Технология. Жұмыс орнын даярлау. Матаны пішуге дайындау.

Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы

Сабақтық тақырыбы: Жұмыс орнын даярлау. Матаны пішуге дайындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі:үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары.
Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері, математика.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылырмен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді.
Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді.
Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау.
Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы өң жақа қарайды.
Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі.
Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60 см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды.
Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.
Лекалоларды жайып пішу.
Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады.
Сарамандық жұмыс.
1. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
2. Оқушылардың өз өлшемдерімен жасалған лекалоларын тексеру.
3. Матаны пішуге дайындау.
4. Лекалоларды мата бетіне жаю.

Қорытынды сұрақтар
1. Дикатирлеу дегеніміз не?
2. Матаның өң бетін анықтау әдістері?
3. Матаның түгінің бағытын анықтау?
4. Лекалоны орналастыру бағытын атаңдар?

Оқушы жұмысын бағалау.

Үй тапсырмасы:бұйымды толық пішіп, құрастыру.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.