Информатика-9. Графиктік объектілерді программалау.

raisovbekjan-150x150ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Раисов Бекжан Сергазинович – информатика пәні мұғалімі, Математика пәні мұғалімі   Фаткулина Гүлжанат Мұратқызы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режімде сурет  салу үшін қолданылатын таныстыруды жалғастырып, оқушылар Паскаль тілінде графиктік редактор көмегімен қарапайым сурет сала білуі қажет

Тәрбиелік мақсаты: Тақырып бойынша өз  бетімен жұмыс жасауға бұрынғы  білімді жаңа ақпарат үшін қолдануға, мақсатты оқуға баулу
Дамытушылық мақсаты: Білім сапасын арттыруға және пәнге деген қызығуын, іздемпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру шығармашылық қабілетін дамыту
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Графиктік операторлардың жазылу жолдары, мысал программа, экранның координат жазықтығы
Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй жұмысын тексеру
  3. Өтілген тақырыпты қайталау сұрақтары
  4. Жаңа тақырыпты баяндау
  5. Практикалық жұмыс
  6. Бекіту сұрақтары
  7. Үйге тапсырма беру
  8. Сабақты қорытындылау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Кабинет тазалығы, даярлығын Оқушыларды  түгендеу оқу құралдарын тексеру.
2 Үйге берілген есепті тексеру
Экран бетіне үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек салатын программа құрып келу.

3.  Өтілген тақырыпты  қайталау сұрақтары.
1. Экрандық координаталар жазықтығы қалай аталады?
2. Графиктік редактор қалай іске қосылады?
3. Графиктік режімнен шығу үшін қандай процедура қолданылады?
4. Графиктік режімде экран түсін өзгерту процедурасы қандай?
5. Экран түсімен бірдей болатын тіктөртбұрыш сызу процедурасы қандай?
6. Түзу сызық салу процедурасы қандай?
7. Шеңбер сызу процедурасы қандай?

4.Жаңа тақырыпты баяндау
А) Оқушыларға сабақтың мақсатын айту.

Графиктік оператормен таныстыруды жалғастырамыз және алдыңғы сабақтарда өткен оператормен бүгінгі сабағымызда өтетін оеператорды пайдаланып сурет салуды үйренеміз.

Б) Bar(X1, Y1, X2,Y2: integer);
Боялған тіктөртбұрыш мына процедура арқылы сызылады.
Мұнда ағымдағы түспен іші боялған тіктөртбұрыш сызылады. Бояу түсін SetFillStyle процедурасы көмегімен енгізуге болады.

В) SetFillStyle (Pattern, Color,: word);
Объектінің ішін бояйды, толтыру стилі мен түсін көрсетеді.

Мұндағы, Pattern – толтыру стилі, ол тұрақты немесе нөмір арқылы беріледі.  Кітаптағы 179 беттегі 7.7 – кестесінен толтыру стилін таңдайсыңдар.

Color  – толтыру түсі.
Толтыру стилі тұрақты арқылы жазылады немесе 0 – ден 12 – ге дейінгі мәндермен белгіленеді.

Г) Таңдалған стиль бойынша тұйық фигураның ішін бояйды.
Floodfill (X,Y: integer; Bar: word);
Мұндағы X,Y – фигураның ішінде жатқан кез келген нүктенің координатасы,   Bar – шекара сызығының түсі.

Практикалық жұмыс.
а) Үй жұмысын компьютерге енгізіп, бүгінгі сабақта өткен операторлар арқылы фигураның ішін бояу.

б) Үлгерімі төмен оқушыларға кітаптағы мысалды (180 бет, 2 мысал); компьютерге енгізіп нәтижесін көру.
в) Оқушыларға 2 -3 карточка үлестіру.

г) Қабілетті оқушыға геометриялық фигуралардың (үшбұрыштың, төрт бұрыштың, дөңгелектің) аудан дарын есептейтін программаны құруды ұсыну.

Бекіту сұрақтары:

  1. Тұйық фигуралар ішін бояйтын процедураны атап көрсетіңдер?
  2. Боялған тіктөртбұрыш салатын процедураны айт

Үйге тапсырма:

  1. Бағдаршам суретін салу
  2. Кепірқосақ суретін салу
  3. Экран бетінде доптың қозғалысын келтіру

Қорытындылау.Бағалау

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.