Информатика-10. «Power Point – тың қажеттілігі қанша?» атты пікірсайыс.

Бірлік ауылы №35 мектеп- гимназиясы, пән мұғалімі: Ұзақова Ә.Қ.

Сабақтың тақырыбы: «PowerPoint – та презентация жасау, слайдтарды безендіру» «Power Point – тың қажеттілігі қанша?» атты пікірсайыс.

Мақсаты: Power Point – та слайдтарды безендіру, дыбыстар қою, анимация қою арқылы презентация жасай білу.
Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, информатика пәніне қызығушылығын арттыру, мамандыққа бағыт бағдар беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікірсайыс(дебат)
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта,слайд, бейнеролик, жақтаушы, даттаушы деп жазылғаз әр топтың өз эблемасы (жақтаушы мен даттаушылардың өзіндік қажетті көрнекіліктері.
Техникалық құралдар: компьютер,мультимедиалық құралдар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Екі топқа бөлу
ІІІ. «Power Point – тың қажеттілігі қанша?»
ІV. Қорытынды.
V. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Power Point – тың қажеттілігі қанша?» атты пікірсайысқа қош келдіңіздер!(Слайд) Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 10 сынып оқушылары білімдерін сынамақ. Олай болса ортамызда отырған«Жақтаушылар» және«Даттаушылар»тобын таныстырайық.

Көптеген тұтынушылар компьютердің  бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар  екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.

Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге  түрлендірген  бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз.

Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді. Мысалы, арнайы программалық жабдықтамалар көмегімен дыбыс жазбаларын түрлендіре отырып, өзіңіз жаңа күйлер мен саздар құрастырып, клиптер енгізіп, айта берсек, өз әуендеріңізді компьютерде орындай да алатын боласыз.

Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне  ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбейіп отырады.

Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте-бірте шаршау  сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы  байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы  азаяды, жүрегі сыздап, жиі-жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды.

Презентация – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін ұсыну.
MS Power Point программасының  әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады.Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі  көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.
Power Point интерфейсін іске қосу.
Бастау®Бағдарламалар®MS Officce®Power Point.

Ең алдымен сіздерге осы пікірсайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Исаева
Математика, информатика, физика пәндерінің бірлестік жетекшісі:
Ж.Қ.Абдирасилова
Информатика пәнінің мұғалімі: Ахметова А.
Информатика пәнінің мұғалімі: Сейтімбетов Ә.

Көрермендерге екі түсті жетон  таратылады.

Компьютер сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабардың.
Үйрену керек бәрін де.
Ақпараттық заманың! –дей отырып пікірсайыстың бағдарламасымен таныстырайын.

1-тур. «Жақтаушы – Электронды әлем», «Даттаушы – Талаптыға нұр жауар » топтарының танысуы.   (3+3 минут)
Әр топ басшылары өздерінің топ мүшелерін, эмблемаларын, таныстырады.

2- тур. Жарнамалау үзінділері (3+3минут)
Жақтаушылар – көктемге байланысты слайдты қорғайды,
Даттаушылар – көктемге байланысты газет қорғайды.

3-тур. «Power Point – тың қажеттілігі қанша?»

«Жақтаушы», «Даттаушы» топтардың өз пікірлері.  Әр топтан  оқушы  өз пікірлерін ортаға салып,  слайд пен презентацияның пайдалы, керек екенін немесе қажет емес  екенін қорғап шығуы керек.

4-тур. Тапсырманы орындау (флипчарт арқылы).
Екі топқа бірдей сұрақ  қойылады. Сөзжұмбақты шешу, дұрыс жауабын флипчарт арқылы жазу.

5-тур. Сұрақ жауап«Кім жылдам» «ПРЕЗЕНТАЦИЯ»
Топ  оқушылары әріп таңдайды, сұраққа жауап береді.

6-тур. Қорытынды«Топтардың шығармашылығы»(3+3минут)
Жақтаушылар – бейнеролик «Наурыз» қорғайды,
Даттаушылар – көрініс көрсетеді.
Енді осымен біздің пікірсайысымыз аяқталды.  Пікірсайыстың басында екі түстен жетон тарқатылған болатын сол жетондарды қай топ жақсы қатысты десеңдер сол топқа дауыстарыңызды беріңіздер. Бұл жетондарды әділқазылар алқасы санайды.

ІV. Қорытынды.

Ендігі кезекті әділқазылар алқасына берейік.  Жарыс болғанан кейін бір топ жеңіледі, бір топ жеңеді. Сонымен қай топтың жеңімпаз атанғанын анықтайық

V. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.

  • Менің елім – Қазақстан.
  • Мен табиғатты сүйемін.
  • Менің отбасым.

– тақырыптарында слайд жасау,оны безендіру, анимация қою, дыбыспен көркемдеу.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.