Оқытудың белсенді әдістері, білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдері

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы М.Тәжин атындағы орта мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі Гулсамал Нұрымбетова Сағынғалиқызы.

Тақырыбы:«Оқытудың белсенді әдістері, білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдері»

І.Зерттеу  жұмысының өзектілігі; Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың құзіреттілігін, информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру.

ІІ.Зерттеудің мақсаты мен міндеттері;Кәсіби дамудағы жаңа әдістерді енгізу;Жаңашыл инновациялық педагогикалық тәжірибелерді білім беру жүйесіне енгізу және тарату;

ІІІ Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы; Білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдерін үйрету;

IV.Зерттеудің негізі; Оқытудың белсенді әдістері,білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдерін меңгереді,сабақта қолданады;

V.Зерттеу болжамы; «Қазіргі   мектепке  қандай  мұғалім  қажет?»  деген  сұраққа, кәсіпқой  хабардар,  зиялы,  сергек,  жаны әдемі, мейірбан, әрине   ең  бастысы  мықты құзіретті  психолог  болуы  керек  деп   айтар  едім. Жоғарғы  деңгейдегі   психология –    әрбір  баланың   оқудағы  білімі  мен  тәрбие  жағдайына  көмектесіп,  жақсы  жетістіктерге  жетуге   итермелейді. Жеке   адам  болып  қалыптасуына  ықпал  жасайды.

VI.Зерттеу пәні; информатика

VII.Зерттеудің обьектісі; «Оқытудың белсенді әдістері,білім беру үдерісіндегі әрекеттік және құзіреттілік тәсілдерін меңгерту»

VIII. Жобаның ұсыну формасы; зерттеушілік

І. Кіріспе

Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның

жалпы мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті.

( Т.Г. Браже)

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі- «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат – оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.Ақпараттық-пәндік орта ақпараттар ішінен керектісін іздеуге және сонымен өз саласында жұмыс істеуге бағытталған ақпараттық-білім беру  ортасының бір түрі. Кәсіби   ақпараттық орта дегеніміз – кез келген маманның кәсіби талаптарын жүзеге асыра алатын, оның өз мәселелерін басқалармен талқылауына мүмкіндік беретін қазіргі компьютерлік техника және коммуникациялық байланыс құралдарына негізделген көпаспектілі, біріктірілген программалық-ақпараттық нақты орта. Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға  үлесін қосты. Жалпы педагогика, әдістемелер және компьютердің  түйісуінде жаңа бағыт-оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді. Оқу арқылы ақпараттың 10%, тыңдау, көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса, 40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90%. Олай болса мәліметті есте сақтау  қолданылатын әдіс–тәсілге байланысты.Сол әдіс–тәсілдің бірі–әр сабақтарда компьютерді және интерактивті тақтаны  пайдалану. Компьютер және интерактивті тақта  арқылы түрлі суреттер, графикалық сызу, дыбыс, музыка тыңдау, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше немесе өзге  оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.Компьютерлер көрнекі,бейнелі ойлауды,қозғалыстың  ауызша қарым–қатынас машықтары мен әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдеп көрсетеді.Компьютерді оқытуда  қолданудың 2 негізгі бағытын көрсете кететін болсам:

1. Оқу курсындағы жаттығуларды арнайы жасалған ортада орындау.

2. Оқушылар ақпараттық технологиялар негізінде информатика пәнін ғана емес, басқа да пәндерді өздігінен меңгереді.

Ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай-ақ компьютер оқыту бағдарламаларын құру және қолдануды білдіреді. Ол бағдарламаларда дәстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық  үйретушілік логикасы жүзеге асырылады. Мектептегі сабақтар жаңаша ұйымдастырылады және мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгереді.Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет.Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.

ІІ. Негізгі  бөлім

Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа технологиялардың ықпалы, белсенді формалары мен оқытудың әдіс тәсілдері

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін

Баяндамның толық нұсақасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

2 комментария

  1. Аетова Әсел

    Оқытудың белсенді әрекеттері тақырыбындағы зерттеу жобасы жақсы деңгейде жасалған. өз практикамда пайдаландым. Үлгі боларлықтай жоба.

  2. Аетова Әсел

    Оқытудың белсенді әрекеттері тақырыбындағы зерттеу жобасы жақсы деңгейде жасалған. өз практикамда пайдаландым. Үлгі боларлықтай жоба.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.