Информатика-9. Екіөлшемді жиымдар.

raisovbekjan-150x150ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Раисов Бекжан Сергазинович – информатика пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде жиымдармен таныстыруды жалғастырып, паскаль тілінде екіөлшемді жиымға берілген қарапайым есептерді шығара білу керек
Дамытушылық мақсаты: Білім сапасын арттыруға және пәнге деген қызығушылығын іздемпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру
Тәрбиелік мақсаты: Тақырып бойынша өзбетімен жұмыс жасауға, бұрынғы білімді жаңа ақпарат үшін қолдануға мақсатты оқуға баулу
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың түрі: аралас

Ұйымдастыру бөлім

1. Оқушыларды түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу
2. Үй жұмысын сұрау
1. Жиым деп нені айтады?
2. Паскаль тілінде бірөлшемді жиым қалай сипатталып жазылады?
3. Жиым элементтерінің орны қалай сипатталады?
4. Индекс дегеніміз не?
5. Бірөлшемді жиымды программаға қалай енгізеді?
6. Бірөлшемді жиымды экранға қалай шығарады?
7. Жиым элементтеріне қандай амал қолданады?

Жаңа тақырыпты баяндау

Көпөлшемді жиымдар

Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді, ал екі индекс болса-екіөлшемді және т.с.с. n индекс болса, n-өлшемді жиым дейді. Бірөлшемді жиым вектор элементтері, ал екіөлшемді жиым матрица болып табылады.

Осы айтылғандарға сәйкес жиым элементтері былай белгіленеді: А[i], B[i,j], C[i,j,k] және т.с.с., көпөлшемді жиым элементтерін басқаша да белгілеуге болады, мысалы, B [i] [j]. Мұндағы A [j] бір өлшемді жиымның i-ші элементі, оны математикада a i түрінде белгілейді, B[i,j]- екіөлшемді жиымның (кестесінің) i-жолы мен j-бағанасының қиылысында орналасқан элементінің белгіленуі; ал C[i,j,k] үшөлшемді жиым, оның элементін кеңістікте орналас0ан н8кте координаталары (i,j,k) деп қарауға болады.

Типтер бөлігінде екіөлшемді жиым былай сипатталады:

TYPE atau= array [1…n, 1…m] of <элементтер типі>;

Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттау жиі қолданылады:

VAR B: array [1…N, 1..M] of <элементтер типі>;

Көпөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бірнеше цикл операторлары болуы мүмкін. Мысалы, жиым екіөлшемді болса, онда қайталау екі рет, ал үшөлшемді болса қайталау үш рет және т.с.с. орындалады. Демек, жиым элементтерін енгізу немесе экранға шығару үшін цикл операторларын мынадай түрде пайдалануға болады:

for i: = 1 to n do
for j: = 1 to m do
read (B [i, j]);
немесе экранға мәлімет шығару үшін:

for i: = 1 to n do
begin
writeln;
for j: = 1 to m do
write (B [i, j]: 8 : 3);
end.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Pascal-да программалар: 2-лік->10 сан, 10-дық->2 сан, 4 амал, Қазақша жыл.

Барлық программа PascalABC -те тексерілген. №1 Кез-келген ондық санды екілік санау жүйесіне келтіретін программа. program …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.