Геометрия-7. Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі.

Тажиева Маншук Болтасовна, С. Датұлы атындағы №26 орта мектеп Атырау қаласы 2012-2013 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру, қызығушылығын ояту. Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс – саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың өту жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.

Балалар бүгін сабағымызды біз «Сиқырлы бұрыштар» әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхат барысында аялдамаларға тоқталамыз.

І. «Сиқырлы бұрыштар әлемі»
Мұнда сызба бойынша есептер берілген, оқушылар жауап береді.
Барлық жауаптарды алған соң мынадай нақыл сөз шығады:
«Еліміз еңселі болсын десек,
Шәкіртіміз білімді болсын»

Оқушылар, сендер – Қазақстанның болашағысыңдар. Сондықтан сендер бәсекеге қабілетті білімді жастар болып жетілулерің қажет.
∆EFD = ∆MKS
Тең үшбұрыштардың сәйкес элементтері де тең болады

ІІ. “Қызықты сандар қалашығы” аялдамасы .

Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау
АВС үшбұрышында А1В1С1 үшбұрышында
А В С а b c А1 В1 С1 а1 b1 c1
1 40о 3 4
2 30о 6 5
3 3 60о 7
4 30о 45о 8
5 35о 50о 4

Оқушылар сәйкес ұяшықтарға дұрыс жауаптарын жазу керек.

ІІІ. «Білімділер қалашығы» аялдамасы. Бұл аялдамада жаңа тақырып түсіндіріледі.

І. Проблемалық сұрақ:

1. «Үш элементі (екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш) бойынша үшбұрышты толықтырып салуға бола ма?

Сабақтың толық нұсақсын және көрнекілігін көшіріп алыңыз

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.