары унаты.Озимнин сабактарыма пайдаландым конилге конарлык.отеееее керемет.тамаша.сизге ризамын.

  3. Аетова Әсел

    Сабақ жоспары өте жақсы әдіс-тәсілмен құрылған, маған өте ұнады. жоспар құру барысында сіздің сабағыңыздан кейбір элементтерді пайдаландым. Балалардың өз бетімен жұмыс жасауы қарастырылған. Шығармашылық табыс тілеймін. Информатиктер жасасын

  4. Аетова Әсел

    Сабақ жоспары өте жақсы әдіс-тәсілмен құрылған, маған өте ұнады. жоспар құру барысында сіздің сабағыңыздан кейбір элементтерді пайдаландым. Балалардың өз бетімен жұмыс жасауы қарастырылған. Шығармашылық табыс тілеймін. Информатиктер жасасын

  5. Қансұлтанова Лаура

    Сіздің сабақ жоспарыңыз маған ұнады. Сабағыңыздағы элоементтерді пайдаландым, үлгі тұтарлық. Керемет сабақ. Жарайсыз

  6. Қансұлтанова Лаура

    Сіздің сабақ жоспарыңыз маған ұнады. Сабағыңыздағы элоементтерді пайдаландым, үлгі тұтарлық. Керемет сабақ. Жарайсыз

  7. Гулсамал! Сабақтарың Кембридж тәсілдерімен құрылған. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі кең тұрғыдан пайдаланылған,бұл тәсіл оқушылар үшін қызықты,әрі тиімді болатынына және АҚТ кең тұрғыда меңгере алатынына
    сенімім мол!!!!!!! Алдағы уақытта творчествалық табыс тілеймін,жұмысың жандана берсін!!!!!!!!!!!!!

  8. Гулсамал! Сабақтарың Кембридж тәсілдерімен құрылған. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі кең тұрғыдан пайдаланылған,бұл тәсіл оқушылар үшін қызықты,әрі тиімді болатынына және АҚТ кең тұрғыда меңгере алатынына
    сенімім мол!!!!!!! Алдағы уақытта творчествалық табыс тілеймін,жұмысың жандана берсін!!!!!!!!!!!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.